Мы поможем в написании ваших работ!
ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
|
Тері. Оның құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері
Адам терісі 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты эпидермис, ортаңғысы дерма және ішкісі гиподерма деп аталады. Ең қалың сыртқы қабатының қалыңдығы 1-2,5 мм. Бұл қабатта меланин пигменті өндіріледі. Сондықтан терінің түсі өндіретін пигментіне байланысты, егер ол аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса - қоңырлау, ал тым көп болса қара қоңыр болады.
Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қан тамырларының капиллярлары және жүйке ұштары бар. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі, ал торлы қабатындағы дәнекер клеткалар теріге беріктік қасиет береді. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметін атқарады. Тері асты клетчаткада тері бездері орналасқан (28-сурет). Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңлау түрінде ашылады. Тер бездері алақан, мандай, қолтық, мойын, арқа және шап терісінде көбірек болады.

28-сурет. Терінің құрылысы.
Теріде май өндіретін май бездері болады. Олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәрінде бар. Май бездерінің өзектері тері түгінің қапшығына ашылады. Олардың өнімдері терінің түгін және эпидермис қабатын майлап, қүрғап қалудан сақтайды. Май бездері тәулігіне 20 г тері майын шығарады. Майланған теріден су, микробтар өтпейді және микробтарды өлтіретін заттары теріні тазартып отырады.
Тер және терлеу тетігі, оның жас ерекшелігі. Тер бездері арқылы денеден сыртқа шығарылатын судың мөлшері 50 %, яғни 500-900 мл болады. Термен бірге мочевина, несеп қышқылы, креатинин, гиппур қышқылы, хлорлы натрий, калий және фосфаттар мен сульфаттар шығарылады. Тердің сыбағалы салмағы 1,012-1,010. Терлеу тәулік бойы үнемі үздіксіз жүреді, бірақ сыртқы ортаның температурасы жоғарылағанда және ауыр еңбекпен шүғылданғанда, шынықтыру жаттығулары кезінде тер безінің өзектері кеңейеді де, тер үздіксіз көп шығады. Бұл кезде дененің жылуды өндіруі тежеледі, бүйрек капиллярларындағы қысым төмендейді де, несеп өндіру азаяды. Тер бездерінің реттелуі симпатикалық жүйке жүйесімен қамтамасыз етіледі. Симпатикалық жүйке талшықтарының теріге келетін холинергиялық үштарынан екі түрлі медиатор бөлінеді: ацетилхолин және адреналин. Егер ацетилхолин бөлінсе, жылы тер шығады, ал адреналин бөлінсе салқын тер шығады. Салқын тер адам қатты абыржып, қиналғанда, жағымсыз эмоцияның әсері кезінде байқалады. Ересек адамның терісінен бала терісінің айырмашылығы бар. Бала терісінің сыртқы эпидермис қабаты өте жұқа, терінің қан тамырлары кең және көрініп тұрады. Терісі тегіс, қыртыссыз болады.
Жаңа туған сәбидің терісі өте жұқа, қалыңдығы 1,1 мм. 1 жасқа дейін тері бездері жылдам дамиды. Өсе келе коллагенді талшықтар көбейеді, ал созылғыш талшықтары 6 жастан кейін пайда бола бастайды. Бала терісінде май көбірек болады. Әсіресе алғашқы 9 айда ол тез көбейеді. Содан кейін 5 жасқа дейін олардың көбеюі бәсеңдейді. Ересек адаммен салыстырғанда майлы клеткалар жаңа туған сәбиде 5% көбірек болады. Терінің температурасы нәрестелерде жоғарырақ және тұрақсыз келеді. Ыстық пен суықтың әсеріне сәйкес тері температурасының бейімделу өзгерісі 3-5 жастан бастап қалыптаса бастайды.
Бала 4 жасқа дейін аз терлейді, өйткені тер бездерінің қызметін реттеуші жүйке орталығы әлі жетілмеген. Оның толық жетілуі 5-6 жаста болады.
|