дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Оқыту келесі концептілердің (түсініктердің) негізінде құрылуы тиіс:
1) өзгеріс және сабақтастық(мысалы,белгілі тарихи кезеңде қоғамқаншалықты өзгеріске ұшырады)
2) себеп-салдар(мысалы,белгілі тарихи кезеңде қандай маңыздыфакторлар саяси үдерістерге әсер етті);
3) дәйек(белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар,наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);
4) ұқсастық пен айырмашылық(мысалы,XIII-XVғғ.Қазақстантерриториясындағы мемлекеттердің саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар);
5) маңыздылық(мысалы,Қазақ хандығының құрылуының тарихимаңызы неде);
6) интерпретация(мысалы,белгілі бір тарихи оқиғаны түрлізерттеушілер қалай сипаттайды).
Тарихи концептілер негізінде оқытудың қүтілетін нәтижелері:
1) «Өзгеріс пен сабақтастық»:
Білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдауы және бағалауы; сабақтастық пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер мен тақырыптарға дейін біріктіруі; тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіре білуі тиіс.
2) «Себеп және салдар»
Білім алушылар: бір немесе бірнеше себептердің және/немесе ықпалдардың өзара әрекеттесуін талдауы және бағалауы; ұқсастықтарды, себеп-салдарды, өзара байланысты көрсете отырып тарихи себептілікті түсінуі; тарихи құбылыс, оқиға немесе процесті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырудың әдістерін түсіндіре және бағалай білуі тиіс.
3) «Дәлел»:
Білім алушылар: қарастырылып отырған дәлелге қатысты: аудитория, мақсаттар, көзқарастар, формат, аргумент, шектеулер және контекст сынды тарихи айғақтың ерекшеліктерін талдауы; тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасауы; өткен заман туралы объективті түсінік қалыптастыру мақсатында түпнұсқалық және қосалқы деректерден әртүрлі, қарама-қайшы айғақтарды талдай білуі тиіс.
4) «Ұқсастық пен айырмашылық»
Білім алушылар : белгілі бір жерде, белгіленген бір уақыт кезеңінде және/немесе әртүрлі қоғамдарда, немесе бір қоғамның ішіндегі өзара байланысқан тарихи оқиғаларды салыстыруы тиіс.
5) «Маңыздылық»
Білім алушылар: қоғамның дамуы үшін тарихи оқиғаның, құбылыстың, процестің маңыздылығын анықтауы тиіс.
6) «Интерпретация»
Білім алушылар: белгілі бір тарихи оқиғаға, құбылысқа, процеске қатысты
|