дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуда білім алушының құбылыстарды бүтіндей тұтас қабылдауын қалыптастыру үшін білім алушының келесі пәндерді зерделеудегі пәнаралық білімін кіріктіріп қолдану ұсынылады:

 

«Қазақ тілі», «Орыс тілі»:

 

− білім алушылардың сөздік қорын зайырлылық және дін саласына қатысты терминдермен толықтыру;

 

− ұлттық мәдениетке және басқа халықтардың рухани - мәдени қайнар көздеріне құрмет пен ашықтыққа тәрбиелеу.

 

«Әдебиет»:

 

- дін қайраткерлерінің шығармаларын -қосымша көркем әдебиеттерді зерделеу, олардың жұмыстарын қазіргі рухани құндылықтар мен зайырлылық тұрғысынан бағалауды іске асыру;

 

«Тарих»:

- зайырлылық пен діндердің пайда болуы, таралуы және даму процестерін тарихи негіздеу;

 

- қоғамдық қатынастарға тарихи талдау жасау арқылы адам мен қоғам өмінідегі зайырлылық пен діндер рөлінің мәнін түсіну;

 

«География»:

- діндердің таралуының тарихи-географиялық кеңістігін дұрыс анықтау.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқу нәтижесінде білім алушылар:

- ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды; - зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын; - мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас

 

мәнін; - діндер тарихы мен діни сенім ерекшеліктерін;

 

- қазақ мұсылмандығының танымдық ойларын;

 

- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

 

- Әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Яассауидің, Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын;

 

- республикадағы мемлекет, мәдениет және діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастың жайын;

 

- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың конфессияаралық келісімді, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты сақтау, елдегі және халықаралық қауымдастықтағы адамдардың шынайы діни сенімдеріне деген сыйластық көрсету саясатын;

 

- экстремистік, террористік, теріс сипаттағы ұйымдардың ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі.

 

Сонымен бірге білім алушылар :

 

- зайырлық, діни сана-сезім, діни сенім, діни тәжірибе, діни ой-сана ұғымдарының ара жігін ажырату,

 

- экстремистік, террористік сипаттағы діни топтар мен ағымдар идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитетін қалыптастыру;


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 72; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.008 с.)