Рефлексивті-түзетушілік. йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы                      25.12.15 ж. Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әреке 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Рефлексивті-түзетушілік. йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы                      25.12.15 ж. Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әреке

Поиск

Рефлексивті-түзетушілік

Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу. «Туған жердің күні де ыстық, түні деыстық» деген сөздің мағынасы мынадай: туған үйіңнен, қалаңнан, ауылыңнан немесе туған еліңнен алыста жүрсең, біраз уақыттан соң еліңді сағынасың. Өз еліңдегі әрбір күніңді сағынасың. «Халықтың ортақ үйі - Отаны» дегенді қалай түсінесіңдер? 

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 16 желтоқсан тәуелсіздік күні.

Игереді: Тәуелсіз, егемен сөздеріне түсінік алды.

Меңгереді: Тәуелсіздік не екенін меңгерді.

Тәрбиеші: Каппасова Н.Б.            Тексерген: Ташмаганбетова Г.Б.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы                      25.12.15 ж

Тобы : «Ақбота»

Білім беру саласы:   « Қатынас»

Бөлімі:  Тіл дамыту

Тақырыбы:  «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Мақсаты:   Қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы мағлұмат беру.Сурет бойынша әңгіме құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Аязата, Ақшақар, аққала деген сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырту арқылы сөздік қорларын молайту. Өлең сөздерін жатқа және мә- нерлеп оқуға үйрету. Сыйластыққа баулу.

Көрнекіліктері: Жаңа жыл мерекесіне арналған суреттер, ойыншықтар.

Әдіс- тәсілдер:Көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шеңбер құрып, дөңгелене тұрып, балалар жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алғандарын естеріне түсіріп әңгімелейді немесе жаңа жылдық бір ойыншықты қолдарына алып, мерекелік тілектер айтады.

Мерекелік тілектерін айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Жұмбақ шешу: апайы жұмбақты жатқа оқиды, жаһан сөзіне сөздік жұмысын жүргізеді. (Жаһан - әлем).

     Шашуы көп, дәмі мол, тастамайды қабын ол.

     Жаһан кезіп баланың қуантпақшы бәрін ол.

-Шешуі: Аязата.

-Жаңа жыл мерекесі қашан болады?

Жаңа жыл мерекесі басқа мерекелерден қалай ерекшеленеді? -Несімен қызықты?-Жаңа Жыл — әлемнің көптеген халықтары тойлайтын ортақ мереке. Әр халық әртүрлі деңгейде және әртүрлі ғұрыпта тойлайды. Әр жылдың бірінші қаңтарының түні (31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түн)

 - Жаңа Жыл түні. Жаңа жыл әр елде әр кезде мерекеленіп, әр халық өз салт-дәстүрімен қарсы алатындығы хақындағы деректерді көбіміз біле бермейміз. Мәселен, шығыс елдері, оның ішінде қазақ халқы да дәстүрлі жыл басы мерекесін күн мен түннің теңелген күні, яғни 22 наурызда атап өтеді. Қай ел, қай халық болсын, жаңа жылды салтанатты жағдайда мерекелеп, оған айрықша мән берген. Олардың жылды қарсы алудағы бір-біріне ұқсамайтын өз дәстүрлері бар.

Дидактикалық ойыныСөз ойла, тез ойла, көп ойла».

Алғашқы кезде шыршаны қағаздан жасалған раушан гүлдерімен безендірген екен. С.Қалиұлының  «Шырша» өлеңінен үзінді жаттау. Апайы өлеңді мәнерлеп оқиды. Безендіру сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. (Безендіру - әсемдеу). Өлең жолдарын балалармен бірге 2-3 рет қайталау. Өлеңді көңілді дауыс ырғағын келтіре отырып мәнерлеп сөздерін анық айту керек. Балалар дәптердегі шырша суретін бояп, безендіреді. Апайы балалардың іс-әрекетін бақылап, қалай бояу керектігін көрсетіп жүреді.

 

Жұмбақ шешеді.

Апайын тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Жаңа жыл туралы түсінік алады.

Балалардың пікірлерін тыңдау

Ойындарға қатысады.

Сергіту сәтін жасайды.

Өлеңді жаттап алады

Балалар кезекпен з мен ш дыбыстары кездесетін сөздер айтып жарысады.

 

Мысалы: аяз, шана, шырша, Аязата, Ақшақар, безендір, т.б .



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)