дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» (1-қосымша) мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жалпы білім беретін мектептегі арнайы сыныптар жұмысы ұзартылған күн тәртібінде ұйымдастырылады, яғни бұзылған қызметтерді еңсеру мен орнын толтыру және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайларды құру. Қажет болған жағдайда, ұзартылған күн тәртібіне жалпы білім беретін сыныптардың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары да қатыса алады.
Арнайы сыныптардағы оқу процесі бұзылыс түріне қарай мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға арналған үлгілік оқу жоспарымен және арнайы оқу бағдарламаларымен және ОӘК-мен реттеледі.
Жалпы сыныптарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламасы бойынша, арнайы оқу бағдарламаларымен, психологиялық – медициналық-педагогикалық консультациясынаың (бұдан әрі ПМПК) ұсыныстарына сәйкес жеке оқу жоспарымен және жеке оқу бағдарламаларымен оқуы мүмкін.
2017-2018 оқу жылында 1, 2, 5, 7 сыныптарының білім алушыларын оқыту жаңартылған білім мазмұнына кезеңдеп өту аясындағы ҚР МЖБС және ҮОЖ сәйкес іске асырылатынын ескерген жөн.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бейімдей алады. Ал сабақтар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуға жеке ықпалды қолдану арқылы жүргізіледі.
Білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім алу және қосымша білім беру қызметтерін алудағы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайлы жағдай құру қамтамасыз етіледі.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.
Оқытудың түзете-дамыту бағыттылығы жалпы білім беретін цикл пәндері, түзету пәндері аясында, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде іске асырылады.
|