Ас қорыту жүйесінің құрылысы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ас қорыту жүйесінің құрылысы

Поиск

Ас қорыту жүйесінің құрылысы

Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады. Асқорыту мушелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек және тоқ ішек жатады (14-сурет). Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұксас. Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы қабаты - дәнекер ұлпадан тұратын сір қабат. Ортаңғысы бұлшық ет қабаты, ішкі қабаты - эпителий ұлпасынан түзілген.

                                                                   1 – үстіңгі жақ сүйегі;

                                                           2 – тіл;

                                                                           3 – жұтқыншақ;

                                                                                 4 – сілекей бездері;

                                                                                          5 – астыңғы жақ сүйегі;

                                                                       6 – кеңірдек;

                                                                                      7 – өңешке түскен ас;

                                                                     8 – бауыр;

                                                                                      9 – асқазан (қарын);

                                                                                              10 – өт қабы;

                                                                                               11 – ұлтабар;

                                                                            12 – аш ішек;

                                                                                13 – ұйқы безі;

                                                                               14 – тоқ ішек;

                                                                             15 – тік ішек

                                                                                       а) астың өңешпен жылжуы;

                                                                                            ә) жарып көрсетілген

                                                                                             асқазанның (қарынның)

                                                                                кілегейлі қабаты;

                                                      б) аш ішектің кілегейлі қабаты;

                                                                                     в) аш ішектің кілегейлі 

                                                                                        қабатындағы бүрлер

   14-сурет. Ас қорыту жүйесі

 

Ауыз қуысы. Астың өңделуі ауыз қуысынан басталады. Ол екі бөлімнен құралады. Олар: ауыз кіреберісі және нағызауыз қуысы деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектерді ашпай, тістеніп тұрғанда, ауыз кіреберісі айқын көрінеді. Ауыздың сәл ашылуы ауыз саңылауы болып есептеледі. Ауыз кіреберісі сырт жағынан - еріндер және ұртпен, ішкі жағынан тістер және қызыл иекпен шектеледі. Ұрттың сыртқы жағын бұлшықеттер қаптайды және ұрт еріндермен ұласады. Ауызды кең ашқанда нағыз ауыз қуысы көрінеді. Нағыз ауыз қуысы үстіңгі және астыңғы жақсүйектерде орналасқан тістерден басталып, соңғы жағы аранмен (зев) шектеледі. Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай сүйегі жұмсақ таңдайға жалғасып, таңдай мен жұмсақ таңдай ауыз куысын кеңсіріктен (мұрын қуысынан) бөліп тұрады.Ауыз қуысына 3 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып ұсақталады әрі сілекеймен араласып, жұтылады. Тамақты жұту күрделі физиологиялық үдеріс. Нағыз ауыз қуысында тіл орналаскан. Ол көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Тілдегі бұлшықет талшықтарының кейбір тобы - ұзына бойы, екінші тобы - көлденең, үшіншісі - тік бағытта жатады. Осыған байланысты тіл - өте қозғалмалы мүше. Тілдің түбі, денесі және ұшы болады. Тіл шырышты қабықшамен қапталған. Тілдің сілемейлі қабықшасының үстіңгі бетінде түрлі пішінді көптеген дәм сезу емізікшелері бар. Тілдің ұшы – тәттіні, екі бүйірі - қышқыл мен тұзды, ал түбі - ащыны сезеді. Сондықтан тіл дәм сезу мүшесіне де жатады. Сонымен бірге тіл сөйлеуге және тамақты жұтуға да қатысады. Ауыз куысы тікелей аран арқылы жұтқыншақпен байланысады. Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омыртқалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы шамамен 11—13 см. Жұткыншақтың төменгі бөлігі өрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ аркылы тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту әрі тыныс алу мүшелер жүйесіне жатады. Жұтқыншақ екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6 бадамша бездер (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады. Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады. Олар тағам немесе ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамшалар қабынса, қызметі дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.

Өңеш — ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан сілемейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабықшасының көп бөлігі бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшықеттердің толқын тәрізді оқтын-оқтын жиырылуы нәтижесінде тағам қарынға түседі. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы қарынмен жалғасады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 75; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)