Дәріс 6  Есту сенсорлық жүйесі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дәріс 6  Есту сенсорлық жүйесі

Поиск

      Есту анализаторының құрылысы мен қызметі.Есту анализаторының шеткі бөліміне - ішкі құлақта орналасқан К о р т и м үш е с і,  өткізгіш бөліміне – е с т у  жүйкесі, қыртыс бөліміне - самай тұсында орналасқан есту орт а л ы ғ ы жатады. Есту анализаторының ең шеткі бөлімі -құлақ үшке бөлінеді: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ болып.

   Есту жүйкесі сопақша мида бір-бірімен түйісіп, бағытын ауыстырады: оң жақ құлақ тан келген есту жүйкесі сол жақ самайға, ал сол жақ құлақ тан келген нерв қозуды оң жақ самайға өткізеді. Есту анализаторының қыртыс бөлімі ми қыртысының самай тұсында жатқан сенсорлық (41 аймақ) және ассоциативтік (22, 42 аймақтар) зоналардан тұрады. Сенсорлық зона бұзылғанда толық керең, ал ассоциативтік зонаның 22-аймағы бұзылғанда музыкалық керең, 42-аймақ бұзылғанда сөз керендігі пайда болады.

   Құлақ күрделі құрылысты мүше. С ы р тқ ы қ ұ л а қ құлақ қалқаны мен сыртқы құлақ түтігінен тұрады. Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын жинап, сыртқы дыбыс түтігі арқылы дабыл жарғағына жібереді. Дыбыс толқындары екі құлаққа әртүрлі мерзімде жетуіне байланысты құлақ қалқандары дыбыстың бағытын, шыққан орнын анықтайды (7-сурет).

Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Ол ішіне қарай ойыңқы құрылыс. Оның қалыңдығы ересек адамда 0,1 мм, кеңістікте 45 градусқа көлбеу орналасқан.

Ортаңғы құлақ самай сүйегінің қуысында орналасқан дабыл қуысынан тұрады. Сол қуыста 3 дыбыс сүйектері бар: балғаша, төсше, үзеңгіше. Ортаңғы құлақтың қуысын мұрын-жұтқыншақ қуысымен байланыстыратын Эвстахи түтігі бар. Бұл түтік ауыз-мұрын қуысынан келген ауаны ортаңғы құлақ қуысына өткізіп, дабыл жарғағының екі жағындағы ауаның қысымын теңестіріп тұрады. Балғашаның сабы дабыл жарғағымен ұштасқан. Балғаша төсшемен, ол үзеңгімен буындасқан. Үзеңгішенің табаны ішкі құлақтың сопақша тесігін жауып тұрады. Сопақша тесіктің беті жұқа жарғақпен жабылған.

Ішкі құлақта екі анализатордың шеткі бөлімдері орналасқан: біріншісі, вестибулярлық аппарат бір-біріне перпендикуляр орналасқан жартылай айналмалы 3 каналдар мен олардың табалдырығынан тұрады; екіншісі, ұлу сүйегі — есту мүшесі. Ұлу сүйегі тәрізді қүрылым екі жарым есе айналым жасайтын спиральды сүйек түтігі. Оның ішінде екі жарғақ бар: вестибулярлық және негізгі. Бұл жарғақтар ұлу сүйегінің каналын үшке бөледі: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Жоғарғы және төменгі қуыстар перилимфа сұйықтығына толы болып, ұлу сүйегінің үстіңгі жағында кішкентай тесік арқылы бір-бірімен жалғасады. Сол тесік арқылы перилимфа араласып тұрады. Үзеңгіше сопақша тесіктің жарғағын итергенде жоғарғы қуыстағы перилимфа төменгі қуысқа құйылып, ішкі құлақтың дөңгелек тесігінің мембранасы ортаңғы құлаққа қарай ығысады.

 

7-сурет.Құлақтын құрылысы. 

Есту анализаторының жас ерекшелігі.Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус). Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіңдеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ 1 жылдың ішінде ересек адамның құлағымен теңеседі.

2-3 жаста сыртқы құлақ түтігі сәл иіледі де, 4-6 жаста ересек адамның түтігіндей болады. Дабыл жарғағы 2-3 жаста-ақ ересек адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып, тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы құлақтың көлемі 2-3 жаста ересек адамның құлағынан кішірек келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінің ортаңғы құлағының көлеміне жетеді. Евстахи түтігі 2-3 жаста ұзарып 6 жастан асқанда ғана ересек адамдай болады. Ішкі құлақ 2-3 жастың арасында-ақ ересек адамның құлағымен теңеседі.

Жаңа туған сәбидің дыбыс жүйкесі әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарының нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс жүйкесі жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс жүйкесімен бірдей болады. Есту анализаторының қыртыс бөлімінің сенсорлық (сезгіш) зонасы алдымен дамып, ассоциативтік зонасы кейінірек жетіледі. 1 жастан аса 41-ші сезгіш аймақ, 6 жаста 42-ші ассоциативтік, 7 жаста 22-ші ассоциативтік аймақтар жетіледі.

Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса музыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі. 4 жастан аса 41-ші сенсорлық аймақтың дамуы, ал 6 жаста 42-ші ассоциативтік аймақтың дамуы, 7 жаста 22-ші аймақтың дамуы аяқталады. 6 жастан аса дыбыс орталығы ересек адамның дыбыс орталығындай болып, талдау және талқылау қабілеттері жоғарылайды. 6 жаста дыбыс есту шегі 22000 герц болады, яғни ересек адамнан анағұрлым жоғары. 7-13 жаста баланың дыбыс анализаторының барлық бөлімдері ересек кісінің дыбыс анализаторындай, бірақ есту қабілеті анағұрлым жоғары болады. Ми қыртысының талдау және талқылау қасиеттері одан әрі дами түседі.

Есту гигиенасы.Есту анализаторының қызметіне қажетті тиімді жағдайларды есту гигиенасы зерттейді. Адам организміне әсер етуші шудың ықпалын азайтып, есту қабілетін ұзақ мерзім жоғары дәрежеде сақтап қалу үшін бала кезден бастап есту гигиенасының талаптарын дұрыс орындап отыру керек. Айқай-шу есту анализаторына 2 түрлі осер етеді: құлақтың дыбыс өткізуші мүшелерінің қызметін бұзады және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының қызметін нашарлатады. Қатты айқай, айталық 90 децибел шамасындағы, есту қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, ас қорыту, жүрек-қан-тамырлар жүйелерінің ішкі секрециялық бездерінің қызметін бұзады, жалпы жүйке жүйесін тоздырады. 4-5 жыл бойы 120 децибел шуда еңбек еткен адамның жүйке жүйесінде кемшіліктер пайда болады: ұйқысы бұзылады, басы ауырады, ішкі секреция бездерінің қызметі нашарлап, зат алмасуы әлсірейді, тез қозғыш, ашуланшақ болады, қанның қысымы артады, есту қабілеті төмендеп, мамандығына байланысты кереңдік пайда болады. Мысалы, тракторшының басы ауырып, есту жүйкесінің қабынуы пайда болады. Тіпті 6 сағат бойы 90 децибелдік шуда болғанның өзінде есту қабілеті шүғыл төмендейді (90 децибелдік шу — көлік ағылып жатқан көшенің шуына барабар).

Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі айқай-шудың мөлшері - 40-100 децибел, ал мектеп бөлмелеріндегі айқай-шу одан артығырақ болады. Ер балалардың шеберханасындағы шудың шамасы 60-110 децибел, сынып бөлмесінде - 40-90 децибел. 40 децибел шамасындағы шу балаларға зақым келтірмейді. 50 децибелден асқанда балалардың еңбек қабілеті төмендейді. Әсіресе 60 децибелдегі шу оқушылардың зейінін төмендетіп, еңбек қабілетін нашарлатады. Осыған байланысты баланың еңбек шеберханасында шулы жұмыс пен көп шұғылданбағаны жөн .

Есту кемшіліктерінің алдын алу үшін дыбыс гигиенасының талаптарын орындау қажет. Әсіресе мектепте гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы зор. Мектептегі шуды азайту үшін оның ауласының көше жақ бетіндегі жерді қорғаныс аймағына айналдырып, оған 5 қатар ағаштар мен бұталар отырғызады. Жапырақтары биік ағаштар мен бұталар сыныпқа көшеден келетін шудың мөлшерін 1,5-2 есе азайтады. Қауіпсіздік аймағының ені 6 метрден, мектеп үйінің көлік жолынан қашықтығы 25 метрден кем болмауы тиіс. Гигиеналық талапқа сай сынып кабинеттерінің есігі тығыз жабылса, бөлмеге кіретін шудың мөлшері 5-7 децибелге азаяды.

Есту қабілеті төмен оқушыларды алдыңғы қатардағы парталарға отырғызған жөн. Мектеп үйінің шулы болмелерін, айталық спорт залы, шеберханалар негізгі оқу болмелсрінен болек әрі алыс орналастырылады. Олардың қабырғасын қалың, есігін шу шығармайтындай етіп орнату керек. Балалар жұмыс істеп жатқан шеберханаларда, шулы жерлерде әр 30-50 минөт сайын 10-15 минөтке созылатын үзіліс жасау керек.

6-7 жаста мектепке барар алдында емханаларда баланың есту қабілетін тексереді, балалар бақшасына баратын балаларды мектеп алдындағы тексеру кезінде балалар бақшасының комиссиясы тексереді. Содан кейін 4-5-ші, 7-ші, 8-ші, 9-шы сыныптарда баланың дыбыс есту қабілетін бала дәрігері анықтап отрығаны жөн.

Баланың есту қабілетін сақтауда мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктерінің әсері күшті. Сондықтан мұғалім, әсіресе бастауыш сыныптарда асықпай, ақырын, мәнерлеп сөйлегені дұрыс. Мұғалімнің әр сөзі анық болуы керек. Бастауыш сыныптарда мұғалімнің сөзі көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың есту қабілетін жеңілдетеді. Ұзақ уақыт ақырын, біркелкі дауыспен сөйлегенде баланың есту орталығы тез шаршап, қызмет қабілеті төмендейді, қорғаныс тежелуі пайда болады.

Бастауыш сыныптағы оқушылардың есту қабілетіне ұзақ уақыт қатты дауысты теледидар, музыка аспаптарының дыбыстары күшті әсер етеді. Кішкентай балаларға құлаққа киіп тыңдайтын аспапты пайдалануға болмайды.

Дыбыс есту қабілеті жарықтың әсерінен күшейеді, сондықтан музыкалық әуендердің дыбыстарын күшейте түсу үшін, оны жақсы қабылдау үшін ойын-сауық орындарында, концерт залдарында түсті жарықты кеңінен қолданады. Мұнымен қатар қатты дауыстағы музыка адамның жүйке жүйесіне, әсіресе коңіл күйінің қалпына күшті әсер етеді. Сондықтан музыка аспаптарының дыбысын тым қатты қойып, ұзақ тыңдауға болмайды. Музыканы қатты қойып тыңдаумен әуестенген жастардың ішінде, әсіресе 1-15 жастағы кереңдер саны кобеюде. Қатты дауысты музыканы тындау мөлшері 7-10 жаста — жарты сағаттай, 11-16 жаста 1-1,5 сағат, 17-20 жаста 1,5-2 сағаттан аспауы тиіс. Музыка аспаптарының қатты дауыстары кейбір мамандықтар үшін аса зиянды. Айталық, көлік жүргізушілер үйықтап қалмас үшін музыка ойнатады, бірақ оның шуы 40-60 децибелден аспауы тиіс.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 80; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.008 с.)