дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Пән мазмұны біздің ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, Қазақстанның әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, оның әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсінуге, мүмкіндік береді.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
1) Қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдығы(1667-1764);
2) Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрестегі әйгілі батырларының бірі Тама Есет Көкіұлының 350 жылдығы (1667-1749);
3) Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл(1917-2017);
4) Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80 жыл
(1937-2017);
5) Белгілі қолбасшы, қазақ халқының батыры Қабанбай батыр Қожақұлұлының 325 жылдығы(1692-1770);
6) Бірінші ресми емес қазақ Конституциясына «Қазақ елінің Жарғысы»
105 жыл (1912-2017);
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл(1992-
2017);
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл
(1992-2017);
9) «Астана ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық мамандандырылған көрмесі(маусым-қыркүйек, 2017);
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
|