Курстың жалпы сипаттамасы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Курстың жалпы сипаттамасы

Поиск

СИЛЛАБУС

Жалпы мәліметтер:

 

Пән атауы: Құқық негіздері

Коды: ЖБП.

Несиелер саны- 2 кредит (15 сағ. лекция, 15 сағ. семинар, 30 сағ. СӨЖ, 30 сағ. СОӨЖ)

Оқытушы: Раисова Шынар Ерболатқызы , 126 каб., ішкі тел. 191

Өткізу уақыты мен орны – сабақ кестесі бойынша келісіледі

  

Курстың жалпы сипаттамасы

Бұл курс екі бөлімде ұсынылады. Бірінші бөлімде мемлекет және құқық туралы, норма мен құқық жүйесі, құқықтың жүзеге асуы және құқықтық нормалардың шығармашылығы баян етіледі. Екінші бөлімде студент негізгі құқық салалары: конституциялық, азаматтық, әкімшілік, еңбек, отбасы, қаржы, қылмыс, экологиялық құқық бойынша білім алады.

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Әлеуметтану, Философия

Пост реквизиттері: Мемлекет және құқық теориясы, халықаралық құқық

 

Пәннiң мақсаттары мен мiндеттерi, оның оқу процесiндегi орны

 

Дамыған елдердiң тәжірибесiн дұрыс талдап, дұрыс бағалай бiлу тәуелсiздiкке үйренудiң ең басты тағлымы. Бiздiң мыңдаған жылдарғы мемлекеттiк дәстүрiмiз бар. Бiрақ өркениеттi мемлекет болуға ендi ғана бет бұрдық.

Кеңестiк дәуiрiнде заң ғылымын Марксизм теориясына сәйкес түсiнiп, ғылыми зерттеулердi құқықтық мамандарды дайындау осы бағытта жүргiзiлiп келген. Дүниежүзiлiк заң ғылымымен байланысымыз жоқтың басы болды. Олардың мемлекеттiк және құқық теориясының жаңалықтары мен жетiстiктерi шамалап қана қолданылады. Сөйтiп, Кеңестiк заң ғылымы бiр жақты дамып көп кемшiлiктерге әкеп соқты.

Қазiргi ТМД елдерiнде заң ғылымы бiр идеологияның құрсауында болудан бостандық алып, дүниежүзiлiк ғылымымен ортақтасып, мемлекет және құқық теориясын жан-жақты дамытуға мүмкiншiлiк қалыптасып, бұрынғы жiберiлген қателердi, кемшiлiктердi түзетуде.

Бiз қазiр құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құрып жатырмыз. Ескіден арылуды ескере отырып, болашақта құқықтық мемлекеттің жоғарғы шыңына жетеміз деп ойлаймыз. Әрқашанда студенттерді жақсылыққа үйретуді мақсат етемiз. Жұмыс бағдарламасын жазу барысында тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнде болып жатқан жаңа саяси және құқықтық өзгерiстi қамтуға тырыстық.

Құқық негіздерін оқыту студенттерге мемлекеттік құқықтық құбылыстардың жеке тұлғаларымен қарым-қатынасын, демократиялық қоғамдағы және саяси жүйедегі ерекшеліктерінің маңызын, заңдылық, конституциялық, құқық бұзушылық пен құқыққа сәйкес мінез-құлықтың мазмұнын нақты түсінуге көмектеседі.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 37; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)