Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Лекция Мемлекеттік басқару негіздеріСодержание книги
Поиск на нашем сайте 7 Лекция Мемлекеттік басқару негіздері 1. Мемлекеттік басқару жүйесі, ұйымдастырылуы және нысаны 2. Мемлекеттік қызметке кіру шарттары Мемлекеттік басқару- арнайы субъектілер –мемлекеттік басқару органдары жузеге асыратын атқару-өкімдік мінездегі қызмет. Мазмұны бойынша «атқару билігі» және «мемлекетттік басқару» деген арнайы сөздерді ажырату қиын. Атқару билігі органдарының функциялары мемлекеттік басқару функциялары да болып келетінің ескеру керек. Заңнама да осы тусініктер арасында айырмашылықты жургізбейді. Атқару органдары атқару-өкімдік органдар, яғни мемлекеттік басқару органдары болып келе береді. Сондықтан мемлекеттік басқару бұл-онын шенберінде атқару билігі жузеге асырылатын қызмет. Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіру тәртібі Мемлекеттік қызметке кіру: ҚР-ның 1999 жылғы 23 шілдедегі №453 «Мемлекеттік қызмет туралы» заңымен реттеледі. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру.Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлер туралы» заңы. 2 шілде 1999ж. 2. «Қазақстан Республикасының Жемқорлықпен күрес туралы» заңы. 23 шілде 1998ж. 3. www.minjust.kz 8 лекция. Әкімшілік құқық негіздері 1. Әкімшілік құқық негіздері. 2. Әкімшілік құқықбұзушылық. 3. Әкімшілік жаза
Әкімшілік құқық-мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және мемлекеттік басқаруды жузеге асырумен байланысты құқықтық бұзушылықтар ушін әкімшілік жауапкершілікті орнататын құқық саласы.
1. Құқық субъектілерінің мінез-құлқы (тәртібі) құқыққа сай және құқыққа қарсы болып келеді. Құқыққа сай дегеніміз мінез құлықтың құқық нормалары талабына сәйкестігі. Құқыққа қарсы мінез-құлық дегеніміз – құқық нормаларымен сайыспайтын, олардың талабына қайшы келетін іс әрекет (әрекетсіздік). Яғни, құқық бұзушылық дегеніміз қоғамға қауіпті, заң жауапкершілігін тудыртатын, деликоқабілеттілігі бар кінәлі адамның құқыққа қайшы іс әрекеті. Заң әдебиеттерінде құқық бұзушылықтың мынадай 4 белгілері туралы айтылады: 1) құқыққа қарсылығы - Әрекет – бұл белсенді мінез-құлық (тәртіп) актісі (адамды, жала жабу, зорлау, ҚР Конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге, оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру, т.с.с., яғни тыйым салынған құқықты бұзу). Әрекетсіздік - бұл қызмет бабында немесе өзге де жағдайларды орындауға тиісті міндеттерді орындамау (науқасқа көмек көрсетпеу, кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі, жұмысқа дәлелсіз себептермен шықпай қалуы, салақтық, қызметке селқос қарау т.б.) 2)кінәлігі - бұл жасалынған құқық бұзушылыққа субъектінің психикалық көзқарасы, көңіл күйі; 3) қоғамдық қауіптілігі – бұл мынадан көрінеді: құқық бұзушылық жасаған кезде тұлғаның қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне зиян келтіруінен; 4) жазаланатындығы – қандай да болмасын құқық бұзушылық заңдарда белгіленген жауапкершілікке тартылуы тиістілігі. Құқық бұзушылықтың заңдық құрамы – бұл мынадый 4 элементтердің жиынтығы: құқық бұзушылықтың объективтік жағы, объектісі, субъективтік жағы, субъектісі. Осы элементтердің біреуі ғана болмаса, онда құқық бұзушылықтың толық заңдық құрамы жоқ деп есептелінеді. Құқық бұзушылықтың объективтік жағы – бұл іс-әрекет не әрекетсіздік көрінісінің сыртқы нысаны, яғни белгілі –бір құқық бұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілерінің жиынтығы (мысалы, салық төлеуші салық инспекциясына қажетті құжаттарды тапсырмаған). Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы – жасалған құқық бұзушылыққа адамның психикалық күйін (кінәсін) сипаттайды. Дәлірек айтсақ, адамның өзінің іс-әрекетіне, оның зардаптарына және кінәсіне саналы көз-қарасын сипаттайтын ішкі белгілерінің жиынтығы. Оның міндетті негізгі белгісі – кінә, ал факультативтік белгісі – мақсат және мотив. Кінәнің екі негізгі нысаны бар: қасақана және абайсыздық. Қасақана – бұл кінәнің бір нысаны, адам өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын-ала білсе және осы зардаптың болуын тілесе немесе тілемесе де оған саналы түрде жол берсе. Тонау - , яғни бөтен мүлікті ашық ұрлау қасақана жасалған қылмыс деп саналады. Абайсыздық – кінәнің екінші нысаны, адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негізсіздерсіз болғызбау мүмкіндігіне сенсе. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі». 2002ж. 2. Таранова А.А. Административное право Республики Казахстан. Алматы, 1996г. 3. Григорьев В.И. Административное право РК. Алматы, 2005
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 98; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.) |