дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

бағалайды; шығармадағы мәселеге өз ойын қосып әдеби эссе; сыни хабарлама жазып үйренеді.
Жалпы бағдарлама бойынша 5-сыныпта оқушылар бірнеше
шығармалармен танысады. Олар: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі;
«Қобыланды батыр» жыры; Асан қайғының «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы; Дулат Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас » өлеңі; Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» , «Атымтай Жомарт», «Дүние
қалай етсең табылады?» әңгімелері; Ахмет Байтұрсынұлының
«Егіннің
бастары» мысалы, «Адамдық
диқаншысы» өлеңі; Бердібек Соқпақбаевтың
«Менің атым Қожа» хикаяты; Марат
Қабанбайдың «Бауыр»
әңгімесі;
Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Анасын сағынған бала» әңгімесі;
Нұрдәулет
Ақыштың «Нағыз әже қайда?"
әңгімесі;
Джек Лондонның «Мексика ұлы»
әңгімесі.
7-сыныпта оқытылатын
көркем шығармалар тізімі: Қазтуған жырау
«Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»; Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры; «Қыз Жібек» жыры; Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»; Ш.Қанайұлы «Зар заман »; С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»; Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы»; М.Жұмабаев «Батыр Баян»; М.Әуезов «Көксерек»; Қ.Қайсенов «Жау тылында»; С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»; М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»; Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі; Т.Әбдіков «Қонақтар»; А.С.Пушкин «Ескерткіш».
Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген тізімге сай жүзеге асады.
|