дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

әдістермен сәйкестендіре отырып белсенді қолдану ұсынылады. Жобалық тақырыптар және шығармашылық тапсырмаларды (хабарлама, презентация, жобалар, коллаждар және т.б.) білім алушыларға алдын ала беру қажет.
Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет.
«Адам.Қоғам.Құқық» пәнінің мазмұны «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыруға сай болуы және қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын бекітуге: Отанымыздың патриоттарын, құқықтық, демократиялық мемлекеттің, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін, адамгершілігі мол, ұлттық сана сезімі тұрақты толерантты азаматтарын тәрбиелеуге бағыталуы тиіс.
Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау бойынша ұсынымдамалар.
Бітіру смтиханын өткізу формалары:
Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан билеттер бойынша жүргізіледі. Құрастырылатын билеттердің саны – 30; әр билетте 3 сұрақ болады , оның екі сұрағы– ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы курсының негізгі бөлімдері мен тақырыптарының теориялық материалдары бойынша, үшінші сұрақ – практикалық түрде беріледі (тарихи карталар, терминология бойынша жұмыс, тарихи тұлғаны сипаттау).
Ауызша емтиханда білім алушы дайындалу үшін кем дегенде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша жауап бермесе, комиссия оған екінші билет алуға мүмкіндік береді (бұл жағдайда жауап бір баллға кемиді).
Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мазмұнына қойылатын талаптар, бағалау өлшемдері:
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік бітіру емтихандарына емтихан материалдары ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленеді.
Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан билеттерінің құрылымы мен мазмұны:
1-2- сұрақтар ежелгі және орта ғасырдағы, жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы курсы материалдарын;
3-сұрақ -практикалық сипаттағы тапсырмаларды (тарихи карталар, термин сөздермен жұмыстар, тұлғаларға тарихи сипаттама ) қамтиды.

Әрқайсысы ең жоғары 10 балмен бағаланатын 1 және 2 сұрақтарды бағалауға қойылатын талаптар:
- базалық деңгейдегі жауапқа 1-6 балл;
- жоғары деңгейдегі жауапқа 7-10 балл. Базалық деңгей:
- Қазақстан тарихындағы негізгі фактілерді, құбылыстар мен процестерді білуі, тарихи оқиғаларды уақыт шеңберімен баяндай алуы.
Жоғары деңгей:
- қосымша тарихи, хронологиялық, картографиялық деректер негізінде қоғамдық-саяси жағдайды сипаттау, тарихи оқиғаларды талдау, жүйелеу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау;
|