Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дене шынықтыру гигиенасыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Шынығудың маңызы.Организімнің шынығуы деп температураның күрт өзгеруіне және басқа да метеорологиялық жағдайларға қарай оңай тұрақтылығының артуын айтады. Табиғат жаратылыс күштері- ауа, су – дененің үстіңгі жағына ықпал жасай отырып, тері қыртысының негізгі қабатындағы клеткалардың жылдам көбеюін туғызады, мұның өзі терінің қалыңдауына және биологиялық активті заттардың қарқынымен пайда болуына алып келеді. Бұл заттар қанмен бірге барлық мүшелерге таралып, олардың қызметін күшейтеді. Бүкіл организмнің қызметіне ықпал етуде тері рецепторларының, әсіресе суық және жылу рецепторларының сол жерде тітіркенудің маңызы одан да жоғары. Сондағы пайда болған, көбі терморегуляцияға байланысты болып келетін афферентті импульстардың ағымы рефлекстердің көзіне айналады және орталық жүйке жүйесі қозуының күшеюіне, сөйтіп жалпы зат алмасу процестерінің артуына алып келеді. Табиғаттың жаратылыс күштерін жүйелі (тым асырып жібермей) пайдалану адамның бұлшық ет және ойлау жұмыс қабілетін арттырады, сондай-ақ жұқпалы аурулардың жұғуын төмендетеді. Организмді сыртқы температураның өзгеруіне, әсіресе оның төмендеуіне дағдыландыру, терідегі тамырлар реакциясының өз бетінше жаттығуы іспеттес болып келеді. Шынықтырудың нәтижесінде организмде болатын өзгерістер, біртіндеп және баяу дамиды. Егер организмді сонау жас кезден шынықтыратын болса ғана, жоғары нәтижеге жетуге болады. Шыныққан балалардың, әдетте денсаулығы, тәбеті жақсы, салмақты әрі ұстамды болады, сергектілігімен, жарқындылығымен, жұмысқа қабілетілігімен ерекшеленеді. Шынықтыру ережелері.Шынықтыру шаралары жағымды нәтижелер беруі үшін, оларды қолданудың дұрыс ережесін сақтау қажет. Шынықтырудың ең басты приципі - тітіркенуді біртіндеп ұлғайту болып табылады. Алғашқы шынықтыру шараларының әсері мен ұзақтығы, баланың организмінде болар – болмас өзгеріс әкелетіндей болуы керек. Баланы шынықтыру процедураларын бейімделуіне қарай оның қарқыны мен ұзақтығын сақтықпен ұлғайтуға болады. Әр түрлі процедураларды дәйектілікпен жүйелі қолданудың маңызы ешбір кем болмайды. Мәселен, бала ауа ваннасына әбден үйренгенен кейін барып, су процедурасы мен күн ваннасына көшкен жөн; балаларды салқын сумен ысқылап сол сияқты оларды құйынуға үйретпейінше - ашық суаттарға жіберуге болмайды. Басталған процедураларды, бала оргнизмінде осыған дейін байқалған дұрыс өзгерістерді төмендетіп алмау үшін, негізсіз, бекер босқа үзіп тастауға болмайды. Егер балалар аз қыдыратын болса, тым жылы киінсе, ыссы, нашар желденетін үйлерде жататын болса, онда шынықтыру процедуралары қажетті нәтижелер бермейді. Табиғи жағдайларға, маусымдарға және ауа райына сәйкес комплексті шынықтыру процедураларын жүргізген жөн. Мысалы, ауа ваннасы күн және су процедураларымен, ал жазғы мезгілде ашық суаттарда шомылдырумен қатар жүргізген жақсы. Шынықтыруды баланың денсаулығын, сондай-ақ күш – қайраты мен психологиялық дамуын ескере отырып жүргізген жөн. Балаларды денсаулығыны қарай 3 топқа бөледі. Бірінші топқа – негізінен денсаулығы жақсы балалар жатады, олармен шынықтыру процедураларын толық комплексін өткізуге болады. Екінші топқа – жуырда ғана ауырып тұрған немесе жоғары тыныс жолдары қатарға (кілегей қабығының қабынуы), баспа және басқа да тұмау ауруларына жиі ұшырайтын балалар жатады; бұлармен шынықтыру процедураларын шектеп жүргізеді. Үшінші топқа - жедел немесе созылмалы асқынған процестерден (құлақтың, бүйректің, буындардың және т.б. қабынуы жатады) зардап шегетін, жүрегінде ақауы бар, сондай-ақ ас қорыту жолдарының ауруларына ұшыраған балалар жатады. Балалар коллективінде мұндай балалармен шынықтыру шараларын жүргізуге болмайды. Олармен шынықтыру жұмыстары жеке-жеке жүргізіледі. Шынықтырудың нәтижесі көбіне оған балалардың қалай қарайтындығына байланысты. Процедурадан шошыну, оны күшпен жасату дұрыс нәтижеге жеткізбейді. Процедураларды қалай жүргізуді әбден ойлап алу және дұрыс ұйымдастыру, балалардың бойында жағымды эмоциялар туғызатындый етіп жүйеге келтіру аса маңызды. Жер учаскесі.Балалар мекемелерінде шынықтыру шараларын жүргізу үшін жер учаскесін дұрыс ұйымдастырудың елеулі маңызы бар . Оның көлемі, жоспарлануы және жабдықталуы мекеменің типіне, балалардың санына, олардың жасы мен өткізілетін тәрбие жұмыстарының мазмұнына байланысты болады. Учаскенің өзі биіктігі 1,2 метрден кем болмайтындай тұтас немесе торлы қашамен қоршалуы, сондай-ақ оның ағаштардан және бұталардан жасалған жасыл алаңдары болуы тиіс. Негізгі көшемен үйдің алдыңғы бетінің аралығына орналасқан учаскенің бір бөлігін, қорғағыш зона деп атайды, мұның өзі бөлмелерді сырттан келетін шудың және шаңнын кіруінен қорғайды. Оның ені 15-20 метрден кем болмауы керек. Қорғағыш зонаға әдетте ағаштар отырғызып, көрікті шағын бұталар, гүлдер егеді. Алайда жемісі улы және тікенекті болып келетін, сондай- ақ дәндері шашырап ұшып кететін өсімдіктерді отырғызуға болмайды. Қорғағыш зонаға балаларына келген ата-аналар демалатын орындықтар орналастыруға, сол сияқты скульптуралар, бассейні бар фонтан жасауға болады. Мұның өзі алаңды көркейтіп қана қоймайды, сонымен қоса ыстық күндері ауаны салқындатып отырады. Балалардың әрбір тобы үшін басқа алаңдардан дербес және бұталармен қоршалған жеке ойын алаңдарын салу қарастырылады. Алаңдарды, олар балалардың қай тобына арналса, сол топтың шығатын есігіне жақын тұста орналастырған жөн. Алаңның көлемі мектепке даярлық тобының жасына дейінгі балалар үшін 100м2, ал мектепке даярланатын балалар тобы үшін – 75м2 болуы керек. Емшектегі балаларға арналған алаңның жанынан, сондай-ақ оларды тамақтандыруға арналған алаң жасау ескеріледі. Әрбір алаңның жанынан тақтай еденді, оңтүстікке немесе оңтүстік шығысқа қараған беті ашық, ал қалған үш жағы жабық қалқалар жасалады; оларддың көлемі мектепке даярлық тобының жасына дейінгі балалар үшін 30м2, мектепке даярланатын жастағылар үшін – 50м2 болады. Жаз уақытында балаларды күннен қорғау үшін шатырлар, қалқалар, баспалар орнату ұсынылады. Ойын алаңдарының басқа сол учаскеде дене шынықтыру алаңын, жеміс бақшасын сондай-ақ хайуанаттар мен құстарға арналған бұрыш жасау көзделінеді. Алаңдар бір-бірімен ені 1-1,5 м айналма жол арқылы байланысып жатуы тиіс, мұның өзі велосипедтермен және автомобильдермен жүруге арналған. Орталықтандырылған канализация болмаған жағдайда учаскенің неғұрлым қашықтау жеріне екі орынды жазғы дәретхана салынады. Мектепке дейінгі мекемелерге арналған үйлердің қосалқы жағы, өзге территориялардан дербес және өз алдына кіретін бөлек есігі бар, шаруашылық ауласына қосылып жатуы тиіс.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 71; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.) |