Дәріс 12 Жүрек. Жүректің құрылысы мен қызметі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дәріс 12 Жүрек. Жүректің құрылысы мен қызметі

Поиск

Жүректің құрылысы. Жүрек көкірек қуысының сол жағына қарай төмендеу орналасқан. Жүрек конус пішінді бұлшық еттен тұратын мүше. Адам жүрегінің массасы 250 –ден 300 грамм мөлшерінде болады.

           Жүрек өзіне құйылатын вена сабауларынан қанды қабылдап және оны артерия жүйесі арқылы айдайтын қуыс-бұлшықетті ағза болып табылады. Жүрек қуысы 4 камераға бөлінеді: 2 жүрекше, 2 қарынша. Жүректің оң және сол жақ бөліктері пердемен бөлінген. Әрбір жүрекше мен қарынша тесік арқылы өзара жалғасқан. Бұл тесіктердің жиектері жақтаулы қақпақшалармен жабдықталған. Жүректің сол жақ қақпақшасы екі жақтаулы, ал оң жақ қақпақшасы үш жақтаулы болады. Жақтаулы қақпақшалар қарыншаларға қарай ашылып – жабылып тұрады да, олар сіңір арқылы бекілген. Жүректен шығатын өкпе артериясы мен қолқаның тесіктерінде айшық қақпақшалары болады. Осы қақпақшалар қанды артерия мен қолқадан қарыншаға кері қарай өткізбей бір бағытқа қозғалтып отырады (23-сурет).

Сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша өзіндегі қанның қасиетіне қарай сол жақ немесе артериялық жүректі құрайды; оң жақ жүрекше мен оң жақ қарынша оң жақ немесе веналық жүректі құрайды. Жүрек камералары қабырғаларының жиырылуы систоладеп, ал олардың босаңсуы диастоладеп аталады.

Жүректің формасы біршама жалпайған конус тәрізді. Жүректің негізі-жоғары, артқа және оң жаққа қарай орналасқан. Ол жүрекшеден, алдынан- қолқадан және өкпе сабауынан түзіледі. Жүрекшелерден құралған төртбұрыштың оң жақ жоғары бұрышында төменгі қуыс венаның кіретін жері, төменгі сол жақ бұрышында төменгі қуыс венаның кіретін жері орналасады,солға қарай екі оң жақ өкпе венасының кіретін жерлері, негізінің сол жақ жиегінде екі сол жақ өкпе венасының кіретін жерлері орналасады. Жүректің алдыңғы немесе төсқарғалық беті-алға

23-сурет.Жүрек қанның қасиеті.   жоғары және сол жаққа                                                                     

 

қарағанда,  төстік денесі мен III-VI қабырғалар шеміршектерінің артында орналасады. Жүректің бойлық білігіне көлденең жүретін және жүрекшелерді қарыншалардан бөліп тұратын жүректің жүлге-арқылы жүрек жүрекшелерден тұратын жоғарғы бөлігіне және қарыншалардан түзілетін үлкен төменгі бөлігіне бөлінеді.

  Жүрек көлемі жағынан,сол адамның жұдырығына тең келеді деп есептеледі: ұзындығы 12-13см, ең үлкен көлденеңі- 9-10,5см, алғы артқы шамасы-6-7см. Еркек жүрегінің массасы 350г (дене массасының 1/215бөлігі), әйелдікі-250г (дене массасының 1/250бөлігі).

Жүрек етінің қасиеті. Жүрек бұлшық еті көлденең жолақ бұлшық еттер қатарына жатады да, скелет бұлшық еттерінің құрылысынан айырмашылығы болады. Жүрек бұлшық етінің талшықтары бір – бірірімен өсінділері арқылы байланысқан, соның нәтижесінде ет талшықтарында пайда болған қозу, бұлшық етті қамтып, басқа бұлшық еттерге тез таралады.

Жүрек бұлшық етінің ерекше қасиеті, ол жиырылу қабілетінің ұзақ болмауында. Қаңқа бұлшық еттері көптеген секунд немесе минут бойы үздіксіз жиырыла алады, ал жүрек бұлшықеті бар болғаны секундтың үлесіндей уақыт ішінде жиырылып, босаңсып отыратын жағдайда болады.

Қарыншалардың қабырғасы жүрекшелердің қабырғасына қарағанда едәуір қалың болады, оның себебі қарыншадан түсетін жұмыстың көлемі артықтау болып келеді. Қанды қан айналымының үлкен шеңбері арқылы өткізуде әсіресе сол қарыншаның жұмысы өте ерекше.

Жүрек циклі. Жүректің жұмысына көңіл аударған кезде көзге түсетін нәрсе оның ырғақтылығы,  яғни оның жиырылуы мен босаңсуының кезектесіп отыруы фазалары. Жүрек циклі үш фазадан тұрады: бірінші фаза –систола немесе жүрекшенің жиырылуы -0,1 секундқа созылады: бұл кезде қарыншалар босаңсыған немесе диастола күйінде болады. Екінші фаза қарыншалардың систоласы 0,3 секундқа созылады, бұл кезде жүрекшенің диастоласы басталады. Үшінші фаза пауза немесе жүректің жалпы босаңсуы пауза кезінде жүрекшелер мен қарыншалар диастола күйінде болады. Паузаның ұзақтығы жүректің жиырылу жілігіне байланысты.

   Жүрек адамның бүкіл өмірінде насос секілді жұмыс атқарып, қанды қан тамырлар жүйесіне ығыстырады. Әрбір қарынша өзінің бір рет жиырылуында шамамен алғанда 70-80 мл қан ығыстырып отырады. Бұл жүректің соғу көлемі. Ересек адамның жүрегі 1 минутта 70 рет жиырылады. Бала дүниеге келгеннен кейін алғашқы айларында жүрек минутына 120-140 рет, бірінші жылдың соңына қарай 100-130 рет, 2-4 жасында 80-120 рет, ал 5-6 жаста -80-110 рет жиырылады. Содан кейінгі жылдары жүректің жиырлу қарқыны біраз төмендейді. Қарыншалар 1 минутта ығыстыратын қанның мөлшері жүректің минуттық көлемі деп аталады. Ересек адамда минуттық көлем орта есеппен 45 см3-ге тең. Жаңа туған сәбиде минуттық көлемі 330 см3 жуық, бір жасқа толардың алдында -1200 см3, 5 жаста 1800 см3, 10 жаста -2500 см3 15 жаста -3150 см3. Балаларда бұл көлемнің ересек адамдардан айырмашылығы ол тамыр соғу дәрежесінің жоғары болып, систолалық көлемнің аз дәрежеде болуына байланысты сипатталады. Жүректің минуттіқ көлемі өсіп келе жатқан организмнің оттегі қажеттілігіне біршама пропорционалды. Сонда 1 кг массаға есептегенде қанның минуттық көлемі балаларда өте жоғары болады.

  Тамырдың соғуы. Жүректің әр бір жиырлу кезіндегі артериялар қабырғасының ырғақты тербелісі тамырдың соғуы деп аталады. Артерия қабырғасының ырғақты тербелісі тамырдың соғу толқыны түрінде, бүкіл қан тамырлары жүйесіне таралады.

   Тамырдың ең жылдам соғуы жаңа туған сәбилерде байқалады, оларда орташа есеппен алғанда, минутына 130 рет соғады, бір жастағы балаларда 110-120, 10-11 жаста -75-90, 12-13 жаста -75-90, 15-17 жаста 65-75. Сөйтіп, өсіп –жетілу дәрежесіне қарай организмде тамыр соғу біртіндеп азая түседі. Жүректің соғу жиілігінің олай төмендеуі сопақша мида орналасқан кезеген жүйке орталығы тонусының бірте –бірте жоғарылау нәтижесіне байланысты. Тонус, әсіресе, дене еңбегімен және дене тәрбиесімен шұғылданған адамдарда жоғарылайды.

   Бірақ жас шамалары бір қатар балаларда тамыр соғу жиілігі едәуір тұрақсыз. Қыздарда тамырдың соғуы ұлдарға қарағанда әр уақытта жиілеу болады. 14-15 жастан ары қарай тамырдың соғу жиілігі біртіндеп ересек адамдарға теңесе бастайды.

   Тамырдың соғуын иық, самай, ұйқы және басқа да артерияларды саусақпен ұстау арқылы байқауға болады. Сонда жүректің соғу ырғағын және жүректің біршама жиырлу күшін көрсетеді. Тамырдың соғу жылдамдығын сфигмограф құралы арқылы жазып алуға болады.

Қан қысымы. Қан тамырларында болатын қысым қан қысымы деп аталады. Қан тамырларының ішіндегі қан, олардың қабырғасына белгілі бір күш арқылы қысым түсіреді, сол қысым қан жоғары қысымы –қолқада байқалады. Қанның қозғалу бағытына қарай қан тамырларының бойындағы қысым төмендей түседі. Ірі артериялар мен венелар қанның қозғалуына кедергі аз болады да, онда қанның қысымы бірте –бірте төмендейді. Қан қысымының едәуір төмендеуі артериолдар мен капилляларда байқалады, себебі онда қанның қозғалуына ең үлкен кедергі болады да, онда қанның қысымы бірте –бірте төмендейді. Қан қысымы қанның қозғалуына ең үлкен кедергі болады.

   Қан тамырларындағы қанның қысымы, мөлшері өзгеріп отырады. Қарыншалардың систоласы кезінде қан белгілі күшпен қолқаға қарай ығысады, сонда қысым ең жоғары болады. Бұл ең жоғары қысым систолалық немесе максималды деп аталады. Бұл жағдай қан жүректен систола кезінде ірі қан тамырларына қарай көп мөлшерде ығысқан кезде байқалады. Жүректің диастола фазасы кезінде артерия қысымы төмендеп, диастолалық немесе минималды болады.

   Адамдарда артерия қысымы тәулік бойы өзгереді. Ұйқы кезінде ол төмендейді, ал жұмыс кезінде және әр түрлі сезім әсерлерінен жоғарылайды.

  Қан айналымының бұзылуына байланысты, аурулар кезінде, сонымен қатар сұйықтықты мөлшерден артық қабылдағанда қан қысымы өзгереді. Бір жағдайда ол жоғары болып, гипертония ауруына шалдықса, ал басқа жағдайда төмендеп, гипотония байқалады. Гипотония кейде қатты шаршаған кезде де байқалады. Гипертония мен гипотония балаларда сирек кездеседі, бірақ ересек адамдарда көптеген себептердің әсерінен едәуір жиі байқалады.

24-сүрет.Қан айналу жүйесі   



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 71; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.012 с.)