Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Нормативті құқыққық актілерді жүйеге келтіруСодержание книги
Поиск на нашем сайте Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Заңдылықты және қоғамдық тәртіпті іске асырудағы олардың ролі. Құқықтық сана дегеніміз құқық туралы идеялардың, көзқарастардың жиынтығы. Мұның арқасында адам құқықты танып білумен қатар өмірмен ұштастырылғантәжірибе қызметін ұйымдастырады. Құқықтық психология – стихиялық түрдегі, «жүйелендірілмеген» құқықтық сананың қабаты, ол жеке адамның немесе қандай да бір әлеуметтік топтардың мемлекетке, құқыққа, заңға көзқарасын бейнелейтін сезім, көңіл-күй. Құқықтық мәдениет дегеніміз бұл жалпы мәдениеттің бөлігі, олқұқықтық сферадағы адамдардың тапқан барлық құндылықтардың жиынтығы. Оның түрлері, қоғам, әлеуметтік топтар, тұлға болып табылады. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Основы государства и права. Сапаргалиев Г.С. Алматы, 1999 2. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы . Алматы, 2007 3. Ибраева А.С. Правовая культура. Алматы, 1998 4. «Қазақстан Республикасының нормативтік актілер туралы» заңы. 1998ж.
4 лекция. Құқықтың жүйесі
1. Құқық жүйелері Мемлекеттік құқықтың нормалары қоғамның саяси және экономикалық жүйесін әлеуметтік даму мен мәдениеттің, сыртқы саясат пен Отанды қорғау саласындағы мемлекет қызметінің негізін белгілейді, мемлекет пен адамның өзара қарым-қатынасын реттейді. Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару аясында мемлекеттік басқару органдарын ұйымдастыру және олардың атқарушы-өкім ету қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді, басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымы мен құзіретін белгілейді, атқарушы өкім ету қызметін бекітеді. Қаржы құқығы – мемлекеттің қаржы қызметінің барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржы құқығы мемлекеттік және басқа органдардың ақша қаражаттарын жинауға, бөлуге және қайта бөлуге байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардан тұрады. Бұл ең алдымен бюджетті жасаумен, салықтарды жинаумен, несиелермен байланысты. Еңбек құқығы жұмысшылардың қоғамдық қатынастарын, еңбек дауларын қараудың, әкімшілік пен кәсіподақ қатынастарын реттейді. Азаматтық құқық – ауқымы жағынан ең үлкен құқық саласы. Ол азаматтардың арасындағы жеке қатынастарды: мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормаларды қамтиды. Шаруашылық құқық – шаруашылық қызметке басшылық жасаудың және оны жүзеге асырудың тәртібін белгілейтін, сонымен бірге әртүрлі ұйымдардың арасында қалыптасатан шаруашылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Отбасы құқығы некеге тұрудың шарты мен тәртібін, ерлі зайыптының, ата-ана мен балалардың арасындағы жеке және мүліктік емес қатынастарды реттейді. Нормативті-құқықтық актілерді жүйеге келтірудің қазіргі уақытта үш түрі белгілі. Олар инкорпорация, кодификация, және консолидация. Нормативті-құқықтық актілерді бұлайша бөлу құқықтық материалдарды тәртіпке келтіру үрдістерінің түрлеріне болып кетіндіктерімен байланысты және соларға негізделеді. Кодификация актілерді сырттай сондай-ақ іштей өңдеуді қамтиды. Кодификациялаудың барысында нормативті актілерді жүйеге келтірумен қатар, олардың мазмұнына да әжептеуір өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі, ескірген принциптер мен нормалар өзгертіледі, жойылады. Олардың орнына жаңалары жасалады. Бұл істі мемлекеттің заң шығарушы органдары ғана жүзеге асырады. Кодификацияның нәтижесі жаңа заң актісін шығару, ол осы мәселе бойынша бұрыннан күші бар нормативтік актіні алмастырады. Сөйтіп ол кодификациялық акт деп аталады. Оған жататындар кодекстер, жарғылар, жарлықтар. Инкорпорация нормативті актілерді белгілі бір тақырыптарды қамтитын нышандарына қарай жүйелейді. Сондықтан да бұл саралау пәндік және хронологиялық белгілер негізінде жүйеге келтіру болып табылады. Инкорпорацияны нәтижесінде нормативтік актілер қоғамдық қатынастарды белгілі бір салаларын реттеудегі белгі нышандары бойынша біріктіріледі (Мысалы, зейнеткерлік саласын немесе тұрғын үймен қамтамасыз ету саласын). Консолидация кодификация мен инкорпорациялаудың аралығында орын алады. Мұнда консолидациялау әдісі үдерісіне бірнеше номативтік актілерді бір ірі құрамаға біріктіреді. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Основы государства и права. Сапаргалиев Г.С. Алматы, 1999 2. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 39; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.009 с.) |