ықтық қатынастын құрамы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ықтық қатынастын құрамы

Поиск

Құқықтық қатынастын құрамы

Құқықтық қатынастын объектісі бұл–оған қатынас бағытталған, ол жөнінде адамдар мен ұйымдар қатысатын, ол жөнінде қатынастар қалыптасатын нәрселер:

Заңды фактілер – құқықтық қатынастар пайда болуы, өзгеруі, тоқтатылуы ушін қажетті нақты өмірлік жағдайлар. Заңды фактілер әрекет және оқиға болып бөлінеді

Әрекеттер өз кезегінде заңды әрекеттер және заңды жүріс–турысқа бөлінеді.

Заңды әрекеттер бұл–тек құқық–әрекетқабілетті тұлғалармен жасалатын және құқықтық қатынастардын пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуына әкелетін құқықка сай әрекеттер.

Заңды жүріс–турыс міндетті түрде әрекетқабілетті емес тұлғалармен жасалатын құқықка сәйкес әрекеттер.

Құқықтық бұзушылықегер құқықбұзушылық жасалса, онда оны жасаған тұлға және тиісті мемлекеттік орган араларында құқықтық қатынас пайда болады.

Оқиғалар–адамдардын еркі және сана–сезіміне тәуелді болмайтын өмірлік жағдайлар(адамның өз бетімен өлуі, табиғи апаттар–өрт, жер сілкінісі, дауыл т.б.)    

       Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Абдулаев М.И. Основы права: Учебник для вузов СПб.: Питер, 2004

2. Сапарғалиев С. Заң терминдерiнiң сөздігi. Алматы. Жетi- Жарғы. 1996ж. 

3. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері. Алматы, 2004

 

 

3 Лекция. Құқықтық норма. Нормативті-құқықтық акті түсінігі, түрлері 

1. Құқықтық норма

2.Құқықтың қайнар көздері

3. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

 

       Норма (латын сөзінен norma) жүріп-тұру ережесі, үлгі дегенді білдіреді. Адам қоғамында сан алуан қатынастар, яғни байланыстар туындайды. Осы қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар, нормалар негізінде болады. Норма дегеніміз мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың мөлшері, үлгісі, эталоны. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады.

       Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құқық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара).

Гипотеза:олардың барлығы немесе жоқтығына қарай норма жүзеге асатын нақты өмірлік жағдайларды көрсететін құқықтық норманың бөлігі.

Диспозиция: жүріс-тұрыс ережесінің өзіне сілтеме жасайтын құқықтық норманың бөлігі.

Санкция:заң нормасын бұзу нәтижесінде туындайтын ұтымсыз салдарды көрсететін құқықтық норманын бөлігі, яғни бұл жазалау шарасы, құқық нормаларын сақтамау үшін жауапкершілік.

Әдетте құқықтың қайнар көздері төрт түрге бөлінеді: құқықты әдеттер, сот прецеденттері (үлгілер), құқықтық келісім шарттар, нормативті-құқықтық актілер.

Құқықтық әдеттер – қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілетін әдет-ғұрыптар.

Құқық прецеденті – жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім төменгі мемелекет органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецедентінің шыққан елі – Англия.

Құқықтық келісім-шарт екі немесе көпжақтың өз еркімен жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін келісім шарт.

Нормативтік-құқықтық акті – мемлекетік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын , қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті. .

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 38; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.009 с.)