Р еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Р еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы

Поиск

12 ҚР еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы

 

1. Жеке еңбек шарты.

2. Жұмыс және демалыс уақыты.

3. Еңбекке ақы төлеу.

1. Жеке еңбек шарты. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексі.

Еңбек - адамдардың өмiрi үшiн қажеттi материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметi;

Жеке еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында жазбаша нысанда жасалатын екiжақты келiсiм, ол бойынша қызметкер жұмыс берушiнiң актiсiн атқара отырып, белгiлi бiр мамандық, бiлiктiлiк немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал жұмыс берушi қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісiмiнде көзделген өзге де ақшалай төлемдердi уақытында және толық көлемiнде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттенедi;

Жұмысқа қабылдауға жол берiлетiн жас

Жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасасуға жол берiледi.
Он сегiз жасқа толмаған адамдарды ауыр дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті (өте қауіпті) жұмыстарға қабылдауға жол берiлмейдi.

 Жұмыс уақыты

1. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін.
2. Жұмыс уақытына дайындық-қорытынды жұмыстар (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамалармен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар), еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда, еңбекті нормалау мен қорғау ережелерінде көзделген үзілістер, қызметкер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты, мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер, үйдегі кезекшілік және еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде айқындалатын басқа да кезеңдер жатады.

Жеке еңбек шартының негізінде орындалған, қызметкердің жасаған еңбегі үшін, еңбектің ауырлығына, саны мен сапасына сәйкес жұмыс беруші төлеуге міндетті ақы.

Ол орталықтандырылған, жергілікті әдіспен жүзеге асырылады. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Абузярова Н.А. ''Трудовое право'' Алматы 2002 г.

2. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» 2007ж 15 мамыр

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.)