Артерия қан қысымының систолалық мөлшері
Глоссарий
Терминдер
Түсініктеме
Аккомодация
Көздің сәуле сындыру күшінің әртүрлі қашықтықтағы заттарды айқын көруге икемделуі.
Акселерация
Қазіргі балалармен жастардың өсуі мен дамуының ата-аналарының сол жастағы көрсеткіштерімен салыстырғанда немесе өткен ғасырдағы адамдармен салыстырғанда жылдам және ертерек болуы.
Антропометрия
Адамның бойын, салмағын, кеуде шеңберін т.б дене көрсеткіштерін өлшеу.
Артерия қан тамыры
Жүректен мүшелерге және ұлпаларға оттегімен байытылған қанды таситын қан тамыры.
Артерия қан қысымы
Артерия қан тамырларындағы қанның қысымы.
Артерия қан қысымының систолалық мөлшері
Жүрек систоласының соңғы сәтінде байқалатын артерия қысымы, с.б.б.-120мм.
Артерия қан қысымының диастолалық мөлшері
Жүрек диастоласы кезіндегі артерия қысымы.
Биологиялық сенімділік
Биологиялық жүйенің белгілі бір уақыт шегінде ауытқымай, өзгермей қызмет етуі.Биологиялық сенімділіктің көрсеткіші- тоқтаусыз қызмет ету мүмкіндігінің болуы
Биологиялық белсенді заттар
Тіршілік жүйеге әсер ететін химиялық заттар. Бұларға өсімдік не жануар денесінде өндірілетін гормон, фермент, антибиотик т.б. іспетті заттар жатады.
Вегетативтік жүйке жүйесі
Ішкі мүшелердің қызметін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі. Вегетативтік жүйке жүйесінің талшықтары организмнің барлық мүшелері мен ұлпаларын нервтендіріп, трофикалық(қоректендіру) әсер етеді.
Гуморальдық реттеу
Организмнің сұйық орталарында еріген қалыпта болатын биологиялық белсенді заттар арқылы мүшелер мен мүшелер жүйелерінің тіршілігін реттеу жолы.
Дифференциация
Даму барысында организмдегі мүшелердің немесе жеке ұлпалардың құрылысы мен қызметінің ерекшеленуі.
|