дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

таңдай алады. Зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау барысында (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде) сыныптың барлық оқушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Географиядан бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында көрсетілген және номерлермен белгіленген.

 

Пәндердің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам іс-әрекеті туралы білімді қамтиды. Сабақтарда экологиялық проблемаларды шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс.

 

Білім саласы пәндері курсын зерделеу кезінде оқушылар қоғамның, экономиканың және табиғаттың өзара байланысы туралы, Жерде тіршіліктің болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың қоршаған ортаға және тіршілік процестеріне әсері, зиянды факторлардың әсерінен тірі табиғатты қорғау шаралары , табиғи ортаны өзгертудің (сонымен қатар, оқушылардың өздері қатысатын жағдайларды қоса алғанда) апаттың салдары туралы нақты түсінік алулары тиіс. Оқушылар Жердің, материктің, елдің, өзінің туған өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысты жақсы түсінулері тиіс.

 

Оқушылардың жеке жобалық-зерттеу жұмыстарының үлгілік тақырыптары:

 

– Судың сапасын жақсарту жолдары.

– Жыралардың дамуын зерттеу.

– Өлкенің өнеркәсіптерінде таза технологияларды дамыту жобалары.

– Биогаз энергетикасы.

– Жергілікті жердің гидрографиясын зерттеу.

– Судың кермектігін анықтау.

 

– Сағызды зерттеу.

– Чипсыны зерттеу.

– Шайдың сапасын зерттеу.

– Сүттің сапасын зерттеу.

– Темекіні зерттеу.

– Сабынның сапасын зерттеу.

– Адамның еңбекке қабілеттілігіне музыканың әсерін зерделеу.

 

– Бөлме ауасының шаңмен ластануын зерттеу.

– Ағаштар мен бұталардың қабығын зерттеу.

– Адам денсаулығының атмосфераның жағдайына тәуелділігін зерделеу.

– Мектептегі жұмыс үстелдерінің жарықтануын зерттеу.

– Өз пәтеріндегі энергияны үнемдеу мүмкіндіктерін зерттеу.

Жалпы орта білім деңгейінде ғылыми-жаратылыстану циклінің пәндері (география, физика, химия және биология) үшін математикалық және ақпараттық сауаттылықты дамыту маңызды болып табылады. Ол ақпараттық құрылымдарды (сызбанұсқалар, кестелер) құрастыру және толтыру, ақпарат жинауды ұйымдастыру және оған талдау жасау, сызбалар құру және талдау, модельдеу әдістерін қолдану білігін қамтиды . Сонымен қатар проблемаларды талдауды, тапсырмаларды тұжырымдауды, мәтіндік шарттан формулаға,


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 67; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.007 с.)