Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Ми бөлімдерінің қызметіСодержание книги
Поиск на нашем сайте Ми бөлімдері Үлкен ми сыңарлары
Аралық ми
Ортаңғы ми
Мишық
Ми көпіршесі
Сопақша ми Мидың басқа бөлімдеріне қарағанда жақсы дамыған, мидың 80% алып жатыр. Ми сыңарларының беті қатпарланған, көлемі 2000-2500cм, ол 14 млрд жүйке жасушасынан тұрады. Ми қыртысы адамның психологиялық әрекеттерінің материалдық негізі, мінез-құлық, тәлім-тәрбие, сөйлеу, есте сақтау, ойлау әрекеті ми қыртысында болады. Ми қарыншасының біреуі аралық мида орналасқан, аралық ми құрылымында таламус және гипоталамус болады. Таламус арқылы ми қыртысына әртүрлі сезім (ауырсыну, қанағаттану, мимика) қалыптасады. Гипоталамус–вегетативтік жүйке жүйесінің орталығы, барлық ми бөлімдерімен байланысты. Аралық ми ішкі гормондардың бөлінуін,қан қысымын,ағзаның зат алмасу үрдісін, ағзаның ішкі ортасын тұрақтандырады. Зәр шығару, ұйқы, сергектік, бейімделу, физиологиялық процестер аралық мида өтеді. Ортаңғы ми аралық және артқы мидың арасында жатыр,ми жүйкелері жоғары, төменгі өткізгіш жолдары қызметін атқарып, көру, тітіркену, есту, бағдарлау рефлексін, рефлекс доғасын өткізеді. Қаңқа бұлшық етінің тонусын сақтайды, оларды қимылға келтіреді. Аралық және ортаңғы ми тілек, ықылас, көңіл-күй, тәбет ашу шөлдеу сезімдерін реттейді. Мишық сопақша мидың артында орналасқан. Қызметі –адамның қимыл әрекетін,дене бұлшық етінің қызметін реттейді. Ми көпіршесінің нейрондары бет терісі, тілден, ауыз қуысының кілегейлі қабықшасын, есту мүшесінен ақпараттар қабылдайды. Көпір мен мишық артқы миға жатады. Сопақша ми жұлынмен жалғасады. Оның сұр затында тіршілік үшін маңызды орталықтар бар. Бұл орталықтар арқылы жүзеге асатын рефлекстер: 1) қорғаныс (түшкіру, жөтелу, құсу, көзден жас ағу, көзді жыпылықтату); 2) қоректенумен байланысты ему, жұту, сөл бөлу, асқазан бездерінің жұмысын реттеу (автоматты түрде жұмыс істейтін тыныс алу жүрек пен қан тамыр жұмысын реттеу рефлекстері жатады). Сопақша ми ми көпірі аралық ми ортаңғы мидан ми бағаны құралады.
Үлкен ми сыңарлары қыртысында көптеген сайлар мен қатпарлар болады. Ерекше терең сайларға орталық және бүйір сайлар жатады. Сайлар ми сыңарларын маңдай, төбе, самай және шүйде бөліктеріне бөледі. Орталық сай маңдай бөлігін төбе бөлігінен, бүйір сай самай бөлігін маңдай және төбе бөлігінен бөліп тұрады. Егер де адамның ми қыртысындағы барлық қатпарлар мен сайларды жазатын болсақ, олардың ауданы 1700-2500см2 болар еді. Мидың қалыпты тіршілік етуі үшін оның үздіксіз қанмен қамтамасыз етіліп тұруы қажет. Жүйке ұлпасы қанның құрамындағы оттегінің, қоректік заттардың, әсіресе глюкозаның болуына өте сезімтал келеді. Ми бір сағатта 5 грамдай глюкоза және 3 литрдей оттегін пайдаланады. Үлкен ми сыңарларының қыртысы орталық жүйке жүйесінің ең жоғарғы бөлімі болып саналады. Ол біздің организмімізде болып жататын барлық поцестерді реттейді және бақылайды, адамның психикалық іс-әрекетінің негізі болып саналады, организм мен сыртқы орта арасындағы байланысты жүзеге асырады. Ми қыртысы адамның психикалық іс-әрекетінің материалдық негізі екендгі анэнцефал және микроцефал балаларға жүргізілген бақылаулар арқылы дәлелденіп отыр. Анэнцефалдарда үлкен ми сыңарлары болмайды. Медицина практикасында анэнцефалдың төрт жылға жуық өмір сүретіндігі туралы белгілі дерек бар. Олар еме алмайды, оларды тамақтандыру үшін күшпен оятып отырған. Оны тек сүтпен ғана тамақтандырған, себебі ол басқа тағамдарды жұта алмаған, заттарды қолмен ұстай алмайды, үйлесімді қозғалыстар жасай білмейді, жүре алмайды, ауыртатын тітіркендіргіштерге жауап қайтармайды. Онда сөйлеу мен ойлау қабілеті болмады. Микроцефалдардың бас сүйегі мен миы қалыпты жағдайдан тым кіші болады. Ондай балалардың миының салмағы бар болғаны 250-900 грамдай болған. Микроцефалдар кеш жүреді, кеш сөйлейді, олардың ақыл-есінің кемтарлығы анық байқалады. Ми қыртысының қызметін зерттеу әдістері. Ми қыртысының қызметін зерттеуде бірнеше әдістер қолданылады. Бұған тікелей жануарларға жасалатын тәжірибелер жатады. Кейбір тәжірибелер ұзақ уақыт бақылаулар жүргізуге негізделеді. Кеңінен таралған зерттеу әдістерін атап өтейік. 1. Ми қыртысының кейбір учаскелерін алып тастау. Жануарларда жарақаттанған жері жазылғаннан кейін операцияның әсерінен кейін пайда болған өзгерістер байқалады. Соған қарап қыртыстың осы учаскесінің маңызы туралы қорытынды жасалады. 2. Электр тогымен тітіркендіру әдісі. Жануарлар миына электрод орнату немесе адам миына операция жасау арқылы ми қыртысының әр түрлі нүктелерін электр тогымен тітіркендіреді. Мұндай операция кезінде адам зерттеушінің сұрақтарына жауап қайтарады және осы кездегі өзінің сөзін білгендерін айтады. 3. Химиялық тітіркендіру әдісі. Бұл әдіс тәжірибе жасалатын жануарларға ғана қолданылады. Стрихнин ерітіндісіне батырылған сүзгі қағазды ми қыртысының жалаңаштанған аймағына қояды. Стрихнин жүйке клеткаларының қозғыштығын арттырады, оған қайтарған жануар реакциясына қарап зерттеліп отырған аймақтың қызметі туралы қорытынды жасалады. 4. Электроэнцефалография әдісі. Жүйке ұлпасында тыныштық және қызмет атқаруы кезінде онда әлсіз, әр түрлі сипаттағы электрлік потенциал тербелістері пайда болады. Бұл тербелістерді зерттелетін адамның бас терісіне бекітіліп, электродтармен жалғастырылған арнайы жазатын аппараттарымен тіркейді. 5. Клиникалық әдіс. Дәрігерлер миына қан құйылған, миы жарақаттанған, миында ісік бар адамдардың мүшелерінің және мүшелер жүйесінің қызметіндегі өзгерісін бақылайды. Егер ауру адам мидың зақымдануынан қайтыс болса, оның миын тексергенде, қандай аймағында өзгеріс болғанын анықтайды. Жоғарыда аталған зерттеу әдістері ми қыртысы қызметінің тек жекелеген мәселелеріне ғана жауап бере алады. Мұндай қызметті И.П. Павлов шартты рефлекстер әдісі арқылы ғылыми түрде зерттеді. Қазіргі кезде бұл әдіс электорэнцефалография әдісімен қоса жүргізіледі. Әр түрлі зерттеу әдістерін қолдану арқылы ми қыртысында 50-ден астам аймақтың бар екендігі анықталды, оларда организмнің түрлі қызметі шоғырланған. Әсіресе үлкен ми сыңарлары қыртысының, яғни сезім мүшелерінің қызметімен байланысты аймақтардың маңызы өте ерекше.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 89; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.) |