Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары

Поиск

Ұйқы безі

 

 

 

 


  Диабет ауруында ең алдымен көмірсу алмасуы бұзылады. Организм клеткалары көмірсуларды пайдаланбай, бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің жасалу мөлшері төмендеп, керісінше оның ыдырауы күшейеді. Нәтижесінде қандағы қанттың мөлшері артады, гипергликемия пайда болады. Қант қалыпты 4,4-6,6ммольден 8-12 ммоль\л, кейде одан да жоғары болуы мүмкін және ол зәр арқылы сыртқа шығарылады, глюкозурия байқалады. Қан қысымының артуына байланысты тәуліктік зәрдің мөлшері көбейеді (8-10л дейін) Полиурия пайда болады. Организмнен судың көп шығарылуы шөлдегіштікті яғни полидипсияны тудырады. Диабет ауруында май алмасуда бұзылады. Бауырдағы гликогеннің азаюы деподағы майдың бауырға тасмалдауына әсерін тигізеді, қанда гиперлипемия пайда болады. Бұл бауырдың майлануына әкеп соғады. Осыған байланысты майдың кетонды – ацетонды заттарға деген тотығуы күшейеді. Қандағы кетонды заттардың концентратциясы артады. Кетонемия дамып кейін ол- кетонурияға айналады.Қанда ацидоз байқалады, қанның рН өзгереді сөйтіп, улану белгісі –диабеттік кома дамиды.

Диабетте белок алмасуы да бұзылады. Ұлпадағы көмірсудың азаюына байланысты белоктік заттарды көмірсу қоры ретінде пайдалану басталады, яғни глюконеогенез пайда болады. Денеде белоктың ыдырау өнімдері жиналып, азотемия – белок ыдырау өнімдері көбейеді.

  Зат алмасуға әсері. Денені діріл басады жүрек қағып, терге шомылады. Қан тамырлары зақымданады. Көру қабілеті төмендейді. Жүйке жүйесінің, тамырларының зақымдануы әр түрлі полиневриттерге себеп болды. Қант диабеті атеросклероздың тездеп дамуына әсер етеді.

Қант диабеті – бұл өте ауыр сырқат. Көптеген ғылыми, тәжірибелік және клиникалық зерттеулер қант диабетінің даму механизмінің себебін анықтауға ғана емес, сонымен қатар оның пайда болу мүмкіндігін білуге бағытталған. Өкінішке орай қант диабетінің алдын – алу мүмкін емес, бірақ оны ерте анықтау мүмкіндігі бар. Бұл – иммуннодиагностика глюкозаға толеранттылық тестігі. Қант диабетінің патогенезі туралы білім деңгейі бір шама ұсыныстар беруге көмектеседі. Бұл ұсыныстарымыз қант диабетінің І немесе ІІ түрімен ауыратын науқастары бар жанұяларға әр түрлі беріледі. (ИТД)- Инсулинге тәуелді диабет ауыратын ата – аналардың балалары арнайы тексеруден өтіп, қант диабетінің дамуына қауіп – қатер факторы анықталса, олар ерекше көңіл аудару тобына бөліну қажет.

Эпидемиялық паротит, туа пайда болған қызылша, көксаки вирусы және т.б жұқпалы аурулар өте үлкен қауіп төндіреді. Жұқпалы аурумен ауырған қауіп – қатер тобындағы адамдарға глюкозамен жүктеме сынамасын жасау және ұйқы безі аралшықтарыныдағы антидене бар екендігін анықтау қажет.

ИТЕД (инсулинге тәуелді емес диабет) ІІ түрлі барлық нұсқаулардың 75 – 80 пайызын құрайды. Оның өзіндік ерекшеліктері болады. Қант диабетінің бірінші түріне қарағанда бұл түрінде тұқым қуалау мүмкіншілігі жоғары дәрежеде болуына қарамастан, қант диабетінің дамуына әкелетін сыртқы фактор тамақты мөлшерден тыс қолдану болып табылады.

Сондықтан қант диабеті ІІ түрімен ауыратын науқасы бар жанұяларды да тамақты мөлшерден тыс жеуге қарсы күрес жұмыстары жүргізілуі қажет. Семіру физиологиялық қалыппен әрқашан сәйкес болуы керек, жүйелі дене шынықтырумен айналысу өте пайдалы.

Қант диабетінің екі түрі де қатаң диета сақтауды талап етеді. Сонда ғана қандағы қанттың деңгейін қалпына түсіру немесе қанттылықты кеміту үшін қолданылатын дәрі – дәрмектер пайдалануды едәуір азайтуға болады.

Тыйым салынған тағамдар: қант, бал тосаптар, кәмпиттер, кондитерлік және ұнды дәмдер, тәтті жеміс - жидектер. Сол сияқты семіз сиыр, қой, шошқа, балық, үйрек, қаз етін, шошқа майын, ұйытылған сүт, балмұздақ, шарап ішуге қатаң тиым салынады.

Сонымен қатар қант диабетімен емделу кезінде бұдан басқа да талаптарды да дұрыс орындаудың маңызы зор. Мәселен: кешке қарай 30 минут таза ауада серуендеу қажет. Ауасы тазартылған бөлмеде ұйықтау ыңғайлы, үйреншікті жағдайды орнықтырып, тұла бойды еркін ұстау, күні бойы «жабысқан» жағымсыз ойлар мен әсерлерден арылу – міне осының бәрі кеселден жазылып, денсаулығыңызды қалпына келтіруге мүмкіндік жасайтынын жадыңыздан шығармаңыз.  

Адам және жануарлар организмі дамудың «онтогенез» деп аталатын циклін бастан өткізеді. Онтогенез дегеніміз жұмыртқа клеткасы ұрықтанғаннан бастап ағза өлгенге дейінгі аралықтағы даму кезеңі. Онтогенездік дамудың біраз уақыты жатырда өтеді, оны антенатальдық немесе пренатальдық онтогенездік даму деп атайды. Дамудың келесі сатысы организм туылғаннан бастап өлгенге дейінгі аралықты қамтиды. Мұны постнатальді онтегенездік даму деп атайды. Онтегенездік дамудың барысында дененің массасы мен көлемі ұлғайып, жеке мүшелері өседі. Мұнымен қатар көптеген сапалық өзгерістер – организмінің жекелеген физиологиялық жүйелері қалыптасып дамиды. Тұқым қуалаушылықтың ақпараттық механизмдері организм дамуының бастапқы кезеңінде –ақ іске қосылып, организмнің одан әрі дамуы мен қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Зат алмасу процесінің тұрақты жүруі мен клеткалардың қалыпты қызмет атқаруы – ішкі сұйықтың (қан, лимфа, ұлпалық, сұйық,т.б.) химиялық құрамы мен физикалық және химиялық қасиеттердің тұрақтылығына тікелей байланысты. Денедегі ішкі сұйық заттардың жиынтығын К.Бернар ағзаның «ішкі ортасы» деп атаған.

Американ физиологы У. Кеннон бұл концепцияны ұлғайтып, одан әрі дамытты. Ол ішкі ортаның тұрақтылығын реттейтін механизмдер мен жүйелерді зерттей отырып, организмнің ішкі ортасының химиялық құрамы мен оның физикалық және химиялық қасиетін тұрақты сақтауға бағытталған қасиетін «гомеостаз» (грек сөзінен homoios- тәрізді, stalls- тұрып қалу, қозғалмайтын) деп атады.

Биология мен медицина ғылымдарының табыстары гомеостаз туралы көзқарасты одан әрі кеңейте түсті. Гомеостазды тұрақты сақтауға организмнің барлық жүйелері қатысатын болса, өз кезегінде, гомеостаз жүйелердің қалыпты қызмет атқаруына ықпал етеді. Егер организмнің ішкі ортасының химиялық құрамы мен физикалық және химиялық қасиеттері өзгеретін болса, оларды тұрақтандыруға бағытталған көптеген физиологиялық жүйелер де біртіндеп активтеніп, іске қосылады. Мысалы, клеткадан тыс ортада судың мөлшері азайып кетсе, қандағы вазопрессин гормонының концентрациясы көбейеді. Вазопрессин - бүйрек арқылы сыртқа шығарылатын суды қайтадан денеге сіңіреді. Сонымен, денеде жүріп жатқан кез келген физиологиялық процестер эндокриндік механизмдердің қатысуымен жүреді.

Организмнің жатырлық дамуының бастапқы кезеңдерінде олардың физиологиялық функцияларын реттеуді дамып келе жатқан клеткалардың өз ішінде түзілетін химиялық заттар атқарады. Функцияларды реттеудің осы сияқты жолдары организм дамуының кейінгі кезеңдерінде де сақталып, белгілі бір шектелген аумақты ғана қамтитын болады. Жоғары сатыдағы жануарлар ағзадағы ұлпалық реттелу процестері, көбіне осы жолмен жүзеге асады. Қарапайым организмдер тіршілігінде кең тараған функцияларындағы реттеу ролін зат алмасу барысында түзілетін клеткаішілік химиялық активаторлар деп аталатын химиялық заттар атқарады. Пайда болған химиялық активаторлар өзара жақын орналасқан бір клеткадан екіншісіне еркін таралып отырады. Эволюциялық дамудың барысында жүйке жүйесі қалыптасты және көп клеткалы ағзалардың жекелеген мүшелерінің өзара үйлесімді қызмет атқаруында жетекшілік рольге ие болды. Дамудың ондай кейінгі барысында жүйкелік элементтердің кейбіреулері биологиялық активті заттар түзіп, оларды сыртқа шығара алатын қасиетке ие болды. Жүйке клеткаларының мұндай жүйелерін нейро-секреторлық клеткалар деп атайды. Кейінен эндокриндік мүшелер немесе ішкі секреция бездері пайда болып, қалыптасады. Ішкі секрециялық бездерде түзілетін секреттер бірден қанға өтіп, өздері түзілген жерден алшақ орналасқан мүшелермен жүйелерге әсер етеді.

       Сонымен функцияларды реттеу жүйесінің эволюциясы мына бағытты дамыған: клеткаішілік химиялық заттар, жүйке клеткалары, нейросекроторлық клеткалар, эндокриндік мүшелер. Омыртқалы жануарлар организмінде жоғарыда келтірілген реттеу механизмдері барлық түрі сақталған. Бірақ ағзаның біртұтастық қасиетін сақтап, оны қоршаған орта жағдайымен сәйкестендіруде жүйке жүйесі ерекше роль атқарады.

       Эндокриндік мүшелерге секреторлық қасиет тән, олардың мөлшері үлкен болмайды, бірақ қанмен мейлінше мол жабдықталған. Безде қан тамырлары капиллярлар торын құрайды, сондықтан безде түзілген өнімдер бірден қанға өтіп отырады. Эндокриндік бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрек үсті, ұйқы және жыныс бездері жатады.

       Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: 1) Бірыңғай эндокриндік қызмет атқаратын бездер. Оларға қалқанша, қалқансерік бездері, гипофиз, эпифиз, бүйрек сүті бездері, плацента мен айырша без жатады. 2) Аралас қызмет атқаратын бездер. Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.

       Эндокриндік реттеу деп бір бездің гормондарының екінші бір бездердегі гормондардың түзілуі мен шығарылуына тигізетін әсерін айтады. Ішкі секреция бездерінің функциясын реттеуде гипофиздің алдынғы бөлімі ерекше роль атқарады. Егер гипофизді хирургиялық жолмен алып тастаса, денедегі бездер гормондар түзуін тоқтатып, солып қалады. Гипоталамустың зақымдануы да осындай өзгерістерге әкеп соғады. Бұдан гипофиздің троптық функциясының гипоталамуста түзілетін пептидті гормондарға тәуелді екендігін көруге болады. Егер гипофизі алынып тасталған жануарға гипофиздік троптық гормондарын енгізсе бездер қызметі бастапқы қалпына келеді. 

Гормондар мен биологиялық активті заттардың (БАЗ) табиғаты әртүрлі. Гормондар құрылымының күрделілігіне байланысты олардың әсері де әртүрлі болады. Мысалы медиаторлар әсері секундтық бір бөлігіндей болса, петидтерде бірнеше сағатқа, ал стероидты гормондар мен иодтирониндер тәулікке дейін әсер етеді. Гормондардың химиялық құрылымдарын, физикалық- химиялық қасиеттерін талдау олардың әсер ету механизмін түсінуге әртүрлі сұйық ішінен бар – жоғын анықтауға көмектеседі.

Гормондар мен БАЗ – дың құрылымы бойынша жіктелуі                               

1. Амин қышқылы тектес:

Тирозин тектес: тироксин, трийодтиронин, дофомин, адреналин, норадреналин;

Триптофан тектес: мелатонин, серотонин;

Гистидин тектес: гистамин.

2. Белок – пептид гормондар:

полипептидтер: гликоген, кортикотропин, меланотропин, вазопрессин, окситоцин, қарын – ішек пептид гормондары:

жай белок – протеиндер: инсулин, соматотропин, пролактин, паратгормон, кальцитонин.

күрделі белоктар: гликопротеиндер, тиреотропин, фоллитропин, лютропин.

3. Стероидгормондар: кортикостероидтар: альдостерон, картизол, кортикостерон; жыныс гормондары: андрогендер (тестостерон), эстрогендер мен прогестерон.

4. Май қышқылдар тектес:

Арахидон қышқылы мен ол тектес: простогландиндер, простациклиндер, тромбоксондар, лейкотриндер.  

Гормондардың қызметі:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

1. Гормон қашықтан (алыстан) әсер етеді, яғни олар өзінің жасалған жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер етіп алады.

2. Гормондар ағза қызметін гуморальды реттеуге аралық роль атқарады. Бұл реттеуде басты бағыттаушы рольді орталық жүйке жүйесі атқарады, ал ішкі секреция бездері көбінесе оның әсерін күшейте не әлсірете отырып, эфференттік (шекті) вегетативті және сомалық жүйелермен қатар қызмет жасайды.

3. Гормондардың арнайы әсері бар. Соған байланысты белгілі бар гормонның жетіспеушілігін, екінші гормонмен немесе басқа биологиялық белсенді затпен алмастыруға болмайды.

4. Барлық гормондар биологиялық белсенділігі жоғары болады. Мысалы, тироксиннің 1:100 млн, адреналиннің 1: 100 млн сұйтылғанда да әсер етеді, ал 1 грамм инсулин 12500 қоянның қандағы қант деңгейін төмен түсіре алады.

5. Гормондар өте тез, бірақ қысқа мерзімде әсер етеді. Олардың өте тез әсер етуі клетка мембранасы арқылы тез өсуі біршама төмен молекулярлық салмағына байланысты. Ал әсердің қысқа мерзімді болуы олардың ұлпалық ферменттердің ықпалымен ыдырауына және денеден сұйрық арқылы жеңіл шығарылуына байланысты.

6. Барлық гормондар тек организмнің қызметтеріне ғана емес, олардың құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда морфологиялық өзгерістер туғызуы мүмкін, кейде ағзалар ұлпаның өсуін күшейтіп, кейде тежейді. Гормондар зат алмасу қарқынында әрі РНК – сіне басқа нуклеин қышқылдарының жасалуына әсер етеді. Эндокринді бездердің патологиясы кезінде адамның бет - әлпеті соншалық өзеруі мүмкін, бұл өзгерістер негізінде тез диагноз қоюға болады – акромегалия, гигантизм және т.б.

7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар клетка жоқ ортада жүретін химиялық процестерге арнайы әсер етпейді. Бірақ әртүрлі ферменттер арқылы химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ете алады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 72; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)