лекция ҚР Экология және жер құқығы негіздері
15 лекция ҚР Экология және жер құқығы негіздері
1. Экологиялық құқық түсінігі.
2. Табиғат пайдалану ұғымы және оның түрлерi
Экологиялық құқық құқық қазақстандық құқық саласы ретінде шаруашылық және табиғи ортаға әсер етумен байланысты өзге қызметті жүзеге асыру барысында қоғам және табиғат арақатысуы саласындағы қатынастарды қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында реттеуге арналған.
Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтiру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастар экологиялық құқықпен реттеледi.
Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар осы қатынастардың қатысушылары болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Кушумбаев А.А. Экологическое право Республики Казахстан- Астана, 2001
2. «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі». 2007ж.
ПРАКТИКА (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Құқық негіздері пәнінен тәжірибелік сабақтардың мақсаты –дәрістік сабақтарда алынған білімді бекіту, құқықтың түйінді мәселелері мен тарихи дамуының негізгі кезендерінің ерекшеліктерін творчестволық игеру, студенттердін ойлау және өз ойын ауызша жеткізе білу қабілетін дамыту.
Құқық негіздері пәнінен тәжірибелік-семинар сабақтары студент жұмысының ең басты көрсеткіштерінің бірі болып саналады, сондықтан студенттен мұқият дайындық және үлкен жауапкершілік талап етіледі. Практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары дайындықка қажетті оқулықтар мен түпнұсқалар тізімін ОӘК-ге кіретін силлабустан табуға болады.
Студент әрбір сұрақ мазмұның толық жан-жақты ашуға, терең ұғынуға ұмтылуы тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін оқулықтар мен интернет материалдарын қолданумен шектелмей, ғылыми жұмыстармен де танысу қажет.
Тәжірибелік сабақтардың барлығына ортақ форма – студенттердің практикалық сабақ тақырыбының сұрақтарын талқылау процесіне түгел қатысуы, сабақтың еркін пікір алысу түрінде өтуі.
|