Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
сурет. Қалқан серік безінің құрылысы.Содержание книги
Поиск на нашем сайте 1- қалқан серік безі, 2- қалқанша безі.
Паратгормон сүйек ұлпасының ыдырап, кальцийдің қанға шығуына мүмкіндік жасайды. Қалқан серік безінің жұмысы бұзылса не оны алып тастаса, адам тетания ауруына ұшырайды. Тетания кезінде дірілдеудің болатын себебі, организмде кальцийдың алмасуы бұзылады. Кальций жеткілікті мөлшерде қанға түссе, тетания ауруы жойылады. Бүйрек үсті бездері. Бүйрек үсті бездері –қос мүше. Олар оң және сол жақ бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары 6-12 г., әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұратын қос бездер. Қыртысты қабатының салмағы 4,5-10 г, милы қабаты 1,2-2,4 г шамасында болады. Бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабаты 10-нан астам кортикостероидтар тобына жататын гормондарды түзеді. Химиялық тұрғыдан олардың бәрі холестериннің туындысына жатады Физиологиялық қызметіне қарай 3 топқа бөлінеді: а )глюкокортикоидтар; б ) минералкортикоидтар; в) адренокортикоидтар. Бүйрек үсті бездерінің милы қабатының гормондары негізінен екеу: адреналин және норадреналин. Адреналин бүйрек үсті безінде ғана, ал норадреналин басқа мүшелерде де пайда болады. Жас ерекшеліктері: Жаңа туған нәрестенің қыртысты қабаты милы қабатынан көбірек болады. 1 жастағы баланың безінің қыртысты қабаты милы қабатынан 2 есе қалың. Тек 10 жасқа жақындағанда милы қабатының без ұлпасы тез өсе бастайды да, қыртысты қабаттан асып түседі. Бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатының өсуі 11-12 жасқа дейін аяқталады, ал милы қабатының өсуі 6-20 жасқа дейін созылады. Жалпы алғанда бала туғаннан кейін оның безінің қыртысты қабатының ұрықтық кезде пайда болған ұлпаларының орнына жаңа клеткалар өніп, ескілері солып, жойылады. Бездің салмағы 2-3 аптаның ішінде 2 есе азаяды. 6 айға толғанда ұрықтық қыртысты заттар 3 есе кеміп, жаңа клеткалары көбейеді де, 7 жасқа дейін жетіледі. Милы қабаттың хромаффиндік клеткалары 3-4 жаста дифференциацияланады да тез өсе бастайды. Осы мерзімнің ішінде милы қабаттың жалпы салмағының 28 - 29 % қалыптасады. Содан соң 8 жасқа дейін өспейді де қалған мөлшері 8-10 жас аралығында тез өсіп, одан әрі ақырындап, жалпы өсуі 16-20 жасқа дейін созылады. Бір жастағы балалардың хормаффин ұлпалары адренелинді жақсы өндіреді. 6-7 жаста норадреналин мен дофаминнің қанға шығуы күшейеді. Ал қыз балаларда 9 жаста, ер балаларда 10-11 жаста адреналиннің мөлшері екінші рет үстем болады. Қыртысты қабаттың без клеткалары 9-11 жаста қайтадан күшті өсе бастайды да, 11-12 жаста толық өсіп жетіледі. Ұйқы безі (pancreas) қарынның астыңғы жағында орналасады. Ұйқы безінің салмағы 70 – 80 г, ұзындығы – 20см, ол бас (caput), дене (corpus) және құйрық (cauda) бөліктерінен тұрады. Ұйқы безінің бас бөлігі ұлтабардың иініне кірігіп, кең де жуан болып орналасады. Оның денесі І бел омыртқаға көлденең келіп, асқазанның арты қабырғасына жанасып жатады, ал құйрық бөлігі сол жақтағы бүйрек пен толаққа жетеді. Ұйқы безінің жас ерекшелігі. Нәрестенің ұйқы безі өте кішкентай ұзындығы 4 – 5см, салмағы 2 – 3г, ал 4 – 5 айда екі есе, 3 жаста – 20г, ал 10 жаста – 30 грамға жетеді, ұйқы безі аралас сөлініс безге жатады. Ол әрі ішкі (эндокриндік), әрі сыртқы (экзокриндік) секрециялық қызметін атқарады. Сыртқы секрецияық қызметіне ас қорыту ферментін өндіру жатады. Бұл процесті ациноздық клеткалар тобы атқарады. Ұйқы безінен пайда болған сөлдің (сілтілі реакция) асқорытуда маңызы зор. Сөлдің құрамындағы трипсиноген ферменті ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай сіңімді амин қышқылдарына айналды. Ұйқы безінің сөліндегі липаза ферменті майды глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза ферменті дисахаридтерді моносахахридке, яғни глюкозаға айналдырады. Осы сөлдің құрамындағы лактаза ферменті сүттің қанты лактозаны моносахарид галактозаға ыдыратады. Оның он екі ішектегі сөлдің рН 7,5 – 8,5 тең. Бірақ қарыннан келген ас қоймалжыңы оның белсенді сілті реакциясын рН 4- 6 ға дейін төмендетеді. Адам ұйқы безі тәулігіне 2 литрге жуық сөл шығарады. Ішкі секреция қызметін Лангерганс аралшықтары атқарады. Ең алғаш аралшық клеткаларды дербес 1869 жылы Лангерганс ашқан, сондықтан оның құрметіне осы клеткалар тобын Лангерганс аралшықтары деп атаған. Ұйқы безінің эндокриндік ролін алғаш рет 1881жылы Улезько – Строгонова көрсетті. 1889 жылы Меринг – пен Миниковский жануарлардың ұйқы безін алып тастағанда оларға диабет ауруының белгілері пайда болып, қан мен зәрдің құрамында қант мөлшері көбейген (гипергликемия, глюкозурия). Ал 1901 жылы А. В Соболев диабет ауруын аралшық клеткаларды алып тастаса ғана дамытатынын анықтады. Бездің сөл бөлетін өзегін байлап тастағанда оның секреті жиналып, қысымы күшейеді де экскреторлық ұлпалар бұзылады, ал аралшық ұлпалар өзгеріссіз қала береді. Мұндайда диабет ауруы пайда болмаған. 1920 жылы Канадалық дәрігерлер Бантинг пен Бест ұйқы безінің аралшық клеткаларының таза тұнбасын алып оны алғаш рет диабет ауруымен ауырған адамды емдеуге қолданған. Сол үшін екеуіне Нобель Ұйқы безінің дамуы балаларда 1 жастан 5-6 жасқа дейін жақсы дамиды.Мұның физикалық көрсеткіштері 11-13 жаста, ал қызметі 15-16 жаста ересектермен теңеседі. Ұйқы безінің гормондары – инсулин, глюкагон, липокаин. Патологиясы. Қандағы глюкоза мөлшерінің қалыпты деңгейін ауытқуы патологиялық көрсеткішке жатады және оны гипо- немесе гипергликемия деп атайды. Егер қандағы глюкозаның концентрациясы 0,5 г/л дейінгі деңгейге төмендесе терлегішітік, тахикардия, ашқарақтық және қозғыштық пайда болады. Егер глюкоза мөлшері одан әрі төмендесе – гипогликемиялық комаға ұласады. Гипогликемиялық кома негізінде адам есінен танады, ақыры өлімге әкеліп соғы мүмкін. Мұндай жағдайда организмге глюкозамен глюкагон гормонын енгізу арқылы ғана адамды гипогликемиялық шоктан шығарып алуға болады. Қандағы глюкоза көлемінің қалыптан тыс көбеюін гипергликемия деп атайды. Гипергликемия инсулиннің жетіспеушілігінен туындайды. Ондай науқасты қант диабеті деп атайды. Диабет деген атау гректің ″diabaino″- бірдеңеден өту, сезілу деген сөзінен шыққан. Қант диабетіне шалдыққан кезде қанда қант деңгейінің көтерілетіні 1935 жылы анықталды.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 68; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.01 с.) |