СтуденттердіҢ оҚытушымен Өзіндік жҰмыстары (соӨж) тапсырмалары мен оларды орындауҒа арналҒан Әдістемелік нҰсҚаулар
Интернет көздер.
www. mingust. kz.
www.zakon.kz.
www.e.gov.kz
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ (СОӨЖ) ТАПСЫРМАЛАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
СОӨЖ тапсырмаларының түрлері:
Презентация, эссе, баяндама, кесте, ауызша жауап және т.б. болуы мүмкін.
Презентация 15-20 слайд аралығында болуы қажет. Материалды алдын-ала жүйелеп, құрылымын анықтап, аудитроияға жақсы көрінетіндей етіп слайдқа орналастыру қажет. Презентацияны қорғаушы қолындағы материалдың толық нұсқа негізінде, әр мәселеге байланысты слайдқа сілтеме жасап отырады. Қорғау уақыты 10 минут.
Реферат10-12 беттен кем болмауы тиіс. Реферат жазбастан алдын қажетті әдебиеттерді таңдап алып, материалдарды оқып шығу және негізгі мәліметтерді талдап, статистикалық мәліметтерді құрастыру қажет.
Эссе 5 бетке дейінгі көлемде А4 форматында баспа мәтінмен жазылады. Мұнда ғылыми еңбектерді терең зерттеу, ғылыми тұжырымдар мен көзқарастарды салыстыру, ғылыми әдістерді қолдану талап етілмейді (егер тақырып бойынша қарастырылмаса). Эсседе жоспар құру талап етілмейді, мәтіннің басында қарастырылатын мәселе бойынша қысқаша түсінік беріліп кетуі тиіс. Эсседе қолданылған қайнар көздер міндетті түрде жазылады.
Кестекомпьютерде жасалады, мұнда тақырып бойынша материалды неғұрлым жақсы игеру үшін кесте түрінде бейнелеу қажет. Кесте А4 форматында 1,2 бетке сызылуы мүмкін.
Салыстырмалы сызба компьютерде жасалады, тақырып бойынша материалды толық игеру үшін бірнеше мемлекеттік құқықтық құбылыстарды салыстыра отырып, олардың айырмашылықтарын А4 форматында сызбада көрсету қажет.
Ауызша жауапматериалды конспект, әдебиеттер, сондай ақ сөздіктер арқылы игеру. Мұнда анықтамаларды жаттау және негізгі ұғымдарды талдау талап етіледі.
СОӨЖ сабақтарына қойылатын талаптар:
СОӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тәртіпте және уақытта қабылданады. Себепсіз өз аптасында тапсырмаған студенттерден өз аптасында тапсырмаған СОӨЖ қабылданбайды. Егер СОӨЖ сабағы жоспарланған күні объективті себептерге байланысты (демалыс, мейрам күндеріне келуі т.б.) өткізілмесе келесі аптадағы СОӨЖ сабағында кезектегі тақырыппен бірге тапсырылады.
|