Тәрбиешінің іс-әрекеті
Іс – әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың
әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Балалар шеңбер болып тұрып, қол ұстасып:
«Қайырлы күн, бүгінгі күн шуақты да, нұрлы болсын», деп, бір-біріне тілектер тілейді.
Балалар тәрбиешімен бірге қосылып, би қимылдарын қайталайды.
Ұйымдастыру –
іздестіру
Көктемде болатын мерекелер туралы әңгіме жүргізу.
Сурет бойынша жұмыс. Дәптердегі аналар мерекесін бейнелеген сурет арқылы көктемнің алғашқы мерекесі-халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру.
Дәптерге «Анама сыйлық» деген тақырыпта сурет салдырту.
Ғ.Ормановтың «Жан анам» өлеңін жаттау.
Сергіту сәті:
Гүл өсірсең терлеп
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты еңбек
Қырға шықсаң өрлеп,
Оның аты еңбек
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
Ойын: «Кімнің дауысы, табайық!» дидактикалық ойыны.
Шарты: балалар диктофон немесе таспаға алдын ала жазылған аналарының, әжелерінің сөздерін тыңдап, дауысынан танып айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Өлеңнің мағынасын түсіндіреді.
Сергіту сәтін қимыл қозғалыс арқылы көрсетеді.
Ойынға белсене қатысады.
Балалар қимыл – қозғалыспен қайталайды.
Рефлексивті-түзетушілік
Оқу іс-әрекетінінің барысында ана туралы жаттаған өлең тақпақтарын қайталау.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Көктем мезгіліндегі мерекені біледі.
Игереді: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін игереді.
Меңгереді: Аналарды құрметтеуді біледі.
Тәрбиеші: Каппасова Н.Б.
Тексерген: Ташмаганбетова Г.Б.
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің технологиялық карта 12.02.16 ж
Тобы: «Ақбота»
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту. Тақырыбы: «Алтын сақа» ертегісі Мақсаты: Балаларға ертегінің мазмұнын түсіндіру. Сұрақтарға толық жауап беру арқылы тілдерін дамыту. Әдіс-тәсілдер: Әңгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру. Көрнекіліктері: Алтан сақа бейнеленген сурет.
|