йымдастыру-іздестіру. Сөздік жұмысы.. Сергіту сәті.. Рефлексивті-түзетушілік
Ұйымдастыру-іздестіру
Сұрақ-жауап әдісі арқылы жануарлар туралы алған білімдерін ортаға салады. –Балалар, аңдарды қыстың қатты, суық аязынан не қорғайды? Қыста қоян мен тиіннің жүнінің түсі қалай өзгереді?
Суретпен жұмыс. Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгіме құрастыру:
-Қыста қояндар мен бұғылар қысқа азық даярламайды. Қоян ағаштардың бұтағын кеміріп жеп күн көреді. Бұғы ағаштардың кішкентай бұтақтарын жейді. Түлкінің мұрны өте иісшіл, құлағы жақмы естиді. Ол қарды иіскелеп, қар астындағы тышқанның дыбысын естіп қояды. Түлкінің қысқы азығы-тышқан. Ал аю қысқа азық жинайды. Денесіне май жинап алып, қыс бойы апанында жатып табанын сорады.
Сөздік жұмысы.
Суыққа дірдектеп – қалшылдап тоңу, бүрсеңдеу.
Айдын – жайылып жатқан су алабы.
Сергіту сәті.
Жануарлардың қимылын келтіреді. Қоян сияқты секіреді, түлкі сияқты денелерін қимыл-қозғалысқа келтіреді.
Дәптердегі тапсырманы орындау: бір қоян, бір аюдың суретін салу.
Ә. Табылдының «Ақ аю» өлеңін жаттату.Тәрбиеші мәнерлеп оқиды.
Жылы үлпілдеген жүні, індері, апандары.
Сұрақтарға жауап бере отырып, сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Би қимылдарын орындайды.
Қоянның тамағы сәбіз, аюдың тамағы бал екенін айтады.
Балалар өлең жолдарын бірнеше рет қайталайды.
-Қандай жануарлар қысқа азық жинайды?
Қандай жануарлар қысқа азық жинамайды?
Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы не білдік?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігін ұғынды, жануарларға қамқор болу керектігін біледі.
Игереді: Жабайы жануарлар туралы түсінікті игерді.
Меңгереді: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігін.
Тәрбиеші: Каппасова Н.Б.
Тексерген: Ташмаганбетова Г.Б.
|