Негiзгi және қосымша әдебиеттер. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Негiзгi және қосымша әдебиеттер.

Поиск

 Негiзгi әдебиеттер:

44. Сапарғалиев С. Қазақстанның мемлекет және құқық негiздерi. Алматы. 1997ж.

45. Сапарғалиев С. , Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы . Алматы. Жетi- Жарғы. 2007ж.

46. Сапаргалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан. – Алматы, 2002

47. Е.Баянов., Мемлекет және құқық негіздері. Алматы 2001ж.

48. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы . Алматы, 2001

49. Жоламан Қ.Д., Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. «Жеті жарғы» 1999ж.

50. Лазарев В.В. Общая теория права и государства М. «Юрист», 2000г.

51. Абдулаев М.И. Основы права: Учебник для вузов СПб.: Питер, 2004

52. Абдулаев М.И. Теория государства и права: Учебник. СПб., 2003

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Сапарғалиев С. Заң терминдерiнiң сөздігi. Алматы. Жетi- Жарғы. 1996ж. 

2. Ибраева А.С. Теория государства и права. А., «Жеті жарғы» 2000.

3. Қопабаев Ө.Қ., Өзбекұлы С. Мемлекет және құқық теориясы, Алматы, 2007 

4. Хропанюк В.Н. Теория государство и права. М, 1998

5. Общая теория государства иправа: Академический курс в 2 томах./ отв. ред. М.Н.Марченко. М., 2001

6. Баққұлов С.Д. Мемлекет жене құқық негіздері. Алматы

7. Дулатбеков Н.О., Амандыкова С.К., Турлаев А.В., Основы государства и права современного Казахстана. ИКФ «Фолиант» Астана 2000г.

8. Под редакцией проф. В.М.Корельского и проф. В.Д.Перевалова "Теория государства и права" - М.2000г.

9. Под редакцией В.В.Лазарева."Общая теория права и государства" - М.: Юристъ, 2000г.

10. Толковый словарь Конституции Республики Казахстан. А., 1996.

11. Сапаргалиев Г.С. «Конституционное право Республики Казахстан», Алматы «Жеты Жаргы», 2002.

12. Сагиндыкова А.Н. Конституционное право Республики Казахстан.-Алматы: Білім.1999г.

13. Еркин Абиль "История государственного права Республики Казахстан с древнейших времен до нач. XX века" Астана 2000 г.

14. Конституция 16 стран мира: Сб. Конституция стран членов СНГ, Балтии и ряда других государств мира А., «Жетi жаргы» 1995г.

15. Абельдинов А.К., Копабаев О.К. Конституционное право зарубежных стран. А., 1997г.

16. Котов А.К. Суверенный Казахстан: Гражданин, нация, народ (вопросы конституционного права). А., «Жетi жарғы» 1997г.

17. Сейдеш Б.Б. Әкімшілік құқық пәні бойынша дәрістер. А., 2004  

18. Ибрагимов Х.Ю. Административное право РК. А., 2000

19. Таранова А.А. Административное право Республики Казахстан. Алматы, 1996г.

 20. Алехин А.П., Кармолицкий А.А., Козлов Ю.М. Административное право Российской Федерации: Учебник. – М.: 1997

21.  Ибраева А.С. Правовая культура общества: теория и практика. А., 2002г.

22. Гражданское право (академический курс). Т.1 под ред М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина, Алматы, 2000 г.

23. Төлеуғалиев Ғ. ҚР Азаматтық құқығы. Алматы, 2001

24. Айтжан Б.Е., Шіркінбаев Т.Б. Отбасы құқығы. Оқу құралы

25. Худяков А.И., Финансовое право  «общая часть»  Алматы. «Баспа» 2001 г.

26. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть. А.: Каржы-Каражат. 1995г.

27. Финансовое право. Сборник нормативно-правовых актов.

28. Артемов Н.М.,Горбунова О.Н.,Денисова И.Г. и др.Финансовое право.-М.:Юрист,1996г.

29. Абузярова Н.А. ''Трудовое право'' Алматы 2002 г.

30. Хамзин А.Ш. Трудовое право РК. Астана, 2004

31.Сергунина В.М., Андреев А.В. Все о ваших правах в трудовых отношениях. А., 2007

32. И.У.Рогов, М.А. Сарсембаев, Уголовное право. Учебное пособие.Алматы: Гылым.1998.

33. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. А., 1999

34. Кушумбаев А.А. Экологическое право Республики Казахстан- Астана, 2001

Нормативті құқықтық актілер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30-тамыз 1995ж

2. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заң». 16 желтоқсан 1991ж.

3. «Қазақстан Республикасының білім туралы» заңы 7 маусым 1999ж.

4. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы конституциялық заң». 26 желтоқсан 1995ж.

5. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі жайлы конституциялық» заң.

6. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы конституциялық» заң.

7. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заң. 28 қыркүйек 1995ж.

8. «Республикалық референдум туралы» заң. 2 қараша 1995ж.

9. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және соттардың мәртебесі жайлы» конституциялық заң. 25 желтоқсан 2000ж.

10. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлер туралы» заңы. 2 шілде 1999ж.

11. «Қазақстан Республикасының азаматтық туралы» заңы 20желтоқсан 1991ж.

12. «Қазақстанның тіл туралы заңы» 11 шілде 1997ж.

13. «Қазақстан Республикасының Жемқорлықпен күрес туралы» заңы. 23 шілде 1998ж.

14. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» 2007ж 15 мамыр

15. «Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы» заңы. 17 желтоқсан 1998ж.

16. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі». 2002ж.

17. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс-жүргізу кодексі».

18. «Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексі

19. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі». Жалпы бөлім. 27 желтоқсан 1994ж.           

20. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі». Ерекше бөлім. 1997ж.      

21. «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі»

22. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі». 16 шілде 1997ж.

23. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу кодексі»

24. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі»

25. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңы 31 тамыз 1995ж.

26. «Қазақстан Ресмпубликасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңы 26 маусым 1998ж.

27. «Қазақстан Республикасының нормативтік актілер туралы» заңы. 1998ж.

 

Интернет көздер.

www. mingust. kz.

www.zakon.kz.

www.edu.gov.kz

www.e.gov.kz

www.akorda.kz

www.wikipedia.ru

www.minfin.kz

www.medialawsa.org

www.balazan.kz

www.supcourt.kz

Глоссарий

Макиавеллизм – билікке жетуде барлық әдістерді (күш, алдай, сатқындық, т.б.) қолдануға негізделген саясат.

Плюрализм – алуан, көптүрлілік. Саяси плюрализм - саяси күштердің көп түрінің болуы, көп партиялы жүйе.

Зайырлы мемлекет – мемлекет діни бірлестіктерден бөлек және олардың істеріне араласпайды.

Мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;

 

Лауазымды адам - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүйеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындайтын адам;

 

Салық – жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, заңда белгіленген мөлшерде және уақытта, заңды және жеке тұлғалардан міндетті түрде, қайтарылмайтын, ақысыз негізде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер.

 

Алымдар заңды және жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдері.

 

Бюджет – мемлекеттің қызметі мен мақсатын қаржылық қамсыздандыру үшін ақша құралдары қорының құрылу және бөліну нысаны. Бюджет белгілі-бір аймақтың заңды тұрғысынан бекітілген қаржы жоспары.

 

Қаржылық жыл – күнтізбелік жылға сәйкес, яғни 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығы.

 

Қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер - белгiлi бiр мерзiмге арнап белгiленетiн қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтiк көлемi;

 

Қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердiң озон қабатын, жер бетiндегi және жер астындағы суларды, жердi, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ осылардың өзара әрекетiнен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлердiң жиынтығы;

 

Аралық келiсiм- шарт тараптарының туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды аралық соттың қарауына беру туралы жазбаша келiсiмi;

Аралық сот - тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот, биржалық төрелiк немесе тараптар нақты дауды шешу үшiн құрған аралық сот (бұдан әрi - нақты дауды шешуге арналған аралық сот);

Аралық сотта iс қарау- аралық сотта дауды қарау және аралық соттың шешiм қабылдау процесi;

Құзыреттi сот- Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес тиiстi шарт тараптары арасындағы дау туралы iстi бiрiншi сатыда қарауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң соты;

Азаматтардың құқық қабiлеттiлiгi – азаматтық құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi

 Азаматтардың әрекет қабілеттілігі – азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады.

 

 Деликтоқабілеттілік– азаматтардың өз әрекеттері не әрекетсіздігі (құқықбұзушылық) үшін жауап бере алу қабілеті.

 

Меншік құқығы – субъектінің заң құжаттары арқылы бекітілетін және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы

 

Гипотеза:олардың барлығы немесе жоқтығына қарай норма жүзеге асатын нақты өмірлік жағдайларды көрсететін құқықтық норманың бөлігі.

Диспозиция: жүріс-тұрыс ережесінің өзіне сілтеме жасайтын құқықтық норманың бөлігі.

Санкция:заң нормасын бұзу нәтижесінде туындайтын ұтымсыз салдарды көрсететін құқықтық норманын бөлігі, яғни бұл жазалау шарасы, құқық нормаларын сақтамау үшін жауапкершілік.

 

Кодификацияактілерді сырттай сондай-ақ іштей өңдеуді қамтиды. Инкорпорация нормативті актілерді белгілі бір тақырыптарды қамтитын нышандарына қарай жүйелейді. Сондықтан да бұл саралау пәндік және хронологиялық белгілер негізінде жүйеге келтіру болып табылады.

Инкорпорация нәтижесінде нормативтік актілер қоғамдық қатынастарды белгілі бір салаларын реттеудегі белгі нышандары бойынша біріктіріледі

Консолидация барысында бірнеше нормативтік актілерді бір ірі құрамаға біріктіреді.

 

Мәмілелер - Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді анықтауға, өзгертуге немесe тоқтатуға бағытталған әрекеттері.

 

Филиал– заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн, соның iшiнде өкiлдiк мiндетiн жүзеге асырушы оқшау бөлiмшесi

Өкiлдiк– заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мүдделерiн қорғау мен өкiлдiгiн жүзеге асыратын, оның атынан мәмiлелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi

Айлық жалақының ең төменгі мөлшері - біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек қызметкері қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төменгі мөлшері;

еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі;

Еңбек стажы - қызметкер еңбек міндеттерін жүзеге асыруға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт;

Еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;

Ереуіл- жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауында өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмысты толық немесе ішінара тоқтату;

Жалақы - қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;

Жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

Кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;

Қауіпсіздік нормалары- қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

Қауіпті еңбек жағдайлары - еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері қызметкердің жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не өлімі туындайтын еңбек жағдайлары;

Қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;

Өндірістік жарақат - қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы;

Неке- ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгiленген тәртiппен тараптардың ерiктi және толық келiсiмi жағдайында жасалған еркек пен әйелдiң арасындағы тең құқықты одақ

Жалған неке - отбасын құру ниетiнсiз заңда белгiленген тәртiппен жасалған және ерлi-зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерiн туғызбайтын неке;

Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы;

Неке жасы - адамның некеге тұру құқығына жеткендегi жасы;

Мүлiктiң шарттық режимi - ерлi-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгiленген меншiгiнiң режимi;

Суррогат ана шарты - балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бiтiрудiң жасанды әдiсiн немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келiсiмiн берген әйелдiң арасындағы келiсiм;

Патронат- уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адамның (патронат тәрбиешiнiң) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берiлетiн тәрбие нысаны;

Алименттер – алуға құқығы бар екiншi адамға бiр адам беруге мiндеттi болатын асырау қаражаты;

Жақын туыстары – ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;

Қорғаншы (қамқоршы) – қорғаншылық пен қамқоршылық жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған адам;

Қорғаншылық (қамқоршылық) – кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi) деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудың құқықтық нысаны;

Репродукциялық денсаулық – адамның толымды ұрпақ туғызуға қабiлетiн көрсететiн денсаулығы;

Суррогат ана – суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бiтiру, оны көтеру және туу;

Қорғаншы және қамқоршы орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы.

Кінәсіздік презумпциясы – адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептелуі.

Қылмыс - жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) қылмыс деп танылады.

 

Қылмыс санаттары – әрекеттер сипатына және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне қарай қылмыстардың жіктелуі.

Қасақана жасалған қылмыс – тiкелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады.

Абайсызда жасалған қылмыс – менмендiкпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.

 

Орындаушы- қылмысты тiкелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бiрге тiкелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есiнiң дұрыс еместiгiне немесе басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекеттi абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам

Ұйымдастырушы - қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) құрған не оларға басшылық еткен адам.           

Көмектесушi - кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскердi, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың iзiн не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күнi бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткiзуге күнi бұрын уәде берген адам

Жаза-соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы.

Бандитизм – азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құру, сол сияқты осындай топты басқару

Алаяқтық – ұрлау немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алу қандай қылмыс.

 

Вандализм – өлгендердiң мәйiттерiн қорлау не олар жерленген жерлердi, құлпытас құрылыстарын немесе жерлеуге немесе еске алуға байланысты рәсiмдер өткiзуге арналған зират үйлерiн жою, бүлдiру немесе аяққа басу

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.)