йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 06.11.15 ж
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 06.11.15 ж
Тобы : «Ақбота»
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі. Ойыншықтар айтысы»
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту.Ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтып үйрету.Ойыншықтарды күтіп ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: Дәптер, түрлі түсті қарындаштар.
Әдіс- тәсілдер:Көрсету, әңгімелеу, сұрақ жауап
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық
Балалар шаттық шеңберге тұрады:
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам
Ұқыпты осындай,
Болайықшы, досым-ай.
Шаттық шеңбер жасайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
Ғажайып қалтаға салынған ойыншық түрлерін алып келіп, балаларға тарату. Әрқайсысы алған ойыншықтарын сипаттайды.
-Бүгін ойыншықтар мерекесі.Қонаққа бізге мейірімді (Фея) Перизат келді. Мейірімді (Фея) Перизат балаларға сұрақ қояды.
-Өздерінің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар?
-Аю, доп, қоян, қуыршақтардың бәрін жалпы қалай атауға болады?
Сергіту сәтін жүргізу:
Біз ұқыпты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Кірлесе егер киіміз,
Өзіміз жуып аламыз
Едендегі шандарды
Шансорғышпен сорамыз.
Біздің қолда он саусақ ,
Барлық іске жарамды.
«Жақсы мен жаман » ойыны:
Балалар шеңберге отырып, допты лақтырып-қағып алу арқылы бір-біріне жақсы немесе жаман сөздер айтады. Жаман-ойыншықты жинамау.
Жақсы- ойыншықты жинау
Мақал- мәтел: Біз-әдепті ,сыпайы баламыз.
Ұқыпты бала-үлгілі бала.
Сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәтін жасайды.
Ойынға қатысады.
Мақалды жаттайды.
Рефлексивті-түзетушілік
-Балалар ойыншықтар неден жасалады?
-Олармен сендер не істейсіндер?
-Ойыншықтарды сындыруға бола ма?
Балалар жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ойыншықтардың түрлерін айыра білу керек.
Игереді: Ұқыптылыққы түсінік алады.
Меңгереді: Ойнайтын ойыншықтарын қалай ұстауды, жинауды.
Тәрбиеші: Каппасова Н.Б.
Тексерген: Ташмаганбетова Г.Б.
|