дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

4.2 5, 7-СЫНЫПТАРДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Назар аударыңыз!

Мұғалімдер бір бөлім көлеміндегі тақырыптардың оқытылу ретін және әр тақырыпты оқытуға берілетін сағат санын өздерінің мүмкіндіктеріне қарай анықтай алады.
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ БІЛІМ САЛАСЫ Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған. Оқу 5, 7-сыныптарда оқу процесі «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, сағат саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
2) 7 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.
«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары туралы өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады және олардың жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған:
1) тыңдалым және айтылым;
2) оқылым;
3) жазылым;
4) әдеби тіл нормаларын сақтау.
«Қазақ тілі» пәнінің 5-сыныптағы базалық мазмұны бойынша білім алушылар:
1) тыңдалым және айтылым: тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды; негізгі ойды анықтайды; негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды; қыстырма, қаратпа, одағай сөздер арқылы өз ойын білдіре алады;
2) оқылым: мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді; лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы таниды; хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың
|