лекция. Қылмыстық атқару құқығы. Қылмыстық іс жүргізу құқығы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

лекция. Қылмыстық атқару құқығы. Қылмыстық іс жүргізу құқығы

Поиск

14 лекция. Қылмыстық атқару құқығы. Қылмыстық іс жүргізу құқығы

  1. Қылмыстық атқару құқығы
  2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы және сот төрелігі

  Қылмыстық атқару құқығы - жазаларды атқару және ықпал ететін түзеу шараларын қолдану процесінде және солар туралы пайда болатын коғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы.

"Материалдық құкық" деп аталатын жоғарыда айтылған құқық салаларынан басқа соттардың құқықтық нормаларды пайдалануларымен байланысты іс жүргізу құқығы деп аталатын да салалар бар.

  Қылмыстық іс жүргізу құқығы - құқықтың саласы, оның нормалары қылмыстық істерді қозғаумен, алдын-ала тергеумен, соттың қарауымен байланысты қызметті, оның тәртібі мен мазмұнын, осылардың арқасында пайда болатын құқықтық, қатынастарды реттейді. Қылмыстық іс жүргізу құқығы соттың, прокуратураның, анықтау және тергеу органдарының қылмыстық істерді тергеу мен қарау кезіндегі қызметтерін реттеуші болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу ұғымы және оның сот төрелігі ұғымымен арақатынасы

Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық. қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (прокуратура, алдын ала тергеу және анықтау жүргізетін органдар) мен сот болып табылады. Бұл мемлекеттік органдардың қызметтері бір-бірімен байланысты болса да, олардың өкілеттіктері бірдей емес. Мысалы, алдын ала тергеу органы істелген қылмысты ашып, оны істеген адамды әшкерелейтін дәлелдемелер жинағанның өзінде айыпталушының кінәлілігі жөнінде мәселені шешуге және оған жаза тағайындауға өкілетті емес. Яғни, заңмен орнатылған тәртіп бойынша, алдын ала тергеу жүргізу аяқталған соң қылмыстық іс зандылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жіберіледі. Ал прокурор тергеу органының жасаған тұжырымдарымен келіскен жағдайда бұл қылмыстық істі тиісті сотқа жіберуге міндетті. Содан кейін сот алдын ала тергеу жүргізу барысында жиналған дәлелдемелердің және айыптаушы мен қорғаушы жақтарының келтірген дәлелдемелерінің негізінде сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігі және оған жаза қолдану немесе колданбау жөнінде шешім шығарады.Сөйтіп, бұл қызмет тек кана заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады және қылмыс жөнінде заңды қолданумен байланысты болғандықтан қылмыстық процесс, яғни қылмыстық іс жүргізу деп аталады.                                                                                                                               

Пайдаланылған әдебиеттер:   

1. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу кодексі»

2. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі»

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.007 с.)