Дәріс 2 Жүйке жүйесінің физиологиясы
Жас кезеңдері
Өсу және даму дәрежесіне байланысты мүшелердің құрылысы мен қызметі, организмнің мұқтаждығы өзгереді, баланың ынтасы, көңілі мен мінез құлығы басқаша болады. Соған тәуелді баланың өмір сүруін ұйымдастыру да, тәрбие және білім беру жағдайы да өзгеруі тиіс. Баланың өсіп – даму кезеңдерін жүйелі сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтау мақсатында бірнеше жас кезеңдеріне бөлуге көптен бері әрекет жасалуда. Қазіргі кезде жас кезеңдеріне бөлу мәселесі әр авторда әр түрлі мәліметтермен берілген. Педагогтар үшін өте ыңғайлы жас кезеңдеріне бөлу схемасын ұсынып отырмыз. Бұл схема баланың дүниеге келген күнінен бастап, 17-18 жас аралығын қамтып, педагогикалық және әлеуметтік критерийлердің негізінде құрылған. Бұл схема былай сипатталады:
1.Нәрестелік жас 1-жасқа дейін.
2.Мектеп жасына дейінгі /алғашқы кезең/ 1-ден 3 жасқа дейін.
3.Мектеп жасына дейінгі /екінші кезең/ 3-тен 7 жасқа дейін.
4.Төменгі мектеп жасындағылар 7-ден 11-12 жасқа дейін.
Бұл жас кезеңдерінің бөлінуінде биологиялық жас көрсеткіші ретінде баға беретіндей көптеген белгі көрсеткіштер қамтылған: денесі мен мүшелерінің мөлшері, массасы, сүйектердің қатаюы, тістің жарылуы, ішкі секреция бездерінің дамуы, бұлшық еттердің күші, жыныстық жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ұлдар мен қыздардың ерекшеліктері ескерілген.
Жас кезеңдері өздеріне тән ерекшелік белгілерімен сипатталады. Жас кезеңдерінің бірінен келесі кезеңдеріне ауысу жеке бастың дамуындағы өзгерісті кезең болып есептеледі. Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар: өсу мен даму гетерохронды болады; мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі; өсу мен даму баланың жынысына байланысты; функциялық мүшелер жүйесі мен мүшелер қызметтерінің беріктігі; өсу мен дамудың тұқымқуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі.
Адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:
- Жаңа туған сәби (алғашқы 10 күн)
- Емшектегі сәби (10 күннен 1 жасқа дейін)
- Алғашқы балалық шақ (1-3 жас)
- Бірінші балалық шақ (4-7 жас)
- Екінші балалық шақ (қыздар 8-11 жас, ұлдар 8-12 жас)
- Жеткіншек немесе жасөспірімдер (12-15, 13-16)
- Кәмелеттік немесе жігіттік/бойжеткендік (16-20, 17-21)
- Ересектік мерзімнің 1-ші жартысы (әйелдер 21-35, ерлер 22-35)
- Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы (36-58, 36-63)
- Егде жас (58-74, 63-74)
- Қариялар немесе кәрілік (74-90 жас ерлер мен әйелдерде бірдей)
- Ұзақ өмір сүрушілер (90 жастан әрі қарай)
Бақылау сұрақтары:
1. Адам организмі туралы жалпы түсініктер.
2. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары.
3.Өсу мен дамудың акселерациясы, оның белгілері.
4. Жас кезеңдерін жіктеудің қажеттілігі.
|