Пәндi зерттеу мiндеттерi. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Пәндi зерттеу мiндеттерi.

Поиск

   

Құқық негiздерi жоғарғы оқу орындарында негiзгi пәндердiң бiрi.

Құқықтық мемлекеттiң қалыптасуы жағдайында заңи ойлау, пайымдау, жалпы мәдениет пен құықтық мәдениеттi, заңи кәсiпкерлiктiң деңгейiн жоғары көтеру, заңдылықпен әдiлетке деген сенiмдердi нығайту, сезiмдердi жаңаша қалыптастыру және оларды тұрақты түрде дамытып отыру iстерiнiң мәнi мен маңызы арта түседi.

Сондықтан да, қазiргi кезеңде мемлекет және құқықты зерттеуде оның негiзгi қағидаттарына, заңдардың бiр әрпiнiң де бұлжытпай орындалуына назарды кеңiнен аудару қажет, сонымен бiрге заң пәрменiнiң рухани сипат-қасиеттерi мен ерекшелiктерiне болашақ заңгерлердi үйрету, пәнiне сiңiру, сөйтiп заңдарды дұрыс түсiну, түсiндiру және қолдану шеберлiктерiн қалыптастыруға аса көп көңіл аудару күн тәртiбiне қойылады.

Пән курсын оқыту және оны студенттерге үйрету iсiнде құқықтың өзiне, құқық идеяларына, құқықтың мемлекетпен байланыстылығына көңiлдi аса аудару қажет болады.

 

Ø  Курстың негізгі мақсаты:

§ Дәріс сабақтарында құқық негіздері бойынша материалдарды түсінікті әрі жеңіл қабылданатындай етіп жеткізу;

§ Құқық салаларының жүйелілігін, сабақтастығын және құндылығын ашу;

§ Кредиттік технология жүйесі бойынша студенттердің ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

 

Ø Күтілетін нәтижелер:

§ Студент мына бағыттар бойынша білімін, ізденімпаздық қабілеттерін көрсете білуі керек:

§ Курс бойынша семестр соңында алған білімін көрсете білу;

§ Сұрақтарға логикалық тұрғыда нақты жауап бере білу және рефераттарды қорғап, пікір айта білу;

§ Қазіргі күнгі нормативтік актілерге, оқиғаларға талдау және қорытынды жасау;

§ Нормативтік актілер мен баспасөз ақпараттарымен, электронды оқулықтармен, картамен, Интернет материалдарымен өздігінен жұмыс жүргізе білу;

§ Ғылыми жұмыс жүргізуге дағдысы болу.

 

Студентке қойылатын талаптар:

Дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысып, белсенділік көрсету студенттің міндеті және ол қортынды бағаның негізгі құрауышы болып табылады. Дәрістер оқулықтың негізгі тарауларын қамтығанмен, осы материалды толық түсініп меңгеруге арналған көптеген теориялық мысалдар тек қана дәріс сабақтарында беріледі. Сондықтан сабаққа қатыспау студенттің үлгеріміне және қортынды бағаға әсер етуі мүмкін. Сабақта үнемі студенттің белсенділігі қажет. Әрбір сабаққа дайындалу курстың міндетті түрдегі талабы болып табылады. Оқулықтың көрсетілген бөлімдерін және қосымша материалдарды тек қана семинар сабақтарына дайындалғанда ғана емес, сонымен қатар тиесілі дәріс сабағының алдында да қарап танысу қажет. Бұндай дайындық студенттің жаңа материалды қабылдауын жеңілдетеді және студенттің белсенділік танытуыңа әсерін тигізеді.

Студенттердің сапалы білім алуы үшін оқытушы белгілеген талаптар мен университеттің ішкі тәртіп ережелерін бұлжытпай орындау.

Студенттердің өзіндік жұмысына тапсырмалар тақырып бойынша топталған. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін кітапханаларда жеке ізденіс жүргізілуі керек.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 46; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.007 с.)