Шартсыз және шартты рефлекстер. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Шартсыз және шартты рефлекстер.

Поиск

И.П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа бөлген: шартсыз және шартты деп. Шартсыз рефлекстер туа пайда болады, тұқым қуалайды және тұрақты. Шартты рефлекстер организмнің тіршілік ету жолында пайда болады, тұқым қуаламайды, тұрақты емес. Шартты рефлекстердің пайда болуы әр адамның жоғары жүйке әрекетінің жеке басының жүйке жүйелерінің қасиеттеріне байланысты. Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған мағлұматын, мінез-құлықтарын жоғары жүйке әрекетінің топтары деп жинақтайды.

Адам үлкен ми сыңарлары қыртысының әрекетін жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет (ЖДЖҚ) деп атайды. ЖДЖҚ организмнің күрделі мінез-құлығының нейрофизиологиялық негізі болып табылады. Үлкен ми жарты шарлары қыртысы, алдыңғы мидың қыртыс асты ядролы, аралық ми құрылымдары оның морфологиялық негізі болып саналады. ЖДЖҚ организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына бейімделуін, оның қоршаған ортамен күрделі қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Функционалдық тұрғыдан ЖДЖҚ организмнің сыртқы орта жағдайларына мүлтіксіз бейімделуін қамтамасыз ететін туа қалыптасқан және жүре пайда болған механизмдердің жиынтығы.

Мінез-құлық деп организмнің өз мұқтаждығы мен қоршаған орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін күрделі әрекетін айтады. Ол организмге сыртқы орта мен өзінің ішкі күйін сезінуді, әр түрлі әсерлерге тиімді жауап қайтаруды қамтамасыз ететін барлық процестердің жиынтығы. Мінез-құлық тек қимыл-әрекеттермен ғана бейнеленбейді. Бұл процестердің көпшілігі сыртқа білінбей, жүйке жүйесінің өзінде ғана жүреді, белсенді қимыл-әрекетке жалғаспайды, ал кейде ол мықты белсенділік тудырады. Осымен байланысты мінез-құлықтық әрекеттер әлі анық жіктелмеген. Бірақ зерттеушілер мінез-құлықты қоректік, жыныстық, қорғаныстық, ата-аналық т.б. деп бөледі. Тіршілікте мінез-құлықтың аталған түрлері бір-бірімен ұштасып, біте қайнасып, бір-бірінен туындап жатады.

ЖДЖҚ шартты және шартсыз рефлекстердің ара қатынасына негізделген, сондықтан ол жануарлар дүниесінің даму жолында өзгеріп, күрделеніп отырады. Төменгі сатыдағы омыртқалыларда мінез-құлықтың табиғи, туа қалыптасқан әрекеттері басым болады. Жануарлар эволюциясына байланысты жүре біткен әрекеттер үлесі артады да, ол жоғары дәрежелі жүйкелік қызметтің басым түріне айналады, шартты рефлекстер күрделіленіп, олар организмнің сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін реттеуші фактор болып шығады.

Сонымен, ЖДЖҚ – орталық жүйке жүйесінің, атап айтқанда үлкен ми жарты шарларының, шартты рефлекс түрінде байқалатын әрекеті. Ол организм мен тіршілік ортасының ара байланысының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді.

ЖДЖҚ-ін мына әдістермен зерттейді.

1. Жануарлардың мінез-қылығын бақылау.

2. Ми қыртысын тітіркендіру.

3. Ми қыртысын, немесе оның жеке аймақтарын, сылып тастау.

4. Ми жарты шарлары қыртысының биотогын жазу.

5. Шартты рефлекстер әдісі.

6. Кибернетикалық әдістер.

ЖДЖҚ жайлы ілімнің негізін орыстың ұлы ғалымы И.П.Павлов салған. Ол үлкен ми жарты шарларының шартты рефлекспен бейнеленетін әрекетінің негізінде үш принцип жататынын айқындады. Олардың алғашқысы – құрылымдық принципі. Бұл принцип бойынша үлкен ми жарты шарларының кез келген физиологиялық әрекеті белгілі бір құрылыммен байланысты. Қандай бір болмасын шартты рефлекстік әрекет мидың белгілі бір субстраты қызметінің бейнесі. Жаңа уақытша байланыстың пайда болуы осы субстраттың физиологиялық қасиеттерін өзгертіп, оны анализатор (талдағыш) орталығы мен эффекторға импульс бағыттайтын орталықтар арасындағы тітіркеніс өткізетін адекваттық өткізгіш жолға айналдырады.

   ЖДЖҚ-ның екінші принципі – себептілік (детерминизм) принципі. Бұл принципке сәйкес үлкен ми жарты шарлары әрекеті белгілі бір сыртқы не ішкі түткінің салдарынан туындайды. Түрткісіз шартты рефлекстік акт атқарылмайды. Сыртқы әсер ерекшеліктері ЖДЖҚ –нің сипатын анықтайды.

ЖДЖҚ-нің үшінші принципі – талдау (анализ) және жинақтау (синтез). Организмге қауіпті жағдайда бір мезгілде бірнеше тітіркендіргіш қатар әсер етеді. Ми қыртысында осы тітіркендіргіштер жіктеліп, талданып, олардың негізгі элементтері құрамалары анықталады. Талдаудың нәтижесінде заттардың қасиеттері, түсі, пішіні, иісі, температурасы болып ажыратылады. Талдаудан кейін жинақтау процесі жүреді де тітіркендіргіштің жеке элементтері белгілі кешенге топтастырылады, жинақталады. Осыдан заттың жеке қасиеттерінің түйсіктері сол заттың тұтас бейнесіне айналады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 95; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.008 с.)