дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

шегушілердің бойында липидтердің еркін-радикалды тотығу реакциясының жүруіне шылым шегудің әсері», биологияда – «Тірі ағзалардағы симметрия», «Тірі табиғаттағы көпжақтар» және басқалар.
4. Білім беру процесін ұйымдастыру түрлерінің бірі ретінде арнайы курстар, мазмұндары оқушыларға өздерін қызықтыратын салалар бойынша білім алуға немесе мектеп бағдарламасының жекелеген бөлімдерін тереңдете зерттеуге, өздерінің зерттеу жобаларын орындауға мүмкіндік беретін мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқу сабақтары жүйесін білдіреді.
Арнайы курстың ерекшелігі, оның мазмұнының негізін сабақтарда қарастырылмайтын, бірақ балалардың оқып білуі үшін түсінікті және қызықты тақырыптар құрайтыны болып табылады; ақпарат көзі ретінде мұғалімнің ауызша баяндай отырып жұмыс істеуін, проблемаларды өз бетінше ұғынуды, қосымша әдебиетпен белсенді жұмыс істеуді талап етеді.
Мектепте оқу процесін ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қала береді. Жекелеген сабақ аясында түрлері, әдістері мен тәсілдері саралау және даралауға бағытталғандығы және әртүрлілігімен ерекшеленуі тиіс. Оқушыларды өзіндік танымдық әрекеттерге, пікірталас, диалогтерге тартудың алуан түрлері, түрлі шығармашылық тапсырмалар, топтық жұмыс түрлері кеңінен таратылуы керек. Аталған жұмыс түрлері мен іс-әрекеттер түрлі практикумдарда, зерттеу сабақтарын жүргізуде және бейінді пәндерді оқу кезінде сыныпты шағын топтарға бөлу жағдайында зертханалық сабақтар өткізуде, семинар түріндегі жұмыстар аясында кеңінен қолдау табады.
Әрбір оқу пәні қолданылатын формалар, әдістер мен тәсілдерді анықтайды, мысалы химия бойынша «Мыс тауының ғажайып құпиясы» эксперименттік тапсырмаларды орындау, стандартты емес есептерді шешу, интеллектуалды-шығармашылық ойындар, экскурсоводтар мен журналистер ретінде экскурсияларда оқушылардың жұмысы және т.б.
Сабақтан тыс жұмыс түрлері мен әдістері арасында оқушылардың сабақтан тыс зерттеушілік жұмыс жүйесі, оқушыларды түрлі олимпиадаларға және конкурстарға қатысуға тарту, интеллектуалды марафон, сайыстар, мектептік ғылыми қоғамдар, кіші ғылым академиясы, үйірмелер, түрлі факультативтер дарынды оқушыларды анықтау және дамытуда кең мүмкіндіктерге ие.
Мамандандырылған білім беру ұйымы дарынды балалардың ғылым негіздерін, мәдениет, өнер, спорт, әскери істі терең меңгеруіне бағытталған, элиталық біліммен қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламасын жүзеге асырады. Алға қойылған мақсаттарға байланысты,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 шілдедегі №289 бұйрығымен бекітілген Мамандандырылған мектептері қызметтерінің үлгілік ережелерінде қосымша сағаттар анықталып, белгіленген. Атап айтқанда, саралап және жекелеп оқыту міндеттерін шешу, оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін әрбір бейіндік пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат есебінен қаражат, оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 0,25 ставка бөлінеді.
|