Тәрбиешінің іс-әрекеті
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Балалар, дөңгелен тұрып, шаттық шеңберін құрайық. Бір-бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық.
-Аяжан,сен әдемі қызсың.
Ұйымдастыру-іздестіру
Кіріспе әңгіме.Сәлеметсіздер ме! Қайырлы таң! Қайырлы күн!
-Сіздерді көргеніме қуаныштамын.
-Енді бір-бірімізге мақтау сөздер айтайық.
-Сен әдемісің, мейірімдісің, денің сау болсын, сен ақылдысың.
-Ал сендер үйлеріңде бір-бірлеріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?
-Мені үйдегі үлкендер «құлыншағым», «ақылдым менің» деп еркелетеді.
-Бір үйде қандай адамдар тұрады?
-Оларды атаңдар.
-Дұрыс айтасыңдар, осы адамдар отбасын құрайды. Олар-отбасы мүшелері. Сендер де отбасыларыңның бір мүшесісіңдер.
Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс. Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұны ашылады.
-Отбасы мүшелері қайда тұрады?
Олар қалай тұрады?
Сөздік жұмысын жүргізу.
Нағашы ата-анасының әкесі,әже-анасының анасы.
Немере-ұл-қыздарынан туған бала.
«Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.
-Балалар, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар.
Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды, бау-бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?
-Өздеріңнің аталарың туралы әңгімелеңдер.
-Өзі мейірімді, әрқашанда қатық-майы, ірімшігі, қант-кәмпиті дайын. Ол кім?
-Ал сендердің әжелерің қандай?
Тақтаға бір бағанға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші бағанға биік таудың, таудың етегіндегі бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреттері ілінеді. Тәрбиешінің көмегімен төмендегідей мақал құрастырады, мақалдың мағынасы ашылады.
Әке-асқар тау,
Ана-етегіндегі бұлақ,
Бала-жағасындағы құрақ.
1. Шытырман арқылы әжесінің үйіне баратын жолды бояу.
2. «Сыңарын тап» ойыны.
-Қайырлы таң, әкетайым, анашым!
-Қайырлы күн, асыл әжем, аташым!
-Бір үйде бір-біріне жақын адамдар тұрады.
-Атасы, әжесі, әкесі, анасы және олардың балалары.
-Отбасы мүшелері бірге, бір үйде тұрады.
-Отбасы мүшелері тату-тәтті тұрады.
-Ата
-Әже
Атам жылқы бағады. (Бір орында тұрып, шоқырақтап шабу).
Ағам пішен шабады. (Шалғымен шөп шапқан сияқты қимыл жасау).
Жеңгем сиыр сауады. (Отырып сиыр сауғандай қимыл жасау).
Әжем киіз қағады. (Киіз қаққандай қимыл жасау).
|