Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Терінің қатерлі ісіктеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте Папиломалар. Бұл өте көп кездесетін эпителиалдық залалсыз ісік. Папилома (себореялық немесе кәрілік сүйел, сенилдік кератоз) мосқалдау және қарт кісілерде кездеседі. Жастарда өте сирек кездеседі. Көбінесе терінің жабық жерлерінде орналасады, кейде бетте, бастың шашты бөлігінде. Папилома -эпителийдің бүршікті ұлғаюы. Пішіні дөңгелек, кейде сопақтау, түсі сарғыш-қоңырқай түйіншек. Беті кедір-бұдыр, кейде қалың қабықпен жабылған, диаметрі 3-4 мм-ден 3-4 см-ге дейін, теріден көтеріңкі жатады. Емі. Сұйық азотпен емдейді немесе криотерапия, диатермо-коагуляция жүргізеді. Фибромалар мезенхиманың залалсыз ісігі қай жаста болса да дамуы мүмкін. Әр жерде орналаса береді. Теріде шар тәріздес, тығыз, үлкендігі жасымықтың көлемінен орман жаңғағына дейін, кейде одан да үлкен түйіншектер шығады. Олар теріден сәл көтеріңкі көрінеді, саны біреуден бірнешеуге дейін болуы мүмкін. Емі. Хирургиялық ем қолданады. Липомалар. Май ұлпасынан түзілген ісік. Көлемі әр түрлі, тығыздығы - жұмсақтау. Терінің қалыңдығында орналасады, сондықтан оларды қолмен басқанда ғана байқайды. Олар айналасындағы ұлпалармен жабыспайды, бөлшектеніп тұрады, жылжымалы, ауырмайды. Саны әр түрлі, көбінесе ондап саналады. Емі. Хирургиялық ем қолданады. Невустар. Бұлар нейроэктодерманың туындысы, меланоциттен тұратын пигменттік ісік. Олар жаңа туған нәрестелерде (туа біткен) болады және бірнеше жыл өткен соң жыныстық жетілу кезінде, кейде одан да кеш шығуы мүмкін (жүре пайда болған). Невустардың клиникалық ерекшелігі - олардың жиі кездесетіндігімен және қатерлі ісік - меланомаға ауысатындығымен байланысты. Невустар әр түрлі көлемді пигменттік дақтар немесе сәл көтеріңкі жазық түйіншектер сияқты. Шекаралық пигменттік невус -қоңырқай немесе қара дақ. Беті кейде тегіс, кейде қабыршақтанып және ұлпа түкпен жабылып тұрады. Көлемі бірнеше мм-ден 1-2 см-ге дейін, әр жерде орналасады. Невустар өте жиі қатерлі ісікке айналады. Оның қатерлі ісікке ауысу қауіпін дәлелдейтін белгілерге мыналар жатады: а) көлемінің өсуі; б) сіңбенің пайда болуы; в) пигментінің көбеюі; г) төңірегінде ұсақ пигменттік дақтардың пайда болуы; д) невустың айналасының қызарып, ісінуі; с) субъективті белгінің пайда болуы; ж) айналасындағы лимфа бездерінің үлкеюі. Егер осы белгілердің ең болмаса біреуі пайда болса, невусты айналасындағы сау терімен қосып кесіп алып тастайды. Ангиомалар. Әр түрлі тамырлардан (қан, лимфа) тұратын ісік. Көбінесе гемангиомалар кездеседі. Қыл тамырлық гемангиома әр түрлі көлемді және пішінді, түсі қызғылт немесе қызғылт-көкшіл дақ. Диаскопиялық зерттеуде бозарып көрінеді. Әдетте бетте сиректеу, денеде орналасады. Жұлдызды түрінде — кішкентай қызыл түйіншек шығып одан сәуле сияқты шашырап тұратын бұтақшалар көрінеді. Бұл түрі көбінесе бетте орналасады. Үңгірлі түрінде (кавернозды) - терінің ішінде жататын шектеулі түйін пайда болады. Көлемі бұршақтың үлкендігіндей, кейде одан да үлкен, беті кедір-бұдыр. Үстірт орналасса көкшіл-қызыл түсті; терең орналасса – көгілдір түсті болады. Басқанда төмен түседі, жөтелгенде үлкейеді. Емі. Жұлдызды гемангиомада диатермокоагуляция, гальванокаустика қолданылады. Үңгірлі түрінде диатермия, электролиз, криотерапия қолданады. Кейде хирургиялық ем, рентген және радий сәулелерін де қолдануға болады. Келоидтар. Кейде хирургиялық операцияның тыртығының үстінде немесе күйіктің тыртығында, кейде дерматофибромаларға тән ішкі себептерден пайда болуы мүмкін. Олар теріден көтеріңкі тұрады, дөңгелек немесе сопақша, тығыз, беті жылтыр, тегіс. Әр жерде орналасады. Кейде бетінде телеангиэктазияларды көруге болады. Емі. Хирургиялық ем жүргізіледі. 2% калий йод, 2% хлоры магнезия ерітінділерін ионофорез арқылы қолданады. Лидаза, трипсин, химопсин қолдану жақсы нәтиже береді. Базалиома ең жиі кездесетін ісік. Еркектерде де әйелдерде де көбінесе мосқал және орта жастағы адамдарда кездеседі. Базалиома метастаз бермейді, жергілікті деструкциялық әсер беретін ісік, сондықтан ұлпалардың едәуір бұзылуы байқалады. Базалиомалар өте баяу өседі, кейде көп ай, жылдарға созылады. Мұның бірнеше түрі бар: үстіртті және инвазивтік. Екеуі де тегіс немесе жарты шар тәріздес, диаметрі 3-5 мм, тығыз, түсі сәл қызғылт түйіншектен басталады. Бұл кезеңінде субъективті белгілер жоқ. Түйіншек баяу өсіп бірнеше ай немесе 1 жылдан кейін 5 теңгенің көлеміне дейін жетеді. Ортасы ыдырап, жұқа қанды қабық түзіледі, астында үстірт, тез қанайтын, ауырмайтын эрозия немесе жара байқалады. Оның шет-шетінде қызғылт түсті тұтас жататын тығыз түйіншектерден тұратын белдеу байқалады. Егер ұлпаның бұзылуға бейімі әлсіз болса, біртіндеп алақанның көлеміндей және одан да үлкен, беті қабыршақтанған, жіңішке белдеумен қоршалған үстірт табақша пайда болады. Базалиоманың үстірт түрі жай үлкейеді, жара үстірт қалады, дерманың тереңіне таралмайды. Жараның бір бөлігі тыртықпен жазылады, ал басқа ошақта ісік біртіндеп ыдырай береді. Пайда болған жаралардың өздігінен тыртықтану мүмкіндігінен базалиома тері рагінен ажыратылады. Базалиоманың инвазивтік түрінде жаралар астында жатқан ұлпаларды жаралап сүйекке дейін жетеді, өте қатты ауырады. Асқынған жағдайда науқас қансыраудан, қосалқы жұқпадан өледі. Диагнозына биопсия жасайды. Емі. Үстірт бір немесе көп базалиомаларды диатермокоагуляциямен, сұйық азотпен және ісікке қарсы майлармен емдеуге болады (колхамин, проспидин майлары). Терең түрлерінде сәулемен емдеуге болады. Жалпақ клеткалық рак.Сирек көбінесе еркектерде кездеседі. Ісіктің тез өсуімен, жиі аймақтық лимфа бездеріне және алысқа метастаз беруімен ерекшеленеді. Терінің әр жерінде дамуы мүмкін, бірақ көбінесе табиғи тесіктердің терісі шырышты қабыққа ауысатын жерінде (ерін, жыныс мүшелері) және ауыз қуысының шырышты қабатында орналасады. Лейкоплакияда, созылмалы жараларда, сәуле дерматитінде, күйгеннен қалған тыртықтарда жиі пайда болады. Теріні ұзақ уақыт канцерогенді химиялық заттармен (мышьяк, бензопирен) тітіркендіру әсерінен де пайда болуы мүмкін. Ауру терінің қалыңданғанынан, тығыз, шектелген түйін немесе тез үлкейетін тегіс сіңбе пайда болудан басталады. Басында беті қабықпен немесе қабыршақпен жабылады. Кейде сүйел тәрізді бұдырланып тұрады, субъективті белгі болмайды. Тез арада, бірнеше айда түйін терінің тереңгі бөлігіне және гиподермаға өтеді де үлкейеді, ірі ісік құрады. Экзофидті-папилярлық түрінде ісік теріден биіктеу көтеріліп бір уақытта тереңіне қарай өседі, содан қатаяды да қозғалысы азаяды. Кейін ісік шіріп жара басталады. Басқа жағдайда ісік алдымен тереңге өсіп ыдырап жара пайда болады. Жараның түбі кратер тәріздес, шеті иректі, көтеріңкі. Түбі кірленген сұр қабықпен жеңіл қанайтын саңырауқұлақ тәріздес массалармен жабылады. Кейде мүйізді түйіншектер көрінеді. Жараның өз бетімен тыртықтануға бейімі жоқ, емсіз көлемі үлкейіп, сүйекке дейін тереңдей береді. Бұл кезеңде қатты ауырады, тиісті мүшелердің қызметі нашарлайды, қосалқы жұқпа, кахексия байқалады. Емі. Хирургиялық ем, электрохирургиялық тәсілмен лимфа бездерімен бірге сылынып тастайды және радий, рентген сәулелерімен емдейді. Меланома.Меланома базалиомамен жалпақ ұлпалық рагінен анағұрлым кіші, бірақ өсуінің екпінділігімен, метастаздарының тездігі жоғары. Кейде пигменттік невустың орнында пайда болады, оның диагнозын анықтау әдетте қиын емес. Ал егер бұрын өзгермеген теріде шықса диагнозын қою қиындау болады. Меланома саңырауқұлақ тәріздес, көлемі бұршақтан жұмыртқа үлкендігіне дейін, жеңіл қанайтын, беті тегіс немесе кедір-бұдырлы түйін, қою қара түсті. Көп кешікпей лимфа арқылы метастаздар өткендіктен ісіктің қасында тығыз, жарты шар тәріздес пигменттік түйіншектер шығады. Одан соң терінің барлық жерлерінде ретсіз таралған, көптеген метастаздар пайда болады. Уақытында емдемесе қан арқылы ішкі мүшелерге де метастаздар жайылады. Диагностикасында жай биопсия аса дәлелді емес. Сондықтан тиісті зерттеу және кешенді емдеуге ауруды онкологиялық диспансерге жіберу керек. Гипергидроз.Тершеңдік көбінесе шектеулі түрінде кездеседі: алақанның терісінде, табанның және бақайлардың арасында, қолтық астында, шапта. Теріден ұнамсыз иіс сезіледі. Науқастың тазалық сақтамауынан тершеңдік базданумен асқынуы мүмкін. Тері қызарып, мүйізді қабат базданып, сыдырылған эрозия пайда болады, кейде пиококтық асқынуда дамуы мүмкін. Науқаста күйдіру сезімі байқалады. Этиологиясы: жүйке жүйесінің, әсіресе вегетативтік жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы себеп болады. Кейде табанның тершеңдігі жергілікті себеппен байланысты болады (резеңке аяқ киім, синтетикалық шұлық). Емі. Алдымен өздік гигиенасын сақтау қажет - күнде жылы сумен жуып, құрғату керек. Теріні 2% салицилді, танинді спиртпен сүртіп, 10% борлы опаны себу керек. Қазіргі кезде әр түрлі дезодоранттарды да қолдануға болады.Табан тершеңдігінде теріні 5-10 % формалин ерітіндісімен сүртеді, 5-6 күн үзіліс жасап, қайта бастайды, сөйтіп бірнеше курс емдеуге болады. Кейде мынадай құрамды қолдануға болады. Сонымен бірге жүйке жүйесінің тонусын көтеруге бағытталған ем жүргізеді, кальций препараттарын, бром препараттарын, В1 витаминін. Сумен емдеуде қолданылады. Спортпен шұғылдану, гимнастикамен айналысу пайдалы. Бақылау сұрақтары: 1. И.П. Павловтың анализаторлар туралы ілімі. 2. Көру талдағышының жалпы құрылысы. 3. Көру өткірлігі және кемшіліктері. Жақыннан және алыстан көру. 4. Есту талдағышының жалпы құрылысы. 5. Вестибулярлық аппараттың қалыптасуы, дамуы. 6. Иіс талдағышы маңызы, құрылысы, қызметі. 7. Дәм талдағышы, оның маңызы. 8. Тері талдағышының сезгіш бөлімі. 9. Сезім мүшелерінің гигиенасы.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 73; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.012 с.) |