Р қаржылық құқығының негіздері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Р қаржылық құқығының негіздері

Поиск
  1. ҚР қаржы жүйесі. Қажылық қызмет.
  2. ҚР Ұлттық банкі.
  3. Салық құқығы

     

  Қаржылық қызмет – мемлекетің өзінің ақшалай қорлары арқылы қаржылық ресурстарды қалыптастыруының, үлестіруінің және пайдалануының барысы. Бұл қызмет мемлекет өз алдында қойған міндеттерді орындау үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін жүргізіледі. 

Мемлекетті органдарды қаржы саласында жалпы және арнайы құзыры бар қылып бөлуге болады. Біріншіге ҚР Үкіметі жатады, ал арнайы орган бұл ҚР Қаржы министрлігі.

  Ерекше мәртебе ҚР Ұллтық банкісінде бар. Онын мемлекетттің қаржылық қызметінің қатысушысы ретіндегі мәртебесі, өкілеттіліктері және функциялары ҚР Конституциясында және «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңында анықталған.

  Әкімшілік аумақтық бірліктердің қаржылық қызметі жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және орындау барысында желгілікті атқарушы және өкілді органдармен жузеге асырылады.

  Қаржылық құқық – мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын және жузеге асатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы болып келетін құқықтың жария саласы. Қаржылық құқықтын өз реттеу нысанасы мен құқықтық реттеу әдісі бар, сондықтан оны қазақстандық құқықтың өзге салаларынан ажыратуға болады.

Ұлттық банк. Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Салық құқығы – заңды және жеке тұлғалардан біржақты өктем, қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Салық қатынастары – салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу тәртібі жөніндегі білік қатынастары және мемлекет пен салық төлеуші арасындағы қатынастар

Салық түрлері: Корпорациялық; Жеке табыс салығы; Қосылған құн салығы; акциз; Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері; Әлеуметтік салық; Көлік құралдары салығы; Жер салығы; Мүлік салығы; Ойын бизнесі салығы.

           

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Худяков А.И., Финансовое право  «общая часть»  Алматы. «Баспа»2001 г.

2. Артемов Н.М.,Горбунова О.Н.,Денисова И.Г. и др.Финансовое право.-М.:Юрист,1996г.

3. «Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексі

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.007 с.)