Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Cеминар сабақтарына дайындалу үшін әдістемелік нұсқауларСодержание книги
Поиск на нашем сайте «Құқық негіздері» пәні бойынша семинар және тәжірибелік сабақтары әр-түрлі нысандарда өткізіледі (жалпы сұрау, мамандықты меңгеру ойындары, ауызша баяндамалар, үй тапсырмасын талдау). Семинарды немесе тәжірибелік сабақты өткізу нысанын оқытушы әр сабақта анықтайды және алдын ала хабарлайды. Семинар сабақтарына курстың неғұрлым маңызды әрі күрделі сұрақтары шығарылады. Студенттерден семинар сұрақтарын талқылауы үшін лекция мен ұсынылған қайнар көздерді пайдалана отырып, арнаулы дайындалуы талап етіледі. Семинар сабақтарының мақсаты: студенттерде қарастырылып отырған мәселе бойынша оқу әдебиеттерімен, нормативтік құқықтық актілермен және өзге де қайнар көздермен дербес жұмыс істеу дағдыларын; оқып қарастырылған материалдарды ұғыну және талдау дағдыларын; тәжірибелік мәселелерді шешу жолымен нақты жағдайға қатысты құқықтық нормаларды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, семинардың мақсаты - әдебиет бойынша дербес жұмыстың нәтижелерін тексеру, түсініксіз мәселелерді талқылау, аудитория алдында баяндау дағдыларын беру. Семинар – ұсынылған қайнар көздер мен әдебиетті оқу бойынша студенттің дербес жұмысының нәтижесі. Студенттің дербес жұмысы дегеніміз не? Дербес жұмысты атқару дегеніміз – ұсынылған әдебиетті, қайнар көздерді оқу, семинар сұрақтарына жауаптарға дайындалу мақсатында, пән бойынша білімдерді тереңдету мақсатында, курстың тақырыптары бойынша реферат немесе баяндама жасау мақсатында оқылғанға қысқаша мәнжазбаларды жасау. Әдебиетті оқудың жалпы ережелері: 1. Оқу кезеңдері: кітаппен алдын ала танысу;алғы сөзді немесе кіріспені оқу; мәтінді оқу. 2. Мәтінді ұқыпты оқыңыз – түсініксіз жерлерге қайта оралып. 3. Мәтінді мұқият оқыңыз – маңызды жерлерін жібермей. 4. Мәтінді зейінділікпен оқыңыз – оқып жатқаныңызды ойдан тастамай. 5. Мәтінді логикалық соңына дейін оқыңыз – абзац, параграф, тарау, бөлімінің және т.б. соңына дейін. Бұл курс бойынша семинар сабақтарының ерекшелігі, студенттер қойылған сұрақтар бойынша теориялық білімдерін ауызша немесе жазбаша нысанда көрсетуі тиіс.
Семинар сабақтарына дайындықты мынадай тәртіппен жүргізген жөн: 1. Берілген тақырып бойынша семинар жоспарымен мұқият түрде танысып алу, алдымен негізгі сұрақтармен, ал соңынан талқылауға ұсынылған сұрақтармен; 2. Семинар тақырыбы бойынша лекцияның конспектісін толық оқып шығу және қойылған сұрақтарды оқу үшін қажетті материалдарды белгілеп алу; 3. Берілген тақырып бойынша ұсынылған негізгі және қосымша қайнар көздерге жүгіну; 4. Берілген тақырып бойынша курсты тиімді меңгеруге көмектесетін негізгі терминдер мен түсініктерге ерекше мән беру; 5. Тақырыпта кездесетін нормативтік құқықтық актілерді ұғыну; 6. Тақырыпты оқу барысында семинар сабағына арналған дәптерге қысқаша мәнжазбаларды жазып алу қажет, бұл әсіресе дербес оқуға арналған сұрақтарға қатысты. Бұл мәнжазбаларды семинар сабағында жауап беру барысында, сондай ақ межелік бақылау мен емтиханға дайындық барысында қолдануға болады. Семинарға дайындық студенттің дербес жұмысының міндетті бөлігі болып табылады және сабақ жоспарында көрсетілген барлық сұрақтарды қамтуы тиіс. Сабаққа толықтай дайындалу тақырыпты толығымен меңгеруге және семинардың тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді. Студенттің семинар сабағындағы жұмысы оның жоғары белсенділігі деңгейін және жария қорғау барысында төмендегі талаптарға сай болуын болжайды:
Курсты оқу аяқталған соң студент курстың негізгі тұжырымдарын меңгеруі тиіс және құқық субъектілерінің мінез құлқын талқылауда, проблемаларды талдау және шешуде, мемлекет пен құқық, мемлекеттік саясат үлгілерін таңдауда оларды қолдана білуі тиіс. Семинар сабақтарына оқу бағдарламасына сәйкес аудиториялық сабақтардың жалпы санынан 15сағат бөлінген. Студент әрбір семинар сабағында мах. І баллға дейін жинай алады. Семинар сабағында студенттің білімі мынадай критерийлер бойынша бағаланады: · Теориялық білімдерін пайдалану; · Жауаптарының негізділігі; · Қойылған сұрақтарды талқылауға қатысу; · Тапсырмаларды шешу, мән жайларды қарастыру; · Тезистер мен жауаптардың негізділігі; · Дәлелдерді қолдану; · Фактілік және тарихи материалдарды қолдану; · Зерттеудің негізгі түсініктерін меңгеру; · Жарыссөздерге қатысу; · Қойылған сұрақтарға жауап беру және тапсырмаларды шешу барысында дербестік таныту; · Қарастырылып отырған сұрақтарды талқылау барысында терең теориялық білімдерін көрсету; · Жауаптарының теориялық негізділігі мен құқықтық реттеу тәжірибесінен мысалдар келтіруі; · Барлық қойылған сұрақтар бойынша талқылауға белсенді әрі тұрақты түрде атсалысу; · Қарастырылып отырған мән жайлар бойынша дұрыс, негізді әрі толық түсінік беру; · Қарастырылып отырған мән жай бойынша өзінің көзқарасын дәлелдей білуі; · Қарастырылған мәселе бойынша негізгі ұғымдарды меңгеруі; · Басқа студенттердің жауаптарын талқылауға белсенді түрде атсалысу; · Семинар сабағында толықтай белсенділік таныту.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.) |