Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
анның құрамы, қасиеті, маңызы.Содержание книги
Поиск на нашем сайте Қан (гр. haemo; лат. sanguis — қан) — организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан организмнің инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді. Ересек дам организмінде шамамен 5л қан болады. Қан – ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі клеткааралық сұйық зат – плазмадан құралады. Плазмадан қан клеткалары - эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары – тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы клеткалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді. Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі организм үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадағы артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады, қан өкпеде көмірқышқыл газынан, ал бүйректе – судың артық мөлшері мен еріген минералды тұздардан арылады. Ішкі орта. Қан, лифма және ұлпа сұйықтығы организмнің ішкі ортасын құрайды. Адам организмінің клеткалары өзінің қоршаған өзгерістеріне өте сезімтал келеді. Организмде клеткалар ортасы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін арнайы бейімделу қажет болады. Сол ішкі тіршілік жағдайының тұрақты болуын қамтамасыз етіп отыруын гомеостаз деп атайды. Организмде қанның қысымы, дене температурасы, қан және ұлпа сұйықтығының осмос қысымы, сондай – ақ белоктар мен қанттың болуынаһ, натрий, кальций, хлор, басқа да қажетті заттардың біршама тұрақты болуын қолдап отырады. Гомеостаздың жүзеге асуында жүйке жүйесінің алатын орны үлкен. Гомеостазды қолдап отырудағы реакцияға вегетативтік жүйке жүйесінің, гипофиз жүйесінің және басқа да жүйке құрылымдары мен эндокринді жүйелердің қатысы бар екені дәлелденген. Ішкі ортаның тұрақтылығын тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, бөлу мүшелерінің қызметтері қолдап отырады. Қалыпты жағдайдан едәуір ауытқу байқалса, организм зілді ауруға шалдығуы, ал кейде тіршілігін жоюы мүмкін. Организмде қанның мөлшері біршама тұрақты дәрежеде болады. Сонымен қатар аз мөлшерде өзгеруі де мүмкін. Олай болуы, көптеген себептерге және де жас мөлшеріне байланысты. Организмнің жасы неғұрлым жоғары болса, онда қан біршама аз болады. Төменгі жастағы балалардың қаны 7-8 процентке, ал ересек балалардың дене салмағының – 6-5 процентіне тең. Төменгі сынып мектеп жасындағы оқушыларда 1 кг салмаққа 70 мл келеді, жоғары сынып оқушыларында - 65 мл – ге дейін, ересектерде - 50 мл дейін. Қыздарға қарағанда ұлдарда артық. Бұлшық еттері жақсы дамыған адамдармен салыстырғанда, семіз адамдарда қан аздау. Бұл заңдылыққа зат алмасу процесі себепші, демек бұлшық еттердің дамуына қанның көп болуы шарт. Қанның қызметі. Қан тамырлары бойымен қан тұрақты қозғалыста болып, организмде тасымалдау қызметін атқарады. Оттегі қанмен бірге өкпеден организмнің барлық ұлпаларына барып, ал көмір қышқыл газы тканьдерден кері өкпеге келеді. Сөйтіп, қан газдарды тасымадап, организмнің тыныс алу қызметіне қатысып, қышқыл –сілтілік тепе –теңдікті сақтайды. Қанмен бірге ас қорыту органдарынан тканьдерге әр түрлі қорек заттары тасымалданады: амин қышқылдары, глюкоза, майлар, минералдық заттар, витаминдер. Бұлардың барлығы организм ұлпасына барады, ал мөлшерден қор ретінде жиналады. Сонымен бірге ыдырау өнімдерін ұлпалардаң бөлу органдарына жеткізеді. Қан қорғаныш қызметін атқарады. Организмге улы заттар немесе микроорганизмдер енуі мүмкін. Қанның кейбір клеткалары /лейкоциттері/ бұларды жол отырып, организмді уландыру және әр түрлі аурулардан сақтайды. Қанның құрамы. Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5–5 л. Қанның құрамы – плазмадан (55%) және қан клеткаларынан (45%) тұрады Қан плазмасы – қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі (17,18 сурет). Ыдыста тұндырылған қанның екінші және үшінші қоңыр-қызыл қабаты қан клеткалары.
17-сурет: Қанның құрамы - қан 18-сурет: Қанның плазмасы түйіршіктері және қан клеткалары
Эритроциттер. Адамның эритроциттерінің диаметрі 7,5 мкм, қалыңдығы 1-2 мкм. Қанның 1 мм3-де шамамен 4,5–5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм3 қанында 6-7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге (латынша «haіma» – гемоглобиннің құрамында темір бар нәруызы жоқ бөлігі, «globus» – нәруызды бөлігі) байланысты. Гемоглобин – қанның қызыл түсті пигменті (19-сурет).
Лейкоциттер. Лейкоциттер (грекше «leukos» – ақ, «kytos» – клетка) қанның түссіз ядролы, амеба тәрізді қозғалғыш клеткалары. Адамның 1мм3 қанында 4–9 мың әртүрлі топқа жататын (лимфоцит, моноцит және т. б.) лейкоциттер болады. Лейкоциттер амеба тәрізді «жалған аяқтарының» көмегімен қозғалады. Пішіндерін жіңішке жіп тәрізді созып өзгертеді (20-сурет).
Лейкоциттер қылтамырлардың қабырғаларынан өтіп, қан ағынынан шығып, клеткалар мен ұлпалардың аралықтарына оңай енеді. Әсіресе, дененің зақымданған жерлеріне көп жиналады. «Жалған аяғы» бөгде заттарды (микроорганизмдер) қоршап, цитоплазманың ішіне қарай енгізіп жібереді.
20–сурет. Қанның лейкоцит клеткалары 21-сурет. Тромбоциттер
Тромбоциттер.Тромбоциттер (грекше «thrombos» – қан ұйығы (сгусток) + «kytos» – жасуша) – қан пластинкасы (21-сурет). Тромбоциттер сүйек кемігінің майында жасалады. Қан тамырлары зақымданғанда тромбоциттер тез бұзылып, қанды ұйытатын ерекше зат бөледі. Қан тамырларының зақымданған жерлерін бітейді. Тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы 7–10 күн. Қанның ұюы.Тамырлар жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі жасайтын іркілдек зат — тромб түзеді. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып тамырдың зақымданған жерін бітейді де, аққан қанды тоқтатады. Біраз уақыт өткен соң тамыр жарақаты жазылып, тромб жойылады. Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок — фибриннен құралады. Фибрин плазмада еріген белок — фибриногеннен түзіледі. Фибрин түзілуі үшін қанда және қан пластинкалары, тамырлар мен оларды қоршап жатқан ұлпалар бұзылғанда пайда болатын ерекше заттар қажет. Қан ұйығанда кальции тұздарының маңызы зор. Егер кальций тұздарын бөліп алса, қан ұйымайтын болады. Фибрин жіпшелерінің аралығына қан клеткалары тұтылып, іркілдек зат қызыл түске боялады. Қанның іркілдек заты үш-сегіз минутта түзіледі. Фибриногеннің фибринге айналуы протромбин (бауырда түзілетін қан плазмасының нәруызы) нәруызына байланысты. Протромбин бауыр мен жілік майында болатын «К» витаминінің қатысуымен түзіледі. Қан ұюы үшін қан плазмасында кальций тұзы болуы керек. Лимфада да фибриноген болады. Ол қан ұйитын жағдайда, бірақ қаннан гөрі баяуырақ ұйиды. Кейбір адамдар іштен туа қаны ұйымайтын ауруға тап болады. Мұндай адамдар болмашы жарақаттанудан-ақ қаннан айырылып, қаза табуы мүмкін. Қанның ұйуы дегеніміз организмді қан кетуден сақтандыратын, оны қорғанышты бейімділігі болып табылады. Қан оранизмде қалыпты жағдайда сұйық күйінде болады. Ал қан тамырлары жарақаттанған кезде, ол қоюлана түсіп, жарақаттанған жерді бітеп, қанның ағуы тоқталады. Ондай жағдай қанның ұюы деп аталады. Егер қанның ұюы болмаса, организм қансырап, тіршілік жойылған болар еді. Қанның ұю процесі 3-4 минуттың ішінде бірі болып саналады. Қанның ұю процесін қарастырайық. Қан плазмасының құрамында сұйық түрінде болатын фибриноген белогының, ерімейтін фибрин белогына айналуы, фибрин жіңішке жіпшелер тәрізді болып келеді, фибрин жіпшелері тор тәрізденіп, қоюлана түседі. Содан қан жарақаттанған жерге тығыздала келіп, қанның кетпеуіне бөгет болады (22-сурет).
22-сурет.Қанның ұюы – қанда болатын ерігіш фибриноген нәруызын ерімейтін фибринге айналдыратын күрделі үрдіс.
Қанның ұюы бірнеше факторлардың қатысуымен байланысты болатын күрделі ферментативтік биологиялық процесс. Ондай факторлардың біріне мысалы, кальций жатады. Кальций қанның ұюы кезіндегі химиялық реакцияларға қатысады. Егер қанда кальций тұзы болмаса қан ұйымайды. Медицинада адамға құятын қанды ұйымайтындай етіп кальций тұзынан әдейі арылтады. Мұндай қанды 30 күнге дейін сақтауға болады. Адамда сирек болса да, қан ұйымайтын ауру кездеседі, оны «гемофилия» дейді. Гемофилия (грекше «haіma» – қан, «phіlo» – жақсы көру) – тұқымқуалайтын ауру. Қаны ұйымайтын адамның қанында глобулин нәруызы болмайды. Фибриноген белогы фибринге тромбин ферментінің әсерінен айналады. Тромбин қанда активсіз түрінде немесе тұрақты протромбин түрінде болады. Протромбин активті тромбинге кальций тұзының қатысуына, тромбопластиннің әсерінен айналып отырады. Қанның ұюында К витаминінің маңызы да зор. Соңғы 40 жылдың ішінде қанның ұюы жөнінде ғылымға көптеген жаңа мәліметтер қосылуда. Қанның ұю процесіне қатысы бар бірнеше факторлар белгілі. Қан тамырлары бойымен қозғалу кезінде қан ұйымай сұйық күйіндегі қасиетін сақтайды. Патологиялық жағдайда қан тамырларында ұйып немесе тромбалар пайда болып, адам өміріне қауіп туады. Әрине, бұл процесс қан кетуден де қауіпті. Ондай аурулардың түрлері аз емес, мысалы, жүрек, вена, қан тамырларының тромбозы /инфаркт миокард/, ми қан тамырларының, өкпе артерияларының тромбозы т.б. Қан топтары. Қан ұю. Егер адам едәуір қансыраса, онда организм ішкі ортасының қалыпты жағдайы бұзылады. Ол организм үшін өте қауіпті. Сондықтан өте ерте заманнан бері адамдар, қан кеткен жағдайда жануарлардың қанын адамға немесе адамның қанын бір –біріне құюға әрекет жасаған. Бірақ айтарлықтай нәтиже бермеген. Бұл мәселеге алғаш рет ғылыми тұжырым жасағандар Австрия ғалымы –Карл Ландшейнер және чех ғалымы –Ян Янский. Олар адамдарда қанның төрт тобы болатынын анықтады. Ландшейнер кейбір жағдайда бір адамның қан пазмасы басқа адамның эритроциттерін желімдейтініне көңіл аударады. Ондай құбылыс агглютинация деп аталады. Сөйтіп, бір адамның қан плазмасы екінші адамның эритроциттерін желімдеу қасиеті барлық адамдардың қанын төрт топқа бөлуге негіз болды. Эритроциттерде белок тектес заттардың екі түрлі – агглютиногендер /желімделетін зат/, ал қан плазмасында екі түрлі – агглютиндер /желімдейтін зат/ болатының анықтаған. Агглютиногендер А және В латын алфавитімен, ал агглютининдер альфа және бета деген грек әріптерімен белгіленген. Бір адамның қанында агглютиноген А және агглютин альфа, аглютиноген В және агглютинин бета болмайды. Сондықтан бір организмнің өзінің эритроциттері бір – бірімен желімделмейді, яғни агглютинация жүрмейді. Қаны І топқа жататын адамдардың эритроциттерінде агглютиноген болмайды, плазмасында агглютинин альфа және бета болады. Қаны ІІ топқа жататын адамдардың эритроциттерінде агглютиноген А, плазмасында агглютинин бета болады. Қан ІІІ топқа жататын адамдардың эритроциттерінде агглютиноген В және плазмасында агглютинин альфа болады. ІV топқа жататын қанның эритроциттерінде А және В агглютиноген бар, ал плазмасында агглютиннің екеуі де болмайды (6-кесте). 6-кесте. Қанның топтары
Плазма тобы /агглютининдер/ Эритроциттер тобы /агглютиноген/ жоқ І /0 ІІ /А ІІІ /В ІV /АВ/ І /альфа/ ж/е /бета/ ІІ /бета/ ІІІ /альфа/ ІV /0/ /жоқ/
- - - -
-
-
-
Агглютинация жүретінінде оң /+/ және жүрмейтінде теріс /-/ таңбалармен белгілеу арқылы қанның қандай тобын қай топты адамға құюға болатын көрсетілген. Агглютинация тек агглютиноген А мен агглютинин альфа, агглютиноген В мен агглютинин бета кездескенде ғана жүреді. ІІ топты ІІ және ІV топқа, ІІІ –топты ІІІ және ІV, ал ІV-топты тек ІV топқа ғана құюға болады. Қан беретін адам донор, ал қан қабылдайтын адам реципиент деп аталады. Қан құю кезінде эритроциттердің желімделмеу жағдайы ескеріледі. Қан құю дұрыс болмаса, агглютинация реакциясы пайда болып, эритроциттер бірімен –бірі желімдеп қалады. Эритроциттер түйіршіктерге айналып, капиллярларды бітеп, адамның өміріне қауіп төнеді. Қан құю кезінде қан топтарының үйлесімділігі міндетті түрде еске алынады. Егер донар қанында агглютиноген А, ал реципиенттің қанында агглютинин альфа болып немесе донардың қанында агглютиноген В рецепиенттің қанындағы агглютинин бета мен қатар келсе, онда агглютинация жүреді. Қан құю кезінде донар мен реципиенттің қан топтарын ұқыпты тексергеннің өзінде де, кейде зілді ауруға шалдығу байқалады. Оның себебі де анықталды. Адамдардың 85 процентінің эритроциттерінде резус – фактор деп аталатын заттың болатыны белгілі болды. Резус фактор –белок. Бұл фактор адамдардың эритроциттерінде болған жағдайда, ол оң резус фактор деп аталады. Адамдардың 15 процентінің эритроциттерінде болмайды –олар теріс резус факторлы адамдар, сондықтан қан құю кезінде қанның үйлесімділігі мен резус –фактор еске алынады. Қан аздық. Қанда эритроциттер санының немесе онда гемоглобин мөлшерінің кем болуы қан азаю деп аталады. Баланың жасы неғұрлым кіші болған сайын, қан азаю соғұрлым айқын байқалуы мүмкін. Себебі оларда қан жасалу мүшелерінің қызметі әлсіздеу келеді де, өкпеге ауа өту жолдарының физиологиялық жағынан әлсіздік келеді де, өкпеге ауа өту жолдарының физиологиялық жағынан әлсіздік ерекшелігіне байланысты оттегімен қамтамасыз етілу жеткіліксіз болады. Балалар мен жасөспірімдер қанының қалыпты құрамын сақтау және қан азаюдың алдын алу үшін оқушылардың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруды білу қажет. Мысалы, олардың таза ауада, күн сәулесінде ұзақ уақыт болуы, серуен жасауы, қозғалмалы ойындарды және спорт ойындарын дұрыс пайдалана білуі. Балалар мен жасөсіпірімдердің ұйқы ұзақтығын мөлшерлеудің, сондай –ақ оқу бөлмелері мен тұрғын үйлердің сапалы ауасы жөнінде қамқорлық жасалудың мәнісі зор. Қан аздықпен күресу және алдын алу үшін жиі серуендер, жұмыс бөлмелері жақсы және тұрақты желдетіп отыру өте қажет. Құрамы темірге және витаминдерге бай азық –түліктерді пайдалану /бауыр, алма, сәбіз, қой бүлдірген т.б./.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 74; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.01 с.) |