дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

1-сыныпта оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

 

1-сыныпта оқу процесін ұйымдастыру – бастауыш білім беру деңгейінің ең күрделі және жауапты кезеңі.

 

1-сыныптарда оқытудың мақсаты – 6-7 жастағы балаларды буынмен оқу, тұтас сөздерді оқу, мәнерлі мазмұндау, жатқа айту қабілеттерін қалыптастыру, сауатты жазу қабілеттеріне дағдыландыру, байланыстыра сөйлеуін және т.б. дағдыларын дамыту болып табылады. Сондықтан , 1- сыныптықтардың танымдық қызметінің оң мотивациясын қалыптастыру ерекше маңызды болып саналады және оқу процесі қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға өту принципі бойынша құрылуы тиіс.

 

1-сыныптардың оқушыларына оқу жылының І жартыжылдығында баға қойылмайды, ынталандырудың басқа әдістері мен тәсілдері қолданылады. 1-сыныпта оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді.

 

Білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сағат 08.00-ден ерте басталмайды. «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына сәйкес 1-сыныпта балалардың оқу процесіне бейімделу кезеңін жеңілдету мақсатында оқу жүктемесі бірте-бірте ұлғайтылады, яғни оқу жүктемесін біртіндеп өсірудің «сатылы» сабақ кестесі қолданылады: қыркүйек айында 35 минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап 40 минут. Сабақтарды дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар жасау арқылы

 

өткізуге болады.

 

Оқу жылының барысында 1-сынып білім алушыларына ІІІ тоқсанда қосымша 1 апталық демалыс беріледі.

 

1-сыныптың сабақ кестесіне қосарланған сабақтар қойылмайды («Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығы).

 

Сабақ кестесіндегі үзілістердің ұзақтығы оқушылардың тамақтануы мен белсенді демалысын ескеруі қажет.


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 79; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.009 с.)