дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

проблеманы ұғыну тереңдігі, оның ойының бағдарлығы, жалпыадамзаттық құндылықтар басымдығының мазмұны, адамға және қоршаған әлемге сүйіспеншілік негізінде сабақта қойылған проблемаларды шешу жолдарын іздестіру басты назарда болады.
«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ Музыка
«Музыка» пәні адам өмірінің бөлігі ретінде, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде білім алушылардың музыкаға деген құндылықтық қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған.
«Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыка бойынша негізгі білімі мен біліктерін, музыкалық іс-әрекеттерінде шығармашылық пен өз ойын жеткізу және қарым-қатынас жасау тәсілдерін меңгеру, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
«Музыка» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады. «Музыка» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/ «есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.
«Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
|