Лекция Конституциялық құқық негіздері
5 Лекция Конституциялық құқық негіздері
- Конституция – мемлекеттің ата заңы. Конституцияның пайда болу тарихы.
- Конституция мәні, құрылымы, маңызы, мазмұны.
- Конституциялық құрылыс.
Конституция жеке адам құқықтық мәртебесін, азаматтық қоғам институттарының және жария құқық қызмет етуі саласындағы негізі қоғамдық қатынастарды бекітетін және реттейтін мемлекеттің ең жоғарғы заң күші бар мемлекеттің негізгі заңы.
Конституцияның мәні, оның негізгі заңи қасиеттері арқылы көрініс табады, олар:
-конституцияның мемлекеттің негізгі заңы болуы;
-заңи үстемділігі;
-елдің бүкіл құқықтық жүйесі үшін негізгі ролді атқару;
-тұрақтылығы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Конституция. Алматы, 1995
2. Қазақстан республикасының конституциялық құқығы. Сапарғалиев Ғ.С. Алматы, 2002
3. Конституцияи парламент РК. Зиманов С.З., Алматы, 1996
6 Лекция. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
- Құқық қорғау органдырының өкілеттіктері, қызметі.
- Құқық қорғау органдырының ұйымдастырылуы
Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен. Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады. Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары. Алиев М.М. Астана, 2004
2. «Қазақстан Ресмпубликасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңы 26 маусым 1998ж.
|