Лекция. Мемлекет пен құқық түсінігі, пайда болу негіздері
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1 лекция. Мемлекет пен құқық түсінігі, пайда болу негіздері
1. Мемлекеттің пайда болу теориялары
2. Мемлекет нысаны және функциясы.
3. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
1. Мемлекет және құқық теориялары.
Теологиялық теория – биліктің құдайдан пайда болғандығы туралы пайымдайды. Көрнекті өкілі Фома Аквинский.
Патриархалды теория – мемлекеттің пайда болуын тікелей жанұяның таралуымен байланыстыра қарастырады. Өкілі Аристотель, Филмер.
Шарттық теория – мемлекет қоғамдық шарт негізінде пайда болды. Өкілдері Г. Гроций, Т. Гоббс, Ж.Ж. Руссо, А. Радищев.
Күштеу теориясы – мемлекет ішкі (экономикалық және саяси) және сыртқы күштеу (біреудің екіншісін жаулап алуы) нәтижесінде пайда болады. Өкілдері Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский.
Психологиялық теория – мемлекет адамдардың ұйымдасқан қоғам ұжымдық қарым-қатынас аясында өмір сүру жөніндегі психологиялық қажеттіліктері нәтижесінде пайда болды. Өкілдері Л. Петражицкий, Г. Тард.
Органикалық теория – қоғам мен мемлекет тірі адам ағзасы сияқты, адамдардан құралатын қоғамдық ағзаны білдіреді. Өкілдері Г. Спенсер, Х. Прейс.
Ирригациялық теория – мемлекеттің пайда болуы аграрлық қажеттілігімен байланыстырылады. Өкілі К.А. Виттфогель.
Материалистік (таптық) теория - мемлекеттің пайда болуы әлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырылады. Өкілдері К. Маркс, Ф. Энгельс, В.И. Ленин.
Мемлекет- бір аумақта ұйымдасқан, билік бастамасымен құрылған және өзінің қызметін арнайы мемлекеттік аппарат көмегімен жузеге асыратын халықтың жария-құқықтық бірігуі.
Мемлекет нысаны бұл өз құрамына үш элемент енгізетін құрделі ұғым, олардын арасында: басқару нысаны, мемлекеттік құрылыс және саяси режим
Азаматтық қоғам – бұл автономды және мемлекеттен тікелей тәуелді емес қоғамдық қатынастардың саласы. Өздерінің рұхани және материалдық қажеттіліктерін және мүдделерін қанағатандыру үшін еркін жіне ерікті әртүрлі ұйымдармен одақтарға біріккен жекеше адамдардың экономикалық, рұхани, мәдени, өнегелі, құқықтық, діни және өзге қатынастарының жүйесі.
Құқықтық мемлекет– бұл құқық (құқықтық заң) шенберінде жеке адам құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында әрекет ететін және дамитын жария билікті ұйымдастырудың нысаны.
|