Тәрбиешінің іс-әрекеті 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Поиск

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті  

Мотивациялық-

қозғаушылық

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеткендер.

Өсті ақыл ойларың

Өсті, міне бойларың,

Иіліп сәлем береміз,

Әдепті боп өсеміз.

 

 

Балалар шеңбер бойына тұрып өлең жолдарын айтады.

 

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші сұрақ-жауап әдісі арқылы кіріспе әңгіме өткізеді.

-Балалар сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар?

-Сендер өздерің нешінші қабатта, нешінші пәтерде тұратындарыңды білесіңдер ме?

-Үйде қандай бөлме түрлері бар?                                                                 Дәптердегі суретпен жұмыс.

Тұрғын үй, үй түрлері, үй жиһаздарымен таныстырады. Үйлердің түрі көптігін айтады. Мысалы: бірнеше қабатты үй, тұрғын үй, ауласы бар жеке бір немесе екі-үш қабатты үй. Сөздік жұмысын жүргізу.

Коттедж – жеке ауласы бар сәнді салынған 2-3 қабатты үй. Мансард – шатыр астында терезесі бар, кісі тұратын бөлме.Жиһаз – үй бұйымы, мүлік.

Жатынжай – ұйықтайтын бөлме. Дәптердегі көп қабатты тұрғын үй мен коттедждің айырмашылығын әңгімелеу. Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркесі мен сөйлем құрату. Үйдің бөлмелері туралы айтады.

Сұрақ-жауап.

- Үйде қандай бөлмелер болады?

- Қандай жиһаздар болады?

- Жиһаздың қандай түрлерін білесіңдер?

- Шкафта не тұрады?

- Орындық не үшін керек?

«Менің үйім» тақырыбында әңгіме құрастыру.

«Қай бөлмеде қандай зат тұрады?» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: бөлмелерді атап, онда тұратын заттарды атау.

-5-ші қабатта тұрамын, деді Аманат.

- ия,мен 1-ші қабатта,2-ші пәтерде тұрамын, деді Айда .

-үлкен зал, жататын бөлме, ас ішетін бөлме.

Жауабын тыңдайды.

Үй түрлерімен танысады.

Үйлердің көптігін айтады.

Сөздік жұмысты орындайды. Сұрақтарға жауап береді. Коттедж, мансард, жиһаз, жатынжай сөздерінің мағынасын түсінеді.

Дәптердегі суреттін айырмашылығын әңгімелейді. Тапсырмаларды орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 60; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)