Балалар киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Балалар киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар

Поиск

Тері гигиенасы

Терінің үстіне тер майларының өлі эпидермис клеткалардың, шаң –тозаңдардың жиналуы нәтижесінде кірленіп, тер және май бездерінің түтіктері бітеліп қалады. Сол кірлендіруші өнімдер шіріп, ыдырайды да, микроорганизмдердің жиналуына және көбеюіне қолайлы жағдай туғызады. Микробтар тері қатпарларына жиналып, түк ұясына /қапшығына/ кіреді. Тері кірлегенде қышыну пайда болып, кейбір аурулардың дамуына /сыздауық, іріңді жара, эгзема т.б./ себеп болады. Тері гигиенасын сақтау –онда жиналған өнімдерді тұрақты тазалап отыру, ол тек қана жуынып –шайынудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.

   Балаларды таңертеңгілікте қолдарын сабындап жууға, тырнақтарының астына тұрып қалған кірді тазалауға үйреткен дұрыс. Күнделікті таң- ертеңгілікте беттерін, мойындарын, құлақтарын және мүмкіндігінше белінен жоғары қарай жуынып отырғандары жөн. Судың жылылық температурасы 20-25° шамасында болуы керек. Сабынсыз суық сумен жуынса, терінің тазалығы жеткіліксіз болады. Сабындап жуынғанда тері жұмсарып, өлі эпителий клеткалардан тазарады.

   Әрдайым қол жуғанда таза сүлгімен сүртіп, құрғату керек, әйтпесе тері күстеніп, жиырылып кетеді. Әрбір баланың бетіне, қолына және аяғына арналған сүлгілері болғаны жөн. Жалпы бастың гигиеналық ережелерін сақтауға кем дегенде жұма сайын жылылығы 25-37° температуралы ыстық сумен бүкіл денені жуып, іш киімдерді ауыстырып отырған жөн. Ыстық су тер және май бездерінен өнімдердің бөлінуін тездетіп, терінің саңылауларын кеңейтіп, саңылауларға тұрып қалған кірдің тазаруын қамтамасыз етеді.

   Кір қолдардан көптеген инфекциялық аурулар таралады. Сондықтан балаларды күнде ертеңгілікте және кешке қарай жатар адында қолдарын, беттерін, мойындарын және аяқтарын, ал күні бойы тамақтың алдында, мектептің жұмыстарына көмектескеннен кейін, дәретханаға барғаннан кейін т.б. мұқият жуып жүруе дағдыландырған жөн. Балалардың жуынып, денесін таза ұстауында үйде ата – аналардың, мектеп – интернаттарда тәрбиешілердің ролі зор. Орта мектептерде класс жетекшілерінің жауаптылығы да аз емес.

   Балалар мен жасөспірімдердің аяқтары жиі терлейді. Терлеу нәтижесінде қолайсыз иіс сезіледі. Айналасындағы адамдарға, үйдегі немесе жатақханадағы адамдарға ыңғайсыз сезім туғызады. Тершілдік бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін: аяқты сирек жуу, қыздырып алу, резинадан жасалған аяқ киіммен ұзақ жүру т.б. Дұрыс күтім жүргізу арқылы терлеуді болдырмауға болады. Ол үшін күнде және түнге қарай адымен жылы сумен, содан кейін ыстық сумен жуып отырған жөн. Егер ешқандай нәтиже байқалмаса, онда басқа бір ауру себептерге байланысты болуы мүмкін. Ондай жағдайда маман дәрігерге қаралған дұрыс.

   Киімнің маңызы. Киім денені суықтан, желден, жауын –шашыннан, қардан, күн радиациясынан сақтайды, теріні әртүрлі зақымдардан, шаң –тозаң мен кірлеуден, микроорганизмдерден қорғайды. Киім өздігінен денені жылытпайды. Киім мен дененің, сондай – ақ мата ташықтарының арасында ауа болады, ол жылуды нашар өткізудің нәтижесінде температура сақталып, жасанды микроклимат пайда болады. Бұл жағдай адамның сыртқы орта жағдайларының өзгерістеріне бейімделуін жеңілдетеді. Ауа температурасы төмен, ылғалдылық жоғары болған кезде, жел соққан кезде киім ораганизмнен жылылықтың шығуын азайтып, оны салқындаудан сақтайды.

   Киім өзінің мөлшері жағынан денеге шақ, денені қыспайтындай, қозғалыс кезінде кедергі жасамайтындай болуы тиіс. Әрі жеңіл, әрі мықты және берік болғаны жөн.

   Жақсы киімнің үлкен этикалық және тәрбиелік маңызы зор. Адамның көңіл –күйін жақсартып, талғамын дұрыс тәрбиелеуге мүмкіндік жасап, тәртіптілікке және жинақылыққа тікелей қатысы болады.

   Матаның гигиеналық қасиеті. Балалардың киімін тігетін материал жылу өткізгіш, ауа өткізгіштік, ылғал өткізгіштік жағынан гигиеналық талапқа сай болғаны жөн. Матаның жылу өткізгіштігі яғни жылылықты ұстау қасиеті тек матаның құрылысына ғана байланысты емес, сонымен қатар оның пішілуіне, қабаттарының санына және денеге тура келуіне де тәуелді. Егер дене киімі бірнеше қабаттан тұрған жағдайда, ауа қабаттарының жалпы қалыңдығы көбейе түседі. Киімнің жылу өткізгіштігі едәуір азайып, жылу жолғалту баяу болады. Сөйтіп киімнің арқасында организм барлық жылудың үшке жуық бөлімін сақтайды.

   Ауа өткізгіштігі дегеніміз –матаның ауаны өткізгіштік қасиеті. Денеге жанасқан ауаның құрамында организмге зиянды көмір қышқыл газы, әр түрлі газ тәрізді заттар болады, бұлар тері арқылы тыныс алу кезінде пайда болады. Осы заттар дене мен киімнің арасында тұрып қалмауы тиіс. Сондықтан киімнің матасы мен оның пішілуі ауаның жеңіл алмасуын қамтамасыз етіп отырғаны дұрыс.

   Киім суланған жағдайда матаның жылу және ауа өткізгіштік қасиеті бұзылады. Су матаның саңылауларына кіріп, ондағы ауаны ығыстырады. Матаның ауа өткізгіштігі жойылады. Бұл жағдай терінің бөлу қызметіне әсер етіп, денеден ылғалдың қалыпты бөлінуіне кедергі жасайды.

   Ылғал өткізгіштік –матаның су буларын өзі арқылы өткізу қасиеті. Өткізгіштік матаның қалындығына, оның саңылауларына, сыртқы ортаның ауа температурасының өзгерісіне және біршама ылғалдылығына байланысты. Сол өткізгіштіктің нәтижесінде организмнің қалыпты жылу алмасуы, газ тәрізді өнімдердің бөлінуі және шығуы қамтамасыз етіледі.

   Киімнің гигиеналық қасиеті матаның құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты. Киімді жасауда өсімдіктен жасалған /кендір, мақта т.б./, жануарлардан алынатын /жүн, жібек т.б./ жасанды /вискоз, ацетат т.б./. және синтетикалық /капрон, лавсан, т.б./ маталар пайдаланылады. Осы аталған маталардың ішіндегі ең жақсы жылу ұстайтын және ылғал тартқыш қасиеті жағынан жоғары мата жүннен жасалған болып есптеледі. Басқа да маталардың әр қайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады.

   Киімге қойылатын гигиеналық талаптар. Бала организмінің анатомиялық –физиологиялық ерекшелік жағдайы киімге үлкен талап қояды. Баланың жасы неғұрлым төмен болған сайын, киімге қойылатын талап та соғұрлым жоғары. Күн сайын өсетін бала организмнің орталық жүйке жүйесі қызметінің толық өз дәрежесінде жетілуіне байланысты, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлары көберек әсер етеді. Мәселен, температураның төмендеуі, радиацияның қалыптан жоғары болуы, метерологиялық, жауын –шашындар, шаң – тозаңдар және т.б. Сондықтан организмді әртүрлі факторлардан қорғау үшін киімнің маңызы ерекше. Киім белгілі тәрбиелік қызмет атқарады, яғни балалар мен жасөсіпірімдердің эстетикалық талғамдарын қалыптастырады. Сондықтан балалар киімін тігуде және оған гигиеналық жағынан баға беруде матаның ерекшелік қасиеті мен пішілуін ескеріп қана қоймай, сонымен қатар бала организмнің функциялық ерекшеліктерін, нақты айтқанда жылу бөлінудің реттелуін ескерген жөн.

   Киімге жататындар: іш киім, көйлек, сырт киім, бас киім, аяқ киім т.б. Бұлар жыл мезгілдері мен климат жағдайларына тәуелді пайдаланылады. Жыл мезгілдерінң суық күндерінде киім жылуды сыртқа көп шығармауды, ал ыстық күндерінде жылуды бөлуге кедергі жасамауды қамтамасыз етеді.

   Іш киімге трусилер, колготкалар, майкалар және іш көйлектер жатады. Гигиеналық жағынан ең жақсысы - өңі анықтау трикотаждан немесе мақтадан тоқылғанғ матадан жасалған іш киім. Мұндай маталардың ерекшелік қасиеті олардың жұмсақтығында, серпімділігінде және ауа өткізгіштігінде. Іш киім денеден бөлінетін әр түрлі өнімдер мен су буын өзіне сіңіріп, денені тазалықта ұстайды. Іш киімді ауыстырп отыру оның кірлену дәрежесіне байланысты.

   Балалардың киімі қимыл –қозғалыстарына ыңғайлы, денелеріне шақ, тар болмай, бойларына дәл болуы тиіс. Әрі берік және кірлегенде оңай тазаланатындай болғаны жөн.

   Дене киімдерінің басқа түрлері жыл мезгілдерінің маусымдарына сай тігіледі. Оқу жұмысына және спорт ойындарына арнайы. 1954 жылы жалпыға бірдей мектеп формасы енгізілген. Соңғы кездерде ол бірнеше тоқылған матадан жасалған көйлек болып саналады. Ал ұлдар үшін костюм, жеңіл куртка және шалбар.

   Аяқ киімдердің гигиеналық жағынан барлық талаптарға сай болуы қажет. Аяқ киімдерді тігетін материалдардың әрі жұмсақ, әрі ауа өткізгіштік қасиетін ескерген жөн. Аяққа қонымды, жүруге ыңғайлы болғаны жөн. Өкшелері биік болмауы керек. Мектеп жасына дейінгі балаларда -0,8 см, төменгі класс оқуышларында -1-2 см-ден, жоғары класс оқуышларында -2-3 см –ден аспауы тиіс. Биік өкшелі /4 см жоағры/ аяқ киімді күнделікті киіп жүру қыздар үшін зиянды, себебі жүруді қиындатып, дененің салмақ орталығын алға қарай ығыстырады. Сонымен бірге бел бүгіліп қалыптасады да, жамбас сүйектің орналасу жағдайы өзгеріп, бөксенің кішіреюіне әсер етеді. Биік өкше әрі тұрақсыз, табан алға қарай ығысып, оның алдыңғы бөлімі кеңейе түсіп, саусақтар қысылып, қисая бастайды. Соның нәтижесінде қан айналу процесі бұзылып, аяқтың қалыпты өсуіне кедергі болады.

   Мектеп оқушылары күзде және көктемде резинадан жасалған аяқ киім киеді. Бірақ оны күнделікті немесе ұзақ уақыт кимеу керек екенін ескерген жөн. Ондай аяқ киімге ауа өтпейді де аяқ тершең болады. Аяқ киімінің ішкі бетіне тер жиналып, аяқты екінші рет суландырады. Ал киген жағдайдың өзінде ылғал тартатын ұлтарақ салып немесе жүннен тоқылған носкилер киген дұрыс. Бас киімінің жыл мезгілдерінің маусымдарына сай болғаны жөн. Соңғы жылдары оқушылар мен жасөсіпірімдер ауа райының салқын күндері бас киімсіз жүруге құмар. Ол дұрыс емес. Физиология ғылым тұрғысынан алатын болсақ ауа температурасы төмендеген кезде мидағы ұсақ қан тамырлар тарылып, қанның қалыпты жүруі бұзылады. Соның нәтижесінде ми клеткаларында қабыну процесі пайда болып, кейде ауруға шалдығуы мүмкін. Ойлау және еске сақтау қабілетіне әсерін тигізу де ықтимал.

Бақылау сұрақтары:

1. Бүйректің құрылысы және қызметі.

2. Несептің түзілуі және құрамы.

3. Тері. Оның құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері.

4. Теріні таза ұстау гигиенасы, оның организм үшін маңызы.

5. Балалар киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар.

6. Іш киімдер, сырт киімдер мен бас киімдерінің гигиенасы.Киім тігетін маталарға арналған гигиеналық талаптар.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 76; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.009 с.)