Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Р Азаматтық құқық негіздері (1 бөлім)Содержание книги
Поиск на нашем сайте 9. ҚР Азаматтық құқық негіздері (1 бөлім) 1. Азаматтық құқықтың түсінігі, оның нысанасы және әдісі Азаматтық құқық нормалары азаматтар, ұйымдар және мемлекет араларындағы әртүрлі муліктік объектілер-заттар, муліктік құқықтар, жұмыстар, қызметтер, интелектуалдық меншік объектлері жөнінде қалыптасатын қатынастарды реттейді. Сол сияқты азаматтық құқықпен материалдық (муліктік) емес объектілерді-өмірді, денсаулықты, ар-намыс және қадір-қасиетті қорғауға байланысты қатынастар реттеледі. Барлығын қосып алғанда аталған қатынастар азаматтық құқықтық қатынастар дер аталады. Бұл қатынастардын қатары өте кен, азаматтардын басым көпшілігі тұрақты түрде бір немесе өзге азаматтық құқықтық қатынастарда қатысатын болғасын осыдан азаматтық құқықтын маныздылығы арта туседі. Азаматтық құқық деген арнайы сөз тіркес рим (латын) - jus civile деген сөз тіркестен пайда болған. Ол деген рим азаматтарының жеке құқығы деген мағынаны білдірген. Рим құқығы рецепциясы кезінде осы арнайы ұғым барлық еуропалық құқықтық тәртіптермен алынған және содан сон біздін құқықтық жуйеге де енген. Азаматтық құқық негіздері (2 бөлім) Меншік құқығы және шектеулі заттық құқықтар Азаматтық құқықтық қатынастардың заттарға құқықтары заттық құқықтар деп аталады. Заттық құқықтар алғашқы, негізгі заттық құқық болып келетін меншік құқығына және шектеулі заттық құқықтар (яғни меншік иесі бар заттарға меншік иесі болып келмейтін тұлғалардың құқықтары). Меншік құқығы- бұл тұлғаның мүлікті өз мүддесінде және өз қалауы бойынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Тұлға оны күтіп ұстау ауыртпалығын, жоғалту қаупін және мүлкі зиян келтіргені үшін жауапкершілікті көтереді. Меншік құқығы тоқтатылу негіздері:-затты шарт бойынша беру; -реквизициялау; тәркілеу; - ұлттық меншікке айналдыру т.б. Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлға өз қызметін жарғы не құрылтай шартымен жарғысы негізінде жүзеге асырады. Дербес балансы мен сметасы болуы керек. Заңды тұлғаның құқық және әрекетқабілеттігі бір мезгілде пайда болып, бір мезгілде тоқтатылады. Мәмілелер - Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді анықтауға, өзгертуге немесe тоқтатуға бағытталған әрекеттері. Мәміле – адамдардың ықтиярлы актісі, яғни әрекеті. Міндеттеме - бір тұлға (борышкер) басқа тұлғаның (несие берушінің) пайдасына мүлікберу, жұмыс орындау ақша төлеу және сол сияқты белгілі әрекеттер жасауға не жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті. Міндеттемені орындау -айып төлету, кепіл, борышқордың мүлкін ұстап қалу, кепіл болушылық, кепілпұл және тб әдістер арқылы қамтамасыз етіледі. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Гражданское право (академический курс). Т.1 под ред М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина, Алматы, 2000 г. 2. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі». Жалпы бөлім. 27 желтоқсан 1994ж. 3. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі». Ерекше бөлім. 1997ж.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.008 с.) |