дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

тиісті тоқсанның аясында тараулар мен бөлімдерді оқытудың ретін өзі анықтауға құқылы. Мұғалімдер бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған тапсырмаларды құрастыра алады . Оқу бағдарламасы мұғалімдердің оқу мақсатын жиынтықта орындаған жағдайда оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына жетуге әкелетін бірнеше мақсаттарға бөлуіне мүмкіндік береді. Мұғалімдер тақырыпқа /оқу мақсатына берілген сағат санын өз бетімен анықтауларына болады. Бұл шешім оқу- әдістемелік бірлестігінің отырысында қабылдана алады. Жоспарлау кезінде мұғалімдер бекіту және қайталау сабақтарын ескерулері тиіс.
Оқу жоспарлары
Оқу бағдарламаларындағы пәндер бойынша оқу жоспарлары ұсыныс сипатында берілген. Оқу мақсаттарының жүйесі мен оқыту тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтарды өткізу, білім алушыларды сабақтарда ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілген, сондай-ақ оқыту ресурстары (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.) көрсетілген.
Әрбір оқу пәні бойынша мазмұнын жобалаудың принципі өзгерген: сызықтық принципі «шиыршық» принципіне ауысты, яғни білім мен біліктің бірте -бірте тігінен де, көлденеңінен де ұлғайюы (дағдылардың тақырыптар және сыныптар бойынша күрделенуі).
Осыған байланысты оқу бағдарламасының мазмұнын құрудың негізі болып табылатын оқу материалдарын шиыршық тәріздес орналастыру принципін, сондай-ақ, сыныптар мен тоқсандар бойынша ұсынылған пәнаралық ортақ тақырыптарды оқу арқылы материал мазмұнын құрылымдауды ескеру керек. Мысалы, 1-сыныпта, түрлі дереккөздерді зерттей отырып, оқушы «отбасы» түсінігінің мәнін түсінуі және түсіндіре алуы тиіс, туыстық байланыстар жүйесіндегі басқа да отбасы мүшелеріне қатысты өз орнын анықтай алуы тиіс. 2-сыныпта ол отбасылық мұрағат материалдарының негізінде отбасы мүшелерінің сөздік портретін құрайды.
Ұзақ мерзімді жоспарларда: білім беруді дамытудың жалпы принциптері (оны дамыту тұжырымдамасы); дамытудың басты бағыты және бағдарламалары; көзделген оқу мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін маңызды шаралардың мазмұны мен жүзеге асыру бірізділігі көрсетіледі. Ұзақ мерзімді жоспар бір оқу жылына арналған оқу мақсаттарын қамтиды.
Әдетте орта мерзімді жоспарлауды мұғалімдер тобы немесе бір мұғалім жүзеге асырады, олар оқу бағдарламасын сабақтардың топтамасы түрінде құрылымдайды. Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда анықталған бағдарларды нақтылайды. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген мерзімнің негізгі міндеттері тұжырымдалады. Мұнда әр тоқсанның немесе бөлімнің тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.
Қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын, орта мерзімді
|