дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Информатика пәнін оқытудың әдістемелік ерекшелігі қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың бойында бастапқы теориялық білім мазмұнын қалыптастыру болып табылады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10 -11-сыныптарға арналған информатика курсында есептерді шешу негізінде жүйелік және алгоритмдік ойлауды дамыту жалғасады , ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптардағы информатика курсының ерекшелігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тереңдете оқыту болып табылады.
«Математика және информатика» білім саласының пәндері бойынша білім сапасын жетілдіру мақсатында келесі педагогикалық тәсілдерді қолдану ұсынылады: саралап оқыту, іс-әрекеттік оқыту, жеке тұлғаға бағытталған оқыту, жүйелі оқыту.
Оқушылардың «Математика және информатика» білім саласының пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жобалық әдістерге баса назар аудару ұсынылады. Әр сыныптар бойынша жобалық іс-әрекетті оқытуға жеке сағаттар бөлінген. Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланыс жасайды. Жобалық іс-әрекеттерге тақырыптарды мұғалім өз қалауы бойынша өткен тараулардан алуына болады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперименттер жүргізу, жасаған жұмыстарын талдау және бағалау, сондай-ақ, өз жобаларын қорғай алу біліктерін дамытады.
2017-2018 оқу жылындағы 10-11 -сыныптарда «Математика және информатика» білім саласының пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының нормасы келесі кестеде берілген.
45-кесте – 10-11 сыныптарында «Математика және информатика» білім саласының пәндерінің оқу жүктемесі мен өткізілетін бақылау жұмыстарының нормасы.
Сынып
Пән
Аптадағы
Оқу
Бақылау
сағат
жылындағы
жұмыстарының
саны
сағат саны
нормасы
Алгебра және анализ
7-8
ЖМБ
бастамалары
Геометрия
5-6
Информатика
3-4
10 ҚГБ
Алгебра және анализ
5-6
бастамалары
Геометрия
3-4
Информатика
2-3
Алгебра және анализ
6-7
|