Тәрбиешінің іс-әрекеті
Іс – әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың
әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Жер-Ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
Қимылдар жасайды.
Ұйымдастыру –
іздестіру
Наурыз мерекесі туралы әңгіме өткізу.
«Татулық» сөзіне мағынасы жуық сөздер ойлап айту.
1. Дәптердегі сөздер бойынша әңгіме өткізу.
Тал егіп жатқан балалар.
Құстың ұясын ағашқа іліп жатқан балалар.
Гүл егіп жатқан қыздар.
Ағаштың түбін қопсытып жатқан балалар.
2. Сөздік жұмыс.
Раушангүл- әдемі ашық түсті ал қызыл гүл.
3. Салт-дәстүр туралы мәлімет беріледі.
Қазақ- қонақжай, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
Сергіту сәті:
4. Дидактикалық ойын: «Сен білесің бе?»
Шарты: Қоржын ішінен кереге, уық, шаңырақ, түндік деп жазылған парақтарды алып шығып, сол сөздердің мағынасын түсіндіру.
5. Наурызкөже туралы түсінік беру.Дәптердегі сурет арқылы оның қалай жасалатынын әңгімелеу.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Өлеңнің мағынасын түсіндіреді.
Ойынға белсене қатысады.
Мұқият тыңдайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетінінің барысында ана туралы жаттаған өлең тақпақтарын қайталау.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Көктем мезгіліндегі мерекені біледі.
Игереді: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін игереді.
Меңгереді: Салт-дәстүрді құрметтеуді меңгерді.
Тәрбиеші: Каппасова Н.Б.
Тексерген: Ташмаганбетова Г.Б.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 18.03.16 ж Тобы: «Ақбота» Бөлім беру саласы: «Қатынас»
Бөлім: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Тапқыр қоян» ертегісі.
Мақсаты: Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралытүсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін дамыту. Табиғаттың бір бөлігі – жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Жабайы аңдардың суреттері. Әдіс- тәсілдер:Көрсету, әңгімелеу, сұрақ жауап. Сөздік жұмыс:Бөлтірік, мыршай, абдан, миығынан күлу.
|