ші орын – С бағаға ие болады. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ші орын – С бағаға ие болады.

Поиск

«Рольдік ойындар».

       Мақсаты:Студенттердің ойлау қабілетін дамыту және дағдарыс жағдайында дереу шешім қабылдауға, нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеуге дағдыландыру, іс-әрекеттің неғұрлым тиімді жолдарын таба білуге үйрету, басқа адамдарға көмек көрсету, тілектестік білдіру, адамгершілік рухында тәрбиелеу.

       Өткізу тәртібі:

           Екі топ студенттеріне екі түрлі оқиға беріледі; Студенттер істің мән-жайымен танысып шығып, іске қатысушы адамдарды өзара бөлісіп алып, рольдік ойынды көрсетуі тиіс. Мұнда студенттердің мәселені шешуі, заң нормаларын дұрыс пайдалана білуі, істің балама шешімін таба білуі ескеріледі.

 «Бір-бірін оқыту»

       Мақсаты: бұл әдіс студенттерге оқу барысына белсенді түрде қатысуға және өз білімін қасындағы студентке беруіне мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолдану студенттерге тақырып бойынша қажетті түсініктер мен терминдерді алуға мүмкіндік береді және сұрақтар туғызып, олардың қызығушылығын арттырады.

       Өткізу тәртібі:Алдын ала тақырып бойынша мәліметтер жазылған карточкалар дайындалады. Бұл карточкалар студенттерге таратылады. Бірнеше минут ішінде әрбір студент өзіне берілген карточкадағы мәліметпен танысып шығуы тиіс. Оқытушы аудиторияны аралап жүріп студенттердің мәліметтерді қалай қабылдап жатқанын анықтауы тиіс.

       Студенттер өз мәліметтерімен танысып шыққан соң, аудиторияны аралап, ол мәліметті басқа студенттерге түсіндіруі қажет. Жаттығу әрбір студент аудиториядағы басқа студенттермен мәліметтер алмасып болғанша жалғасады. Студенттер бір мезетте тек бір студентпен ғана сөйлесе алады. Студенттердің міндеті өзінің мәліметін басқаларға түсіндіріп беру және басқа студенттерден мәліметтер алу.

       Студенттер бұл жаттығуды аяқтаған соң, оқытушы олардың қандай мәлімет алғанын сұрайды және олардың жауабын тақтаға жазып отырады.

       Өткізу талаптары:

1. Регламентті қатаң сақтау.

2. Мұқият тыңдау және алған мәліметті есте сақтап қалу.

3. Мәліметті неғұрлым көп студентке жеткізе білу.

4. Бір мезетте тек бір студентке ғана мәлімет беруге және одан мәлімет алуға болады.

5. Сөйлеп тұрған студенттің сөзін бөлуге болмайды.

       Өткізу уақыты: 15-20 минут. 

 

«Өзара жарыс»

Ойынның шарты:

           Берілгентақырыптар бойынша білімдерін тексеру үшін студенттерді тыңдаушылар-бағалаушылар, оппоненттер, баяндаушылар деген 3 топқа бөлінеді. Тыңдаушылар-бағалаушылар баяндаушылардың дайындаған үй жұмыстарын тыңдап, оппоненттердің пікірін тыңдап бағалайды, сонымен қатар үш топтың да бірі-біріне сұрақ қою құқығы бар. Әр сабақ сайын, кезектесіп сол құрамдағы студенттер басқа топтың қызметін атқарады. Осылайша, әр студент тақырыпты меңгеріп, әр сабақ сайын баға алу мүмкіндігіне ие болады. 

«Құқықтық диктант»

       Мақсаты: Лекцияда өткен тақырыпты, студенттің қаншалықты меңгеріп, түсінгенін анықтау.

       Өткізу тәртібі: Сабақтың аяқталуына 12-15 минут қалғанда, дәптерге өткен сабақтар бойынша негізгі ұғымдар, терминдердің мағынасын жаздырту. Студентке ойлануға уақыт берілмейді. Ол сол ұғымның жанына бірденен анықтамасын не түсінігін жазуы керек.  

       Мысалы:Құқықтық норма тақырыбынан кейін, диспозиция, гипотеза, санкция, кодификация, инкорпорация, әрекетқабілеттілік, құқыққабілеттілік деген кейбір негізгі ұғымдарды лектор диктант ретінде алады.

       Өткізу талаптары:оқытушы сабақ аяғында өтілген тақырыптардың негізгі ұғымдарры бойынша диктант алады. Бір сөзді айтқаннан кейін балалардың жауабын жазғанын қарап тұрады, жауап жазылғаннан кейін екінші сөзге көшеді. Студент көршісінің жұмысына қарауына болмайды, сұраққа тез жауап жазып үлгеруі керек.

 «Жарыссөз»

Ойынды жүргізу ережелері: Семинарға қатысушы-студенттер екі немесе үш топқа бөлінеді. Семинар тақырыбы бойынша әр топ қарсыластарға сұрақтарды дайындайды. Оларды дайындау үшін қайнар көздер мен сұрақтардың саны шектелмеген. Сұрақтарға қойылатын талаптар:

1) семинар тақырыбының шеңберінде құрастырылуға тиіс.

2) дұрыс, сауатты, анық құрастырылуға тиіс;

Бастамасында топтар таңдау жүргізеді: былай бірінші, екінші және ә.қ. жауап беретін топ анықталады. Сұрақты талқылауға 15 секунд беріледі, уақыт өтісімен топ өкілі қойылған сұраққа жауап береді. Жауаптарды оқуға болмайды. Көмек көрсету, толықтыру, ұжымдық жауап беруге жол берілмейді. Сұрақты қойған топ берілген жауапты келесі кесте бойынша бағалайды:

- дұрыс;

- дұрыс емес;

- дұрыс, бірақ толық емес. Толық емес жауап дұрыс емес жауапқа теңестіріледі.

Қойылған сұраққа дұрыс жауапты берген топқа 1 балл беріледі және топ жауап беру құқығын сақтайды. Сұрақты қарсылас тобы ұсынады.

       Қойылған сұраққа дұрыс емес жауапты берген топ жауап беру құқығынан айырылады. Дұрыс жауапты сұрақты қойған немесе келесі үшінші топ береді. Жауап беру құқығы келесі кезектегі топқа өтеді. Әрі-қарай ойын шеңбер бойынша өтеді. Тәртіп ережелері:

1) Ойында барлық даулы жағдайларды оқытушы шешеді.

2) Балдарды қойылған сұрақтарға дұрыс жауапты берген топ алады.

3) Сұрақ қойғаны үшін топтар балл алмайды.

4) Сұрақтар семинар тақырыбының шеңберінен тыс, дұрыс емес, сауатсыз құрастырылған жағдайда оқытушы сұрақтарды ойыннан алып тастауға құқылы болады

1-ші орынды алған топ А бағаға ие болады,

2-ші орын – В бағаға,



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 39; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.)